Сабақтың тақырыбы: Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылығысы. Бағдарламалық оетс, Windows ож



Дата27.06.2016
өлшемі60.19 Kb.
#160804
түріСабақ
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат енгізу манипуляторы.

Басу құрылығысы.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Ақпаратты енгізу манипуляторымен таныстыру

( маус, трекбол, тәрте (джойстик), сканер).

Принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшеліктері мен принциптерімен таныстыру

2. Оқушылардың манипулятордың түрлері мен міндетін,

принтерлердің түрлері мен міндетін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Көрсете отырып, түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс

қойылатын талаптар: - манипулятордың түрлері мен міндетін;

- принтерлердің түрлері мен міндетін;

- принтерге шығаратын ақпараттың типін;

- принтерге жұмысының принциптерін Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі



II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
АҚПАРАТ ЕНГІЗУ МАНИПУЛЯТОРЫ
Маусманипулятор типті басқару құрылғысы. Маусты көлбеу жатқан кілемшенің бетінде жылжыту маус нұсқағашының экранда жылжуЫмен синхрондалғанын (үйлестірілген).

Маустың пернетақтадан айырмашылығы, маус стандартты басқару құралы емес. Ол арнайы жүйелік бағдарламаның - маустың драйверінің қолдауын қажет етеді. Маустың оң және сол жақ батырмасын тез басуды шерту деп атайды, бұл компьютердің жұмысын басқарады. Шертулерді талдап, драйвер оқиға (маус батырмасын басу), қай кезде болды және бұл кезде маус нұсқағашы экранның қай бөлігінде болғанын анықтайды. Бұл деректер пайдаланушы жұмыс істеп отырған қолданбалы бағдарламаға беріледі. Олар бойынша бағдарлама пайдаланушыға қажет командаларды анықтайды да, оны орындауға кіріседі. Әдеттегі маустан басқа да манипулятордың түрлері бір, мысалы: трекболдар, маустар, инфрақызыл маустар.



- Трекболдың маустан айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырады және оның шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі.Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерде қажет етпейді, сол себепті олар портативті компьютерлерде қолданылады.

- Пенмаус шарикті автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жазу мөлшерін тректейтін түйін (торап) орналастырылған.



- Инфарақызыл маустың әдеттегі маустан айырмашылығы –оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланысқан құрылғысы болуында. Компьютерлік ойындар үшін рычагты басу типті тәртелер (джойстиктер), джойпадтар, геймпадтар және штурвалды-педальді құрылғылар қолданылады.
2.2.13. Тапсырма. Анықтамасын жаз және суретін сал.

Анықтама тақырыпты оқулықтан оқығанда немесе мұғалімнің түсіндіруі кезінде есте көпке сақтап қалу үшін жазылады. Оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін, құрылғының «портретін» ерікті түрде салу ұсынылады.
Маус - бұл манипуляторлық типті енгізу құрылғысы,оның тегіс кілемше бетінде жылжу экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда тез жылжытуға (қозғалатуға) және объектілерді басқаруға арналған.

Терікбол - бұл маустың функцияларын орындайтын және портативты компьютерлерде қолданылатын құрылғы.

Джойстик(тәрте) - кішкене рычагты манипулятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.
Графикалық деректерді енгізу құрылғысы.

Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді, графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі де, бейне тану бағдарламалары оны өңдейді.



  • Планшетті сканелер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер материалдың бетінен шығалған жарық сәулесін белгілейді.

  • Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады. Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.

  • Барбандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғары сапалы сканерлеуге жетуге болады.

  • Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде котталған деректерді енгізуге арналған қол сканерінің бір түрі. Саудада қолданылады.

  • Формалар сканерлері «қолдан» толтырылған стандартты формалардан деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкета мәліметтерін өндеуде қажет болады. Сканерлеудің жоғары дәлдігі керек емес, тез әрекеттілігі - оның негізгі параметрі.

  • Графикалық планшеттер (дигитайзерлер) - көркемдік графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.

- Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.
БАСУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Принтерлер – басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.

- Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер түрінде шығарылады.

- Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.

Лазерлік принтерлердің жұмыс істеу принциптері:

- Түсетін деректерге сәйкес лазерлік бастиек жарық сезгіш барабанның сыртына түсетін жарық импульстарын жібереді.

- Кескіннің көлденең қашауы айнаның айналуы арқылы орындалады.

- Жарық импульсін алған барабанның бетінің жарық сезгіш учаскелері статикалық заряд алады.

- Айналғанда барабан бояйтын құраммен толтырылған контейнер арқылы өтеді, сонда тонер статикалық заряды бар учаскелерде бекиді.

- Барабан ары қарай айналғанда оның үсті қағаз бетіне тиеді, нәтижесінде тонер қағаз бетіне ауысады.

- Үстіне тонер түскен қағаз беті жылыту элементі арқылы тартылады, нәтижесінде тонер бөлшектері балқып бірігеді де, қағаз бетінде бекітіледі.

- Жарық диодты принтерлер. Жарық диодты принтерлердің жұмыс істеу принципі лазерлік принтерлер принципіне ұқсайды. Мұнда жарық көзі лазерлі бастиек емес, басатын қағаздың бүкіл ені бойы орналасқан жарық диодтар сызғышы болып табылады.Көлденең қашауды қалыптастыру механизмнің керегі жоқ және бұл конструкция қарапаайым, сенімді, арзан болады.

- Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Бояудың микротамшылары басу бастиегіндегі қысыммен шығарылады. Басу сапасы лазерлік принтерлерге қарағанда біршама төмен және ол тамшының көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді. Сия бүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады.
Принтер-ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы.
Қандай ақпараттары 1. мәтіндік

принтерге 2. графикалық

шығаруға болады? 3.кестелік

2.2.14.Тапсырма. Қай принтер қандай принцип бойынша жұмыс істейтінін бағдаршалармен көрсет.

Принтерлердің үш түрі болады. Оқушыларға принтерлердің жұмыс істеу принциптерін талдап, тапсырманы бекіту ретінде орындауы керек. Тапсырманы тақырыпты игеруін тексеру үшін пайдалануға болады.

Сия ағыны қағаздың қажет жеріне кішкене тесіктері арқылы тиеді.

Арнайы инелер бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.

Арнайы ұнтақ электр өрісінің әсерімен қағазға тартылады да, оған жоғары температурада жабысады.



матрицалық

лазерлік

Сия бүріккіш


2.2.15.Тапсырма(Ү).

Матрицалық принтерде әріптер мен сандар қалай басылуы мүмкін, соны сал.



Бұл шығармашылық тапсырма. Оқушыларға қандай символдар бейнелеу керек екенін нұсқауға болады және өз таңдауы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беруге де болады.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту

2.2.13, 2.2.14– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылығысы.

Оқу, қайталау ( манипулятордың түрлері мен міндетін;принтерлердің түрлері мен міндетін;

принтерге шығаратын ақпараттың типін; принтерге жұмысының принциптерін)



2.2.15 - тапсырма

2)Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет