Сабақтың тақырыбы Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері



бет1/2
Дата19.02.2024
өлшемі169.47 Kb.
#492414
түріСабақ
  1   2
1 ҚМЖ Алгебра 11кл Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері





Мектеп:

Ы Алтынсарин ашжжббм

Мұғалім аты жөні

Мұғалім: Усенов Т

Математика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні

Сынып: 11 « »

Бөлім: 11.3А бөлім: Комплекс сандар

Сабақтың тақырыбы

Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері.

Оқу мақсаттары

11.1.2.1 - алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдану;
11.1.2.2 - алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда  мәнінің заңдылығын қолдану;
11.1.2.3 - комплекс санның квадрат түбірін таба алу;
11.1.2.4 - квадрат теңдеулерді комплекс сандар жиынында шешу

Мектеп құндылықтары

Топтық, жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдылану.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта мүмкіндіктері

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі
1 минут

Сабақтың басын ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. Оқушыларды топтарға бөлу.




Сабақтың басы
2 минут

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Өтілген материалды еске түсіру мақсатында комплекс сандарға қолданылатын амалдар тақырыбы бойынша сұрақ қоюды ұйымдастыру.
Сұрақтар ауызша түрде қойылады:
-Қомплекс сандарға қандай амалдар қолдануға болады?
-Комплекс сандарды қосу қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды азайту қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды көбейту қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды бөлу қалай жүзеге асады?
-Комплекс сандарды бүтін дәрежеге шығару қалай жүзеге асады?
-Алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда  мәнінің заңдылығы қандай?
-Комплекс сандар үшін квадрат түбірді қалай есептеуге болады?
-Квадрат теңдеулерді шешкенде дискриминант теріс болған жағдайда түбірлерін қалай табуға болады?
Оқушылардың жауабын тыңдау және талқылау. Оқушылармен бірлесіп бағалау критерийлерін құру.

Презентация



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет