Дәріс Химия өнеркәсібі



бет1/7
Дата27.10.2022
өлшемі113.5 Kb.
#463489
  1   2   3   4   5   6   7
ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ 22.10.2022

Дәріс 7. Химия өнеркәсібі




Дәрістің жоспары:

  1. Күкіт қышқылын өндіру

  2. Минералды тыңайтқыштар өндіру

  3. Сода мен хлор өндіру

  4. Синтетикалық каучук және резина бұйымдарын өндіру



Дәрістің мақсаты: Химия өнеркәсібінің салалары,
Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларымен жан-жақтылы тансу.


Күкірт қышқылын алу технологиясы. Күкірт қышқылы - бұл күкірт ангидридінің сумен қоспасы (S0320 2 S04). Демек күкірт қышқылы өндірісіндегі маңызды процесс бұл күкірт ангидрін алу және оның сумен қоспасын жасау болып табылады. Осындағы басты қиындық- күкірт ангидрін алу, себебі күкірт және күкірт минералдарын күйдіру кезінде негізінен күкіртті ангидрид (S02) алынады. Осы күкіртті ангидридтің (S02) күкірт ангидридіне (S03) табиғи түрде айналуы өте баяу жүретін болғандыктан, осы әдісті өнеркәсіптік мақсатта пайдалану мүмкін емес нәрсе. Күкіртті ангидридтің тотығуын жылдамдату үшін арнаулы, реакцияны жылдамдататын бөгде заттарды пайдалану қажет болады,
Қазіргі кезде күкірт қышқылын алудың екі түрлі әдісі қолданылады; ол нитроздык және контактылық әдістер. Осы екі әдістің кең тарағаны- нитроздық әдісте, күкіртті ангидридтің тотығу процесіне азот тотықтары қатысады. Бұл процесс арнаулы мұнарда өтетін болғандықтан оны кейде мұнарлық әдіс деп атайды. Нитроздық әдіспен іске асырылу төмендегідей жүргізіледі; күкіртің қос тотығы (S02), су, ауа және азоттың қос тотығы іші қышқылға төзімді кірпіштермен қапталған, болаттан жасалған мұнараға енгізіледі. Осы кезде мұнда төмендегіндей реакция жүзеге асады; осындағы азоттын кос тотығы өзінің кұрамындағы оттегінің бір бөлігін күкіртті ангидридке береді, соның нәтижесінде, күкірт газы күкірт ангидридіне айналады.
S02+N02=S03+N0
Осы реакция нәтижесінде азоттың қос тотығы жай тотыққа айналады, осы жай тотық мұнарадағы ауамен әрекеттесіп қайтадан азоттың қос тотығына айналады, оның өзі алғашқы көрсетілген тізбек бойынша өзінің бойындағы оттегінің бір бөлігін күкіртті андидридке беріп, оның күкірт ангидридіне айналуына сабепші болады. Осылай күкірт газының тотығу процессі үздіксіз қайталанып отырады. Осы процесс нәтижесінде пайда болған күкірт ангидриді мұнараның үстінен бүркіп тұрған сумен әрекеттесіп, күкірт кышқылын түзеді. 75- 78%-дык күкірт қышқылының сулы ертіндісі, кептіріліп, нәтижесінде 98,5%-дык қышқыл алынады.
Күкірт қышқылын алудың контактылық әдісі ұсақталған платина немесе ванадийдің бес тотығын катализатор ретінде пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Катализатордың катысуы жағдайында күкіртті ангидрид ауаның құрамындағы оттегімен тотығып, күкірт ангидридіне айналады.
2S02+02=2S03

Осындай жолмен алынған күкірт ангидриді концентрлі күкірт қышқылы арқылы өткізіледі де қышқылмен сіңіріліп нәтижесінде түтіндеп тұратын, олеум деп аталатын 100%- дык күкірт қышкылы алынады. Қымбаттқа түсетін бұл әдіс мұнарлык әдіске қарағанда аз қолданылады. Күкірт қышқылының осы екі түрінен баска купорос майы деп аталатын 93%дык күкірт қышқылы алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет