Сабақтың тақырыбы: «Атажұрт» бағдарламасы Сабақтың мақсаты : Білімділігі : Оқушыларды Қазақстан және дүниежүзі



Дата30.06.2016
өлшемі40.6 Kb.
#168320
түріСабақ
Күні : 21.11.2008ж.

Пәні : География

Cыныбы : 10 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Атажұрт» бағдарламасы

Сабақтың мақсаты : Білімділігі : Оқушыларды Қазақстан және дүниежүзі

туралы білімдерін арттыру.



Дамытушылығы : Оқушылардың ой-өрісін,сана

сезімін және шығармашылық

қабілетін арттыру, қызығушылығын

ояту.


Тәрбиелігі : Оқушыларды табиғи қорықтар мен

табиғи байлықтарды қорғауға және

Отансүйгіштікке баулу.


Сабақ барысы :

Ұйымдастыру кезеңі :

«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағында, сынып ІІ топқа бөлінеді

І –ші топ «Байтерек» ІІ-ші топ «Эверест» деп ат қойылды. Сабақ мынадай кезеңдерден тұрады :



  1. Таныстыру ;

  2. Сұрақтарға жауап беру;

  3. Жер көлемі жағынан үлкеннен кішісіне қарай және кішісінен үлкеніне қарай құрастыру;

  4. Сұрақтарға жауап беру арқылы санмен картадан көрсету;

  5. Тарихи-географиялық сұрақтарға жауап беру ;

  6. Кім көп сөз құрастырады ойыны ;

  7. Жеңген ойыншылар жеңілген ойыншыларға қолқа салады?

1.Таныстыру кезеңі :

2.Сұрақтарға жауап беру.

І –ші Топ басшыларына сұрақ .

І-ші топ сұрағы.


  1. Шардара су бөгені қай өзенде орналасқан ? (Сырдария)

  2. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хан Тәңірі)

  3. Республикамызда өндірілетін мұнай қоры (32 млн.т.).

  4. Астық дақылды көп жинайтын ел (Қытай)

  5. Ливингтон кім ? (саяхатшы)

  6. Картопты көп өсіретін ел (Польша)

  7. Мұнайды көп өндіретін ел (Сауд Арабия)

  8. Лабрадор (түбек)

  9. Ең үлкен қала (Токио)

  10. Табиғи газды көп өндіретін ел (Ресей)

  11. Емен қанша жыл жасайды (2000)

  12. Қант қызылшасын көп өндіретін ел (Украина)

  13. Индонезияның ең үлкен аралы (Калимантан)

  14. Ең үлкен түбек (Арабия)

  15. Қай мемлекетке жыл мезгілінің өзгеруі болмайды (Индонезия)

ІІ –ші топ сұрағы.




  1. Реликті көлдер (Каспий,Арал,Балқаш,Алакөл).

  2. Атом электр станциясы қай қалада орналасқан? (Ақтау)

  3. Ұлттық табысы көп ел (АҚШ)

  4. Анхель (сарқырама)

  5. Шетелдік Азиядағы ең үлкен порт (Сингапур)

  6. Ең терең шұңғыма (Мариан)

  7. Магеллан (Теңізде жүзуші)

  8. Ең көп тараған дін (христиан)

  9. Ирактың ұлттық тағамы (құрма)

  10. Индонезияның жүрегі (Ява аралы)

  11. Шайдың отаны (Қытай)

  12. Азия таулы мемлекет (Ауғанстан)

  13. Жер бетіндегі ылғал ең көп түсетін жер (Черапунджи)

  14. Сырдария өзенінің бастауы (Тянь-Шань)

  15. Памир тауындағы мемлекет (Тәжікстан)

3.Қазақстан жерінің көлемі жөнінен 9-шы орынды алады?

І-ші топ үлкеннен кішіге қарай реттік санмен қойып орналастырып шығады.

1-ші .Ресей, 2-ші Канада, 3-ші Қытай, 4-ші АҚШ, 5-ші Бразилия, 6-шы Аустралия, 7-ші Үндістан, 8-ші Аргентина ,9-шы Қазақстан.


ІІ –ші топ жер көлемі кішісінен үлкеніне қарай орналастырады.

1-ші Қазақстан, 2-ші Аргентина, 3-ші Үндістан , 4-ші Аустралия, 5-ші Бразилия,6-шы АҚШ, 7-ші Қытай,8-ші Канада , 9-шы Ресей .


4-ші сұрақтарға жауап беру арқылы карта құрастыру.

І-ші топ


Халқының санының көптігінен 7-і мемлекетті санмен рет-ретімен қойып шығу ;

1.Қытай,2.Үндістан,3.АҚШ,4. Индонезия,5. Бразилия,6 . Ресей,7. Жапония.


ІІ-ші топ

Дамыған мемлекеттерді картадан көрсету;

1. АҚШ , 2. Ұлыбритания, 3. Германия, 4. Канада 5. Жапония 6.Франция, 7 . Италия .

5- ші Тарихи-географиялық сұрақтар:

І –ші топ сұрақтары :


  1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ең ежелгі қаласы (Орал)

  2. Балқаш көліне құятын өзен (Іле)

  3. Батыс Қазақстан облысындағы кеме шығаратын зауыт (Зенит)

  4. Аккумлятор зауыты қай қалада орналасқан ? (Талдықорған)

  5. Ертіс өзені бойында қандай СЭС-салынған.

ІІ –ші топ сұрақтары :



  1. Маңғыстау облысындағы қорық (Үстірт)

  2. Трактор жасау зауыты қай қалада орналасқан (Павлодар)

  3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ең үлкен қаласы (Ақтөбе)

  4. Алматы облысындағы қорық (Алматы)

  5. Қазақстанда қанша ұлт пен ұлыс бар (131ұлт пен ұлыс бар)

6-шы « Кім көп сөз құрастырады » ойыны .

Алдарыңызға берілген сөздерге тарихи-географиялық атауларды жазып шығу

І-ші топ

Жаратылыстану ;

ІІ-ші топ



Гуманитарлық ;

7-ші жеңген ойыншылар жеңілген ойыншыға қолқа салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет