Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Қосбергенова
Күні : 20.12.2012 жыл
Сыныбы : 2
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов « Құлақ пен тымақ».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып,өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру,талдау,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді,ынталы оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,сыпайы,әдепті-арлы болуға,кішіпейіл болуға , адал достыққа ,мейірімділікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Өз ойларын ,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Әдіс – тәсілдері: қызығушылығын ояту,проблемалық,салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,іздену, талдау,ой қозғау,топпен жұмыс,өзіндік жұмыс
Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену,зерттеу
Сабақ типі:Жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка,математика,өзін-өзі тану
Көрнекілігі: Асқар Тоқмағамбетовтың шығармалары,кестелер,геометриялық пішіндер,қыс көрінісі
Қажетті құралдар:интерактивті тақта,үнтаспа
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қызығушылығын ояту. Үнтаспадан күлкі естіледі.
Ал балалар күлкі естігенде кім есімізге түседі?
Алдаркөсенің өлеңі
Мен Алдармын,Алдармын
Тура жолды таңдармын
Керегі жоқ паңдардың
Жылуы жоқ жандардың
Адалдарды аңдармын
Арамдарды алдармын
Алдаркөсе кім ,ол жайында не білдіңдер?
II.Үй тапсырмасын сұрау
«Алдаркөсе мен салт атты»
Мазмұндау
Орталықтарға тапсырма
Зерттеу орталығы Алдакөсе кім ? Өмірде болған ба? «Алдаркөсе» деген не мағынаны береді? Алдаркөсенің атында не бар?
Өнер орталығы . Ертегіні сахналау
Жазу орталығы . Кесте толтыру
Алдаркөсе
|
Бай
|
Ақылды ,айлакер,зерделі қу,қарапайым халыққа жаны ашыды,мұратына жетіп отырды,тапқыр,сөзге шешен
|
Сараң,өзімшіл,арам,әділетсіз ,халыққа озбырлық көрсетті
|
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,батыр болсаң жауға найзаң тисін! Әйтеке би
Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар:бірі-өз айтқан сөзіңді өзің орындау,екіншісі-әділдікті нұқсан келтірмеу,Үшіншісі-қайырымдылықты есіңе ұстау,ұмытпау
Осы қасиеттердің барлығы кімнің бойында болды?
Жыл мезгілдерінің суреті
Көктем-көңілді
Жаз –жайдары
Күз-көңілсіз
Қыс-қатал
Адамның көңіл -күйінің жыл мезгілдерімен байланысы.Көңілді,көңілсіз.
III..Жаңа сабаққа кіріспе
Үнтаспа «Қыз мезгіліндегі ауа-райы»
- Не тыңдап,не сезіндіңдер ?
-Қыс мезгілі
Қыста адамдар қалай киінеді?
Байдың киіміне назар аудару Мултьфильмнен үзінді.
Оқулыққа назар аудару
Жаңылтпашты айту
Қыста құлағым үсіп кеті,
Үсіп,ісіп кетті.
-Құлағың үсімес үшін не істеу керек?
«Сиқырлы сандар» топпен жұмыс.Жаңа сабақтың тақырыбын шығару
Құлақ пен тымақ..
Мысал
IV. Жаңа сабақ . Құлақ пен тымақ . А.Тоқмағанбетов.
Күн ретін,тақырыпты жазу.
«Болжау» стретегиясы
«Құлақ пен тымақ» ойларыңа не келді,не туралы болуы мүмкін?
Оқушы жауаптарын тыңдау
Бұл-мысал өлең.
Мысал өлең деген не? ?
Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып , ой- пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.
Енді сендер менен не білгілерің келеді?
Оқушылар сұрақтар қояды.
1.Кім жазды?
2.Не туралы?
3.Қай жанрда жазылған?
4. Тымақ қандай болады?
1.Автор жайлы мағлұмат
Асқар Тоқмағамбетов (19.9.1905, Қызылорда обл., Терең өзек ауданы, бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар — 21.8. 1983, Қызылорда қ.) — ақын, жазушы.
1932 жылы Москва полиграфия институтын бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») (1927–30), «Ленин жолы» (Қызылорда, 1933—34), «Қазақ әдебиеті» (1934–35), «Социалистік Қазақстан» (қа-зіргі «Егемен Қазақстан») (1937–1944) газеттерінде, «Ара» журналында қызмет істеді.
Тоқтағамбетов казак әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.
Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген казак ақындары туралы «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи романның авторы. Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы «Күлкі-сықақ» 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарий де жазды. С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды (1953). 1-дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
2. Тымақ– мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт, т.б. матамен тысталады
3.Оқулықпен жұмыс
1. «Құлақ пен тымақ» Мысалды оқу
2 Мысал өлеңді талдау
3.Тізбектей оқыту
4.Ролге бөліп оқыту
5.Сұрақтар қою
-Мысал не туралы айтылған?
-Мысалдан жылдың қай мезгілі екенін білуге болады?
-Тымақ құлақтан не сұрады?
- Құлақ тымаққа не деді?
-«Сұлуынан жылуы» дегенді қалай түсіндіңдер?
-Қысқы киімдерді атау
4.Дәптермен жұмыс
Құлақ
|
Тымақ
|
Мінеді,сынады ,мазақ етті
Күлді,кешірім сұрады,қатесін түсінді
|
Көрінбей кеткенін сұрады, «сұлуынан жылуы»- деді,қыста туылғанын айтты
|
Ой қозғау. Тымақтың орнында болсаң не істер едің?
V.Бекіту
1-топ Аққала құрастыру. Адам бойындағы жағымды қасиеттер
2-топ. Шырша құрастыру Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
3-топ. Қар түйіршіктері Мақал-мәтелдер
Бір шумақ өлең құрастыру .Ауызша
Қар жауды алақай!
Аққала жасаймыз
Жасыл шырша жанында.
Билеп,өлең айтамыз
2.Семантикалық картаны толтыру.
Өлеңнің аты
|
Авторы
|
Кейіпкерлер
|
Шығарманың түрі
|
Құлақ
|
Тымақ
|
Мысалдан қандай ой түйдің?
|
Құлақ пен тымақ
|
А.Тоқмағанбетов
|
Құлақ тымақ
|
Мысал
|
Қатесін түсінді
|
Кешіре білді
|
|
Дәйексөз
Балалардың жауаптарын түйіндеу
Адамдар абайсызда бірін – бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым – қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді келісім дейді
Жаңа ақпарат
Баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан бапаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады. Ертеде шала туған сәбиді «тымаққа салып қырқынан шығаратын» ғұрып болған. Шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн бойы керегенің әр басына ілініп қойылады дейді, есеп кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған бапаның рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» — бітімге шақырудың ең үлкен жолы. Бұл да тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі.
VI. Қорытындылау
«Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет ».
VII. Үйге тапсырма: Мысалды мәнерлеп оқу.Мақал-мәтел жазу
Оқушыларды бағалау
Татуласу
А.Оразақын
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, қане соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік.
№106 орта мектебі
Аудандық семинарда өткізілген сабақ
Сабақтың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ».
Асқар Тоқмағамбетов
Сыныбы : 2
Пәні: Ана тілі
Күні : 20.12.2012 жыл
Нұрмаханова Гүлжанат
Достарыңызбен бөлісу: |