Сабақ жоспары
Пәні: Информатика
Сыныбы___7__
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу,
сақтау. Графикалық редактордың сурет салу
құралдары
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға қарапайым графикалық редакторы туралы, оның
анықтамасын, салған суретті ашу, қалай сақтауды үйретіп, графикалық
редактордың 16 сурет салу құралдарына тоқталып, функционалдық
сауаттылығын дамыта отырып, жан – жақты білімдерін жетілдіру
2) Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа,
шабшаңдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
3) Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, компьютерлік сауаттылығын
жан – жақты дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, ізденіс, өзіндік
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, слайд, ВЕНН диаграммасы
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Білімді тексеру кезеңі
III. Мақсат қою кезеңі
IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
VI.Бекіту, бағалау кезеңі
VII.Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен амандасып, түгендеу
- оқушылар назарын сабаққа аудару
II.Білімді тексеру кезеңі
ВЕНН диаграммасы бойынша
Сұрақтары:
1)
-
Алгоритм дегеніміз не?
-
Пернетақтаның анықтамасын бер.
-
Операциялық жүйелердің түрлерін ата?
2)
-
Алгоритмнің атқарушыларын ата?
-
Информатика дегеніміз не?
-
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттерін және мүмкіндіктерін ата?
3)
-
Ақпарат дегеніміз не?
-
Вирусқа қарсы программаларды ата?
-
Алгоритм типтерін ата?
4)
Ақпараттың өлшем бірліктерін ата?
Компьютердің негізгі құрылғыларының монитор, пернетақта, тышқан орысша және ағылшынша аталуы ...
III. Мақсат қою кезеңі
- қарапайым графикалық редакторы туралы, оның анықтамасын, салған суретті
ашу, қалай сақтауды үйретіп, графикалық редактордың 16 сурет салу құралдарына
тоқталып, функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, жан – жақты білімдерін
жетілдіру
IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Редактор:
-
Құрал – саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
-
суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
-
суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
-
Бар графикалық объектілерді түзетуге;
-
Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.
Paint графиктік редакторы іске қосу:
Пуск – Программы – Стандартные – Графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.
СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және ол мынадай құрал-саймандары бар.
--суреттің ерікті аймағын белгілеу.
--суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу
--суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш
--тұйық контурды құю
--суреттен түс таңдау
--экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб
--жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш
--ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть
--түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш
--мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу
--түзу сызықтарды салуға арналған сызық
--қисық сызықтарды салуға арналған қисық
--тікбұрыш көпбұрыш және эллипс- қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құал-саймандар фигура дұрыс салынуы үшін мауысты жылжытқанда шифт нернесін басып ұстау керек
--салынған кескінді болдырмау үшін пернесін басу керек
ПАЛИТРА
Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады оң жақ батырмамен-фонның ал сол жақ батырмамен не
гізгі түсті дайындаймыз тікбұрыш көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты фон түсімен боялуы мүмкін палитраны өзгерту үшін оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек
СУРЕТ САЛУ ТӘСІЛДЕРІ
маустың сол жақ батырмасын басу арқылы ққрал таңдаймыз егер қажет болса сызықтар қалыңдығын оның конфигурациясын немесе қажет режімді мысалы эллипсты таңдаймыз маустың сол жақ батырмасын басып отырып сурет саламыз мәтінді енгізгенде алдымен жазу қаріп оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз
МЕНЮ
Меню алты пункттен тұрады оларды маустың батырмасын басу арқылы таңдауға болады менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады
Түзу сызық сызу
Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:
1.Линия батырмасын шертеміз
2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.
3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.
4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апараиыз.
5.Маустың батырмасын жібереміз
Төртбұрыштар мен квадраттар салу
Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.
1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.
2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау,2-жақтау,3-тек толтыру.
3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар
4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5. Маус батырмасын шертіңдер.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.
Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:
-
Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.
-
Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.
-
маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.
-
Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
-
маус батырмасын жіберіңдер.
Эллипс және шеңбер салу
Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:
-
Эллипс батырмасын шертіңдер.
-
Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.
-
маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.
-
маус батырмасын шертіңдер.
Қисық сызықтарды салу:
1.Кривая құралының батырмасын шертеміз
2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз
3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз
4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз
5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз
Көпбұрыштар салу:
1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз
2.Көпбұрыштың типн таңдаймыз
3.Бірінші сызықты саламыз
4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с.
Құю (Заливка) құралын пайдалану:
1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз
2.Түстер палитрасының түс таңдаймыз
3.Бояғымыз келетін тұйық контурдын ішін мауспен шертеміз
Бүріккіш құралын пайдалану:
1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.
2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыыыыз.
4.Бояуды бүркеміз.
Қылқаламмен сурет салу:
1.Кисть құралының батырмасын шертеміз.
2.Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.
3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.
4.Маус ннұссқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.
5.Маустың сол батырмасын басып тұрып,кистьті жылжытамыз.
6.Маус батырмасынжібереміз.
Өшіргіш құралын пайдалану:
1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.
2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.
3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.
4.Батырманы жібереміз.
Графикалық редактордың сурет салу құралдарының атқаратын қызметін табу:
Өшіргіш – Ластик - Elastic
Қылқалам – Кисточка - Brush
Бүріккіш – Пульверизатор - Sprayer
Көпбұрыштар – Многоугольник - Polygon
Қисық сызықтар – Кривая - Curve
Эллипс - эллипс - Ellipse
Түзу сызық – линия - Line
V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
А деңгейі практикалық тапсырма
1. Paint графикалық редакторын іске қос.
2. 16 құралды пайдалана отырып, компьютер құрылғыларының суретін сал.
3. Салынған суреттің тақырыбын жазып, суретті сақта: Файл – Сохранить
как... іс –әрекетін орында.
В деңгейі практикалық тапсырма
1.Paint графикалық редакторын іске қос.
2. 16 құралды пайдалана отырып, өзің оқитын мектептің суретін сал.
3. Салынған суреттің тақырыбын жазып, суретті сақта: Файл – Сохранить
как... іс –әрекетін орында.
С деңгейі практикалық тапсырма
1.Paint графикалық редакторын іске қос.
2. 16 құралды пайдалана отырып, жұмбақты шешіп, тапқан жауабыңның
суретін сал
а) Асты тас,үсті тас,
Ортасында піскен ас.
ә) Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді,
Ұстай қалсаң,
Сөйлеп кетеді.
D деңгейі ( шығармашылық )практикалық тапсырма
1. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қос.
2. Photoshop құралдарын пайдалана отырып, болашақтағы өзіңнің үйіңді сал.
3. Салынған суреттің тақырыбын жазып, суретті сақта: Файл – Сохранить
как... іс –әрекетін орында.
VI.Бекіту, бағалау кезеңі
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? ( Жауабы: МЫСЫҚ – Кошка - Cat)
Paint графикалық редакторының құрылғылары және компьютер құрылғыларының атауы мен қызметі бойынша жұмбақтарды шешу. Оны үш тілге аударып айту.
1. Із қалдырып үнемі,
Тұмсығымен жүреді. (Қарындаш) – Карандаш – Pencil
2. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (Монитор) – Монитор - Monitor
3. Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (Принтер) – Принтер - Printer
4. Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады. (Өшіргіш) – Ластик - Elastic
5. Дүниеге тұмсықсыз – ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. (Қарындаш) – Карандаш – Pencil
6. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (Процессор) – Процессор - Proseccor
7. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (Компьютер) – Компьютер - Computer
8. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның (Тышқан) – Мышка - Mouse
VII.Үйге тапсырма беру
1.Қарапайым графикалық редактордың артықшылығы мен кемшілігін табу.
2. Adobe Photoshop бағдарламасы бойынша мәлімет тауып келу
Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
Кепебұлақ ауылы
«Бөдеті орта мектебі»
Информатика пәнінің мұғалімі
Нурмалинова Алтынай
Достарыңызбен бөлісу: |