Кәсіби қазақ тілі 203 топ
Мерзімі 14.04.21.
Тақырыбы Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттаңыз
|
Таусылмас ғылым, теңіз, шалқып жатқан,
Өмір бойы оқысаң бір таусылмай,
Қиындығы қинайды жанға батқан.
Білімге қарсы тұрар қандай күш бар,
Бас иер талай мырза кеуде қаққан...
Оқу малды таңдамас, зейін таңдар... .
С.Торайғыров
|
Сұрақтарға жауап беріңіз.
|
1. Студенттің алғашқы ғылыми жұмысы неден басталады?
2. Сіз реферат жаздыңыз ба?
3. Қандай әдебиеттер қолдандыңыз?
4. Керекті әдеби материалдарды қайдан іздеуге болады?
5. Сіз ғалым болғыңыз келе ма?
6. Өмірін ғылымға бағыштаған адамдар туралы не ойлайсыз?
|
Етістіктернен сөйлем құрастырыңыз.
|
Зерттеу, шұғылдану, арнау, бағалау, қорғау, қабілетті болу, негіздеу, іздену, дамыту, қорыту, байыту, жоспарлау.
|
Керекті көмешкі етістіктерді қойыңыздар
|
Көмекші етістіктер: бол, баста, кел, қор, кет.
1. Асқар Астанадағы студенттер конференциясына қатысып ... .
2. Сәуленің ғылыми жетекшісі : әдебиетті катологтан ізденуді үйреніп ... , - деді.
3. Студент баяндаманы дайындап... .
4. Ғылыми жұмысты оқып, талдап ... .
5. Олар мәтінді аударып ... .
6. Ғалымдар диссертацияны тыңдап ... .
7. Абайдың өлеңдері қайтадан басылып шыға ... .
8. Ғалым болам десең, ізденіп ... .
9. Ш.Уәлиханов көптеген ғылыми еңбектерін келер ұрпаққа тастап ... .
|
Сөз тіркестерін пайдаланып сұхбат құрыңыз.
|
Ғылыми-техникалық революция
Ғылыми- техникалық прогресс
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Ғылыми баяндама
Ғылыми хабар
Ғылыми – практикалық конференция
Мәселені -------------- тексеру, зерттеу
Сұрақты -------------- тексеру, зерттеу
Тақырыпты ------------ тексеру, зерттеу
Деректі ------------- тексеру, зерттеу
Заңдылықты------------ тексеру, зерттеу
Ғылымға ------------------ бағыттау
Ғылымға ------------------ бағыштау( арнау)
Жүйелі жұмыс істей білу
Өз уақытын дұрыс пайдалана білу
Нәтижелі болу
Зерттеу нәтижесіне сын көзбен қарау
Өз бетімен шешім қабылдай білу
Өз пікірін айту
Дискуссияға қатысу (пікірталас)
Зерттеу бойынша
|
. Информативті (конспект-реферат) рефераттар бастапқы құжаттың немесе тұпнұсқаның барлық негізгі мазмұнын жалпылама түрде қамтиды. Олар: материалдар, зерттеу әдістемесі туралы мәліметтер, маңызды дәлелдемелердің қолдану аясы т.б.
Индикативты (сілтеуіш немесе резюме-реферат) рефераттар құжаттың барлық мазмұнын емес, тек тақырыпқа байланысты негізгі жағдайларды ғана қамтиды.
Құрылымдық жағынан реферат бастапқы құжат туралы ақпарат беретін библиографиядық сипаттамадан, реферат мәтінінен тұрады. Реферат мәтініне, мынадай мәліметтер енеді: тақырыбы, өзектілігі, нысаны, мақсаты мен мазмұны, зерттеу әдістері, қолданылу аясы, нақты нәтижелері мен тұжырымдары, болжамдар.
Тапсырма. Ғылыми жетекші мен студент арасындағы сұхбатты оқып, оқытушы қандай кеңес бергенін, қандай кеңес бергенін, қандай ескерту жасағанын анықтаңыз.
Не білдім?
Не білгім келеді?
Не білмедім?
Достарыңызбен бөлісу: |