Пән: Мектеп: №64 мектеп-лицей



бет1/3
Дата24.12.2023
өлшемі176.93 Kb.
#487796
  1   2   3
7-сабақ Ғаламның пайда болуы-2


Қазақ тілі



Пән:

Мектеп: № 64 мектеп-лицей




Мұғалімнің аты-жөні: Ибраймова Т.Б

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері



Оқу бағдарламасына сілтеме

О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

Оқу мақсаттары

8.1.3.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге,үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжау.

8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.



Бағалау критерийі

  1. Мәтіннен алынған дәйексөздерге,үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжау.

  2. Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.
Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.
Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағы.с.с
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Біздің пікірімізше......
Себебі....
Бұған дәлел......
Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия, тарих сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

Ғылыми терминдерді диалог,монолог және полилогта орынды қолданып сөйлеуді меңгерді

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
5 - мин

Оқу мақсатын таныстыру.


Оқушылар оқу мақсатын талқылайды. Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Оқу мақсаты түсінікті ме?

  2. Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасаймыз.

Оқушыларда оқу мақсаты туралы түсінік қалыптасқаннан кейін мәтінмен жұмыс басталады.
Ғалам осыдан 10-20 миллиард жыл бұрын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болған. Бұл ғарыштық жарылысты үлкен жарылыс деп атап кеткен. Осы жарылысқа дейін барлық материя газдардан құралған қою бұлт құрамында болды. Жарылыс нәтижесінде бұл материялар шашылып,өздігінен дами бастады. Осы жарылыс нәтижесінде протон, нейтрон және электрон секіліді көптеген бөлшектер қалыптасты. Уақыт өте келе бұл бөлшектер әр түрлі газдардың атомдарын құрап, кейін әр түрлі газ атомдары, шаң және басқа бөлшектермен бірігіп жұлдыздарды құрады.
Аспан Шоқжұлдыздар деп аталатын 88 түрлі бөлікке бөлінген. Адамзат баласы оларды ерте заманнан біліп, ғасырлар бойы қолданып келеді.
Шоқжұлдыздар – Жетіқарақшы секілді жұлдыздар жиыны. Шоқжұлдыздар Жер бетінде бағыт табу үшін қолданылады. Қазіргі астрономия «Шоқжұлдыз» ұғымын ғарыштың жиынды аймақтарын сипаттау үшін қолданады.
Адам дүниеге келген сәтте күннің қай Шоқжұлдызда орналасуы оның қай зодиак белегісіне қатысты екеніне байланысты, олардың әр қайсысы өз мінездемесіне ие. Белгінің сипатын «пешенеге жазылған» деп тануға болмайды: олар көптеген факторларға байланысты, олар уақыт, дата, адам туған жерінің орналасуы. Егер жұлдызнама барлық көрсеткіштерді ескере отырып, кәсіби маманмен құрастырылса, онда адам жеке тұлға ретінде қалыптасуына Күннің әсері туралы түсінік алуға болады.





Сабақтың ортасы


8 мин

Ой қозғау әдісі.
Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Оқушылардың жауабынан кейін,ықтимал жауаппен салыстырады.
1-тапсырма. Мәтіннен үзінді беріледі ,оларды дұрыс нұсқасымен сәйкестендіреді.






2-тапсырма

Берілген үзінді бойынша баспалдақ талдауын орындайды


Шоқжұлдыздар – Жетіқарақшы секілді жұлдыздар жиыны. Шоқжұлдыздар Жер бетінде бағыт табу үшін қолданылады. Поляр жұлдызы тура Солтүстік полюстің үстінде орналасқан. Қазіргі астрономия «Шоқжұлдыз» ұғымын ғарыштың жиынды аймақтарын сипаттау үшін қолданады.


Баспалдақ әдісі арқылы
Мазмұны
Мақсаты
Тілдік ерекшелігі
Стилі

Кері байланыс: сөйлемді аяқтау әдісі







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет