Сабақтың тақырыбы: Адамзат болашағы. Б о 1



Дата26.05.2023
өлшемі19.17 Kb.
#474309
түріСабақ
Адамзат болашагы


Сабақтың тақырыбы: Адамзат болашағы .
БМ4. ОН4.1: Төзімді және белсенді жеке ұстанымды қалыптастыратын моральдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну.
Тобы: БК-205
Күні: 25.05.2023
Сабақ типі : теориялық
Болашақты болжау, не оны білуге тырысу адам баласының ежелгі арманы.
Ертеңгі күнім қандай, мені не күтіп тұр деп ойламайтын адам дүниеде жоқ. Табиғаттың, қоғамның заңдылықтарын түсінбеген кезде, адамдар әр нәрсеге сыйынуға мәжбүр болады. Осыдан кейін Айдың не Күннің тұтылуын, Жердің сілкінуін әлі болмаған, бірақ төніп келе жатқан қолайсыз жағдайлардың, қауіп-қатерлердің, қырғын-соғыс, не елге келетін оба ауруларының нышаны деп білген. Мұндай жағдайларда қазақтар тасаттық беріп, садақа жасап жататын. Ондай қиын кезеңдерде түрлі құмалақшылар, астрологтар не «көріпкелдер» көбейеді.
Діншілдер келешекте «ақыр заман» болады, о дүние алдында адамдардың атқарған істері таразыға салынып, күнәсі көптер тамұққа, күнәсі жоқтар жұмаққа барады деп уағыз айтады.
Әлеуметтанушылар жақын уақытты болжап, үкіметке кім келеді, оның саясаты қандай болмақ деген сұрауларға елдің пікірін аулап, болжам айтады, кейде сол болжам арқылы елді өзінің болжамына қарай икемдеп, итермелейді.
Ал, алыс болашақты болжау үшін футурология (болашақ, сөз, ілім) қолданылады. Қазіргі ғылымда болашақты болжаудың бірнеше әдістері қолданылуда.
Оған жататындар экстраполяция (латынша-extra- сырттай, poli- өзгерту, бастау). Экстраполяция – бір нәрсенің құбылысына қарап басқа нәрсені болжау, оның келешегін, даму жолын кесіп айту. Бұл әдіс көбіне талдауда, диагноз жасауда қолданылады. Мысалы, біз тәуелсіз мемлекет болып, даму жолын таңдағанда осы әдісті пайдаланып, әртүрлі экономикалық модельдерді салыстырдық. Дәл осы әдіске жақын тұрған тарихи аналогия әдісі.
Тарихи аналогия – грек тілінен – сәйкестік, ұқсастық деген сөздерден алынған. Бұл әдіс бойынша белгілі бір зерттелген, әбден анықталған құбылыстардың қасиетін, ұқсастығын негізге ала отырып, басқа зерттелмеген құбылыстарды болжайды. Мысалы, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030 стратегиясында» бұл әдісті пайдаланып, Қазақстанды Сингапур мен Малайзиямен салыстырады.
Компьютерлік модельдеу— объектіні белгілі үлгіге түсіріп, сол үлгіні зерттеу арқылы болар істі түсіну. Модель (француз және латын тілінен аударғанда өлшем, үлгі, мөлшер деген ұғымдардан туындаған) белгілі әлеуметтік арнайы жасалған құбылыстар. Белгілі бір модельсіз болашақты түсіну, оған ұмтылу, не басқа болжамға келу өте қиын. Модель біздің болашақ жөніндегі ойымызды нақтылайды, оның суреттерін, жобаларын, көкжиегін белгілейді.
Осы айтылған ғылыми әдістердің бәрінің басын біріктіретін жаңа әдіс ғылыми прогностика дүниеге келді. Оның ілгері дамуына электрондық есептеу техникасын қолданудың маңызы өте зор. Бұл техника шұғыл мерзім шығарып, даму бағытын пайымдайды, қажетті тұжырым жасайды.
Болашақта адамзат өркениетінің дамуы қандай болмасын, мейлі ол ғарыштық дәуір, компьютерлік немесе ақпараттық және т.б.болсын, мұның бәрі адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз қажет.

  1. Қазір бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіләлемдік мәселелер қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйренуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. күрделі мәселелер бар.

Осы мәселелердің бәрі адамзаттың қазіргі жағдайына, болашағына зор әсер етуде.
Әлем өзінің байлығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді рухани-практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бар. Олар –халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері айқын танылады. Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеуімен бірге, олардың озықтары одан әрі дамып, жаңғыра түседі, тозықтары қолданыстан қалып, ұмыт бола береді.
Үй тапсырмасы: 1. Дәрісті оқу.
2. Болашақты сен қалай елестетесің? (Сұраққа өз ойыңмен жауап бер)
Әдебиеттер тізімі
1. Кактаева Г.А. Филосоия негіздері. Оқулық, Астана: Фолиант, 2006. -180 бет.
2. Кішібеков.Д., Философия. Алматы: Карасай, 2011
3.Кішібеков Д. , Сыдықов Ұ. Философия Алматы, «Атамұра-Қазақстан», 1994. -344 бет.
4.Тұрғынбаев Ә.Х. . Философия Алматы: Білім, 2005, -304 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет