8-сынып Қазақ тілі ІV тоқсан Бөлім тақырыбы: Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация Сабақтың тақырыбы: Қазақстан туризмі. Тыныс белгілердің қабаттасып қолданылуы. Оқу мақсаты: 8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау; 8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану. Сабақ мақсаты: Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені анықтайды; Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады. Бағалау критерийі: ● Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілеріндұрыс қолдана алады.
Пунктуация
Пунктуация – бір нәрсені жазғанда, оқығанда, айтқанда ойды басқаға түсіндіру үшін қолданылатын тыныс белгілері ережелерінің жиынтығы. Тыныс белгілер ойды екіұшты етпей, дәл, түсінікті де тиянақты білдіру үшін қолданылады. Тыныс белгілері мүлдем қойылмаған сөйлемді де оқу да, оның мағынасын түсіну де қиын.
Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілері
Сөйлеушінің эмоциясын жазу арқылы жеткізуде бір ғана таңба жеткіліксіз болады. Соған байланысты сөйлем соңында кейде тыныс белгілері қабаттасып қойылады.
Тыныс белгілері
|
Қойылатын орындары
|
?!
|
Ерекше эмоциямен айтылатын сұрау мәні басым сөйлемдерде қойылады.
|
!?
|
Егер эмоция басым болса, онда алдымен леп белгісі, соңынан сұрау белгісі қойылады.
|
?..
|
Сөйлеушінің ойы үзіліп қалған сұрау мәнді сөйлемдерден соң қойылады.
|
!..
|
Сөйлеушінің психологиялық күйіне байланысты ой үзіліп қалған лепті сөйлемдерден соң қойылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |