Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет32/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Зат есімнің тәуелденуі
Тәуелдік жалғауы- зат есімнің тәуелдік категориясының қосымшасы.
Белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдік категориясы деп аталады. Бұл категория қазақ тілінде үш түрлі тәсіл арқылы жасалады.
1. Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл. Бұл тәсіл біз, сіз есімдеріне ілік септік қосымшасын жалғап, оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді кейбір қосымшасыз-ақ тіркестіру арқылы жасалады. Біздің үй, біздің ел, бала, шелек, ауыл, сіздің мектеп, кітіпхана, аудан т.б.
2. Аралас тәсіл морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсілдің түйісуінен туындайтын, ондағы компоненттер де бірі анықтаушы, екіншісі анықталушы болып тіркеседі. Бірақ бұл тәсіл бұрынғы компонентінің тек есімдіктер ғана емес, басқа есімдерден де бола беретіндігі, соңғы компонентінің үнемі тәуелдік жалғауы таза синтаксистік тәсілден басқалау болады. Біздің үйіміз, олардың балалары, совхоздың есепшісі.
3. Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдік категориясы үш түрлі қосымша арқылы жасалады. а) –лық//-лік (-дық//-дік, -тық//-тік) жұрнағы. Шымкенттік, Жетісулық, Егемендік. Бұл қосымша зат есім түбірге жалғанғанда адамның жеке басының, бір өлкеге тән екендігін білдіреді.
ә) –нікі (-дікі//-тікі) жұрнағы арқылы Шымкенттікі, Омардікі, сіздікі, біреудікі, әкемдікі, совхоздікі, мынанікі т.б. Бұл жұрнақтың көмектес жалғауы тәрізді жуан варианты жоқ. Жуан сөзге де, жіңішке сөзге де жіңішке түрде жалғанады. Парк халықтікі, машина кеңсенікі т.б.
б) тәуелдік жалғаулары арқылы. Қағаз-ым, қалам-ы, мектеб-ің, қала-мыз т.б.
Қазақ тіліндегі сөзге тәуелдік мағына үстейтін арнаулы қосымшалар тәуелдік жалғауы деп аталады. Бұл жалғаудағы сөз ілік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Тәуелдік жалғау үш жақта, жекеше, көпше; 2-жақта анайы, сыпайы түрде қолданылады. Бұл жалғау зат есімге тән қосымша бола тұрса да, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Еріншектің ертеңі біпес (мақал). Төртеуі де орындарынан секіре тұрысты (М.Ә.). дегендегі ертеңі, төртеуі субстантивтеніп тұрған мезгілдік үстеу мен жинақтық сан есім т.б. Тәуелдік жалғау мыналар:
1. жақ: -м, -мыз, -міз, -ым//-ім, -ымыз, -іміз. Бала-мыз, қала-мым (ыз), үй-ім (із);
2. жақ: -ң, -ңыз//-ңіз, -ың//-ің, -ыңыз, -іңіз. Бала-ң/ыз, інің/ің, қол-ың//ыз, ел-ің//із.
3. жақ: -сы//-сі, -ы//-і. Баласы, інісі, қолы, үйі.
Тәуелдік жалғаудың жоғарыда көрсетілгендей 18 түрлі форма-варианты, септік жалғаулардың 29 түрлі форма варианты бар. Меншіктелетін заттың жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар да, меншік иесінің жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар. Мұның меншік иесінің көптігін білдіретін түрін ортақ тәуелдеу деп, меншік иесінің жалғыз екенін білдіретін түрін оңаша тәуелдеу деп атайды. Өйткені ортақ тәуелдеуде меншіктелетін зат уақыт бірнеше субъектінің ортақ меншігі ретінде ұғынылады да, оңаша тәуелдеуде бір ғана субъектінің тек өзіне тән, дербес меншік ретінде ұғынылады. Мысалы: үй-ім, үй-іміз, бөлме-м, бөлме-міз, қағаз-ым, қағаз-ымыз деген сөздердегі –ім, -м, -ым қосымшаларды оңаша тәуелдеу жалғаулары да, қалғандары- ортақ тәуелдеу жалғаулары.
Сонымен сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Тәуелдіктің 1-2 жақтарынан гөрі 3-жағы жиі қолданылады. Себебі, тәуелдіктің 1-2-жақ қосымшалары өздері жалғанған сөзді тек я бірінші, я екінші жаққа меншікті етсе 3-жақтың қосымшасы өзі жалғанған сөзді (затты) тек 3-жаққа ғана емес, 1-2 жақтардан басқа жалпы бөгде жақтарға тәуелді етеді. Демек, тәуелдіктің 3-жағындағы сөз біріншіден сол заттың 3-жаққа тән екендігін білдірсе (оның дәптері), екіншіден, көбінесе оның деген есімдікпен ғана байланыспай ілік септіктегі басқа кісінің, заттардың аттарымен матасып келеді. Мәселен, Омардың, мектептің, кеңсенің, институттың, біздің, сіздің, заводтың кітапханасы. Үшіншіден, тәуелдіктің 3-жағындағы сөз ілік жалғауындағы бөгде адамға, я затқа қатысы барлығын немесе сол заттың бөлігі екендігін білдіреді. Мәселен, Абай проспектісі, Шардара теңізі, Шымкет қаласы; столдың аяғы, өзеннің ағысы, ауылдың жаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет