БҚО, Орал қаласы
№ 22 ОЖББ мектебінің жоғары санатты
бастауыш сынып мұғалімі
Ш.Ж.Ихсанова
Сыныбы:3
Сабақтың тақырыбы: Ақыл мен Бақыт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Халық ауыз әдебиетінің өлмес мұрасы ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ақыл, қайрат, нұрлы жүректің мұқалмас мұрат екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: ой шақыра білуге, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ертегіні қорытындылауға, тірек сызбаның маңыздылығын таныту.
Тәрбиелігі: қазақ ертегілері, оның ерекшеліктері, түрлері жөнінде оқушы танымын кеңейту.
Техникалық құрал: магнитафон, күйтаспа
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері
Типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтан күтілетін нәтижелер
-
Ертегі мәтінін ұғыну.
-
Халық ауыз әдебиетіндегі жанр түрлерін ажырату.
-
Оқушы шығармашылығын дамыту.
Сабақтағы қолданылған стратегиялар
-
Ой шақыру
-
Сахналау
-
Мағынаны тану
-
Тірек сызбалармен жұмыс
-
Топтастыру
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сенде де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге де.
Оқушылар хормен айтады
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Осы тарауда қандай халықтың шығармашылығымен таныстық?
Халық шығармаларын былайша топтастырамыз.
Шешендік сөз
Өтірік өлең
Жұмбақ
Халық шығармалары
Жырлар
Мақал-мәтел
Ертегілер
Жаңылтпаш
Мұғалім. Ертегі қалай басталушы еді?
Оқушылар жауабы
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
А) Кіріспе әңгіме. Ертегі- халық ауыз әдебиетінің атадан балаға ауызекі сөйлеумен жеткен әдеби өнердің бірі.
Түрлері:
Ертегі
Тұрмыс-салт хайуанаттар жайлы
Қиял-ғажайып ертегілер
Шыншыл ертегілер
«Бұғышақ пен оның серігі» (ертегі)
Шығармашылық жұмыс. «Анашым ,алаңдама» атты шығарманы оқыту.
Компьютерден сұрақтарды тыңдатып, жауап алу.
-
Әке Бұғы Бұғышақтың сапарға шығуына неге алаңдады?
-
Бұғышақтың серігінің бойындағы қасиеттерді ата.
-
Әке Бұғы Бұғышақтың серігінің қай қасиетіне риза болды?
мейірбанды сақ
ақылды
Мықты
Ержүрек айлакер
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу. 27 беттегі екінші азат жолға дейін оқып, әрі қарай ойларын білу.
Іштей оқыту.Тізбектей оқу.
Сөздік жұмыс
Көзайымына айналу-қуанышты болу.
Суретпен жұмыс.
Пікірталас. «Ойлан – жауап бер!»
Сен ақыл, бақыт, байлық, өнер- білімнің қайсысын таңдар едің?
Адал еңбек етіп, көп ақша жинадың делік. Ол ақшаны қайда жұмсар едің? Берілген сұраққа өз ойларын білдіреді.
Шығармашылық жұмыс «Ақылды болу -бір бақыт» тақырыбында ойыңды жаз.
Қорытынды.
А) Адам ақылды, бақытты болу үшін не керек? Оқушылар стикерге ойларын жазады
Ә) Абай атамыз: «Адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген дана сөзі бар екен.
Достарыңызбен бөлісу: |