Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік
құрылымдары
Сабақтың мақсаты:
а) оқыту: XV - XVIII ғғ.Қазақ мемлекеттілігі, мемлекет нышандары, қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін және салықтар мен міндеткерліктер туралы түсінік беру, Тәуке ханның «Жеті жарғысын» оқыту;
ә) тәрбиелеу: Оқушыларды туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке , еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу
в) дамыту: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, суреттер, слайдтар,
үлестірмелі қағаздар
Сабақ түрі: зерттеушілік, шығармашылық сабақ
Сабақ әдісі: сыныпты 2 топқа бөлу, салыстыру, сұрақ- жауап, сәйкестендіру
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Сыныппен сәлемдесу;
-
Кезекші мәлімдемесі;
-
Оқушыларды түгендеп жаңа сабақ өтуге дайындық жасау
-
Оқушыларды 2 – топқа бөлу: І топ «Тәуке хан», ІІ топ «Қасым хан»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-
Ізденіс түбі – нәтиже /зерттеушілік тапсырма/
«Қазақ хандары ұстанған саясаттың негізгі бағыттары»
-
«Ғажайып тоғыздық»
Сұрақтары:
Жылдар:
-
Шығай хан қай жылы қаза тапты? /1582/
-
Есім ханның ойраттарға соққы беруі? /1620/
-
Тәуке ханның билік еткен жылдары? /1680 – 1715 /1718/
Тұлғалар:
-
Хақназар хан өлгеннен кейін кім хан болды? /Шығай сұлтан/
-
1628 ж Ташкент түбінде болған шайқас кімдердің арасында болды ?
/Есім мен Тұрсын
-
Жәңгірге көмекке келген Самарқанд билеушісі /Жалаңтөс/
Оқиғалар:
-
Шығай хан Бұхара билеушісі Абдаллахпен бірігіп кіммен соғысады ?
/Ташкент билеушісі Баба сұлтан/
-
1643 ж Қазастан мен Орта Азияға жорық жасаған жоңғар қоңтайшысы?
/Батур/
-
1643 ж жоңғардың 50 мың әскерін Жәңгір хан қалай жеңді?
/жер жағдайын пайдаланды/
ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
.
Жұптық тапсырмалар /Оқушы деңгейіне қарай/
І топ «Тәуке хан» тобына ІІ топ «Қасым хан» тобына
-
Бұхара халық дегеніміз кімдер? Дінбасылар дегеніміз кімдер?
-
Төлеңгіттер және олардың міндеттері Сұлтандар және олардың міндеттері
-
«Би» сөзіне топтастыру жаса «Хан» сөзіне топтастыру жаса
Достарыңызбен бөлісу: |