Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Ү. Көңіл-күйді білдіретін демеуліктер –ай, -ау



бет71/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Ү. Көңіл-күйді білдіретін демеуліктер –ай, -ау. Бұлар есімдіктер мен одағай, көсемше және бар-жоқ сөздерімен тіркесіп оларға риза болу, шаттану, ренжу, күйіну, таңырқау мәнін үстейді.
1. Әттең дүние-ай сол сарайға. Ақбота екеуіміз қамалар ма едік (Ғ.Мүс.).
2. Есілдің жасауын-ай (С.М.).
3. Жақсы болды-ау сен келіп (С.М.).
4. Өлең мен ән арысын тауыпты-ау (М.Ә.).
ҮІ. Нақтылық, сенімділік, қомсыну- кекесін мағыналы демеуліктер –қой, -ғой, -мыс, -міс (мыш), екен.
1. Оны кейін айтамын ғой (Б.М.).
2. Ақсақалдың туған жері Шортан қаласы деп едік қой- бұрыннан белгілі екенін ескерту үшін қолданылған.
3. Қорамсақтың көзінен бүршіктенген жас шығыпты (Б.М.).
4. Құс екеш құс та балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді (З.Ш.). Кемсіну мен менсінбеуді білдіреді. Керек десең деген тіркес те демеулік шылау қызметінда қолданылады. Керек десе бір лақты да өзінен шығартпайға бекінді (С.М.).
Одағай
Сөйлем ішінде айтушының көңіл-күйін, сезімін білдіретін мұныменбірге басқа біреуге бұйыру, шартты білдіру немесе малды шақыру, айдау, қозғау, амандасу, қоштасу мақсатының қолданылатын сөздерді одағай дейміз.
Одағай сөздер мағына жағынан өзге сөзтаптарының бірде-біреуіне ұқсамайды. Сондықтан олар өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. \
Біріншіден одағайлардың мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын шартты білдіреді.
1. Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл!
2. Балам-ай, алды-артыңды орап алдың-ау осы сен, ә?
3. Ойбай Абай, анаң қара! (М.Ә.). –риза болу, жақтырмау, таңдану, сүйсіну жайын байқатады.
Екіншіден, одағайлар сөйлемнің өзге мүшелерінен грамматикалық жағынан байланыспайды. Демек, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды. Тек дауыс ырғағы арқылықолданылған сөйлемнен оқшауланып тұрады. Мысалы: 1) Ау, сен не айтып тұрсың?! 2) Қап,барлық еңбектері далаға кетті-ау! (Ғ.М.). 3) Пай-пай, аяқтарының астындақаламыз-ау (М.Ә.).
Үшіншіден, одағайлардың дә, оның мағынасы сөйлемдеайтылатын ойдың сарынына байланыстыболады.
1. Бәрекелді, жігіттер осы беттеріңнен қайтпаңдар! (Ғ.М.).
2. Ойбай, ауылға жау шақырмай, кетіңдер әрі! (Ғ.М.). деген сөйлемдердегі бәрекелді, ойбай одағайлары айтылған ойдың мағына сарынына қарай сөйлеушінің әртүрлі көңіл-күйін білдіріп тұр.
Бұл аталғандармен бірге одағай сөздер жеке жалғызқолданылып, өзалдына сөйлем ретіндежұмсалады. –Япыр-ай, ә! Ойпырм-ай! Шіркін-ай! Ойбай-ау! Бәрекелді-ай т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет