«Бекітемін»
_____________ ______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Қарудың материалдық бөлігі.
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовканың ұрыстық қасиеттерімен таныстыру.
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.
-
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
-
Атыстың қандай кезеңдері бар, олардың сипаттамалары қандай?
-
Оқ қозғалысының бастапқы жылдамдығы неліктен қарудың маңызды ұрыстық сипаттамасының бірі боп саналады?
-
Атыс серіппесі дегеніміз не және ол атыс нәтижесіне қалай әсер етеді?
-
Оқ ауаға ұшқанда оған қандай күштер әсер етеді?
-
Түзу атудың практикалық мәні туралы айтыңдар?
-
Нысана орны, көздеу және көтерілу бұрыштарының арасында қандай байланыс бар?
-
Лақтыру, көтерілу және ұшу бұрыштарының арасында қандай байланыс бар?
б) Негізгі бөлім – 22 мин.
.Қарудың материалдық бөлігі.
ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасының жалпы құрылымы, ұрыстық қасиеті, тағайындалуы.
Тула қару-жарақ зауытының ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасы атқыштарды алғашқы атуға үйрету және жаттықтыруға арналған.
Винтовканвң ұрыстық қасиеттері: калибрі – 5,6мм; салмағы – 3,12кг; оқтың бастапқы жылдамдығы – 310м/сек; ату жылдамдығы минутына – 10-12рет; көздеу қашықтығы – 250м; оқтың алысқа ұшу қашықтығы – 1200-1600м; оқтың қиратқыш күші – 800м-ге дейін.
ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасы
Винтовканы бөлшектеу және жинастыру.
Винтовканы бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін. Винтовканы толық бөлшектеу жөндеу немесе реттеу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Басқа кездердің барлығында толық емес бөлшектеу жүргізіледі
Винтовканы атысқа даярлау оның атыс кезінде тоқтаусыз әрекетін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Оған винтовканы бөлшектенген күйде қарау, тазалау және майлау жатады.
Винтовканы жиналған түрде қарау кезінде бекітпе нөмірі ұңғы қорапшасының нөмірімен сәйкес келуіне, қарауылдың майыспауына, қарауыл негізіне қарауыл тысының мықтап ұсталынып тұруына, қамыттың қадамға жылжымалы түрде орналасуына және берілген тәртіпте ілмекпен нық ұсталуына, көздеуіш ойығында шалыстар мен қабыршақтардың жоқтығына және т.б. басты назарды аудару қажет. Винтовкадан табылған ақаулар дереу жөнделуі тиіс. Ату алдында оқтық пен ұңғы арнасын құрғатып тазалау қажет.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасы неге арналған?
-
ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасының негізгі бөліктері мен механизмдерін атаңдар.
-
ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасын атуға даярлау туралы айтып беріңдер.
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
Достарыңызбен бөлісу: |