Мектеп:
|
Ы Алтынсарин ашжжббм
|
Мұғалім аты жөні
|
Мұғалім: Усенов Т
|
Математика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Күні
|
Сынып: 11 « »
|
Бөлім: 11.3А бөлім: Комплекс сандар
|
Сабақтың тақырыбы
|
Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері.
|
Оқу мақсаттары
|
11.1.2.1 - алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдану;
11.1.2.2 - алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда мәнінің заңдылығын қолдану;
11.1.2.3 - комплекс санның квадрат түбірін таба алу;
11.1.2.4 - квадрат теңдеулерді комплекс сандар жиынында шешу
|
Мектеп құндылықтары
|
Топтық, жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдылану.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта мүмкіндіктері
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
1 минут
|
Сабақтың басын ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. Оқушыларды топтарға бөлу.
|
|
Сабақтың басы
2 минут
|
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Өтілген материалды еске түсіру мақсатында комплекс сандарға қолданылатын амалдар тақырыбы бойынша сұрақ қоюды ұйымдастыру.
Сұрақтар ауызша түрде қойылады:
-Қомплекс сандарға қандай амалдар қолдануға болады?
-Комплекс сандарды қосу қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды азайту қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды көбейту қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды бөлу қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды бүтін дәрежеге шығару қалай жүзеге асады?
-Алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда мәнінің заңдылығы қандай?
-Комплекс сандар үшін квадрат түбірді қалай есептеуге болады?
-Квадрат теңдеулерді шешкенде дискриминант теріс болған жағдайда түбірлерін қалай табуға болады?
Оқушылардың жауабын тыңдау және талқылау. Оқушылармен бірлесіп бағалау критерийлерін құру.
|
Презентация
|
|