ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ
2-бөлім: Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО -2017
|
МЕКТЕП:
|
КҮНІ:
|
Мұғалім:
|
СЫНЫП: 9
|
Қатысқандар :
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстан Республикасының елордасы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді, деректер арқылы дәлелдейді;
Көпшілігі авторына сілтеме жасайды;
Кейбір оқушылар: құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қатысты мысалдар жазады.
|
Бағалау критерийі
|
ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасайды;
стильдік құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін біледі.
|
Жоспар:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
5 мин
Сабақтың ортасы
10 мин
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
«Мозайка әдісі» бойынша топқа бөлу
Қызығушылықты ояту.
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжайды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның.
Мақтанышым - Астанам.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Топтық жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, алынған деректерді дәлелдейді, оқылым ресурсына сілтеме жасайды.
-Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20 - сында Н.Ә.Назарбаев "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау" туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.
Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. "Бәйтерек" ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды;
алынған деректерді дәлелдейді,
оқылым ресурсына сілтеме жасайды.
2-тапсырма. Оқылым мәтінінен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолдарындағы ерекшеліктерді кестеге түсіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |