Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қорықтары туралы мағлұматтар беру



Дата15.06.2016
өлшемі25.1 Kb.
#136933
түріСабақ
Утеулиева Айнур Сахановна,

І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қорықтары туралы мағлұматтар беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Қазақстанның қорықтары жайлы түсіндіру. Оқушылардың сөздік қорын дамыту.

2.Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны сүюге шақыру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның қорықтары, слайдтар сөзжұмбақтар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау әдісі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен психологиялық дайындық жасау, түгелдеу, сабаққа зейінін аудару.

2.Сабақтың мақсатын жариялау: Ендеше бүгінгі сабағымызды табиғат тақырыбына арнаймыз.

3.Оқушыларды қоржындағы асықтардың түсіне қарай таңдау арқылы топқа бөлу.

4. «Жариялау әдісі» . Оқушылар «Алтын сандықтағы» тапсырмаларды орындайды. Мұнда әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды сыныпта жариялайды.

5.Жаңа сабақты түсіндіру:

Қорықтар туралы мәліметтер слайдта көрсетіледі. Оқушылар слайд арқылы қорықтар туралы әңгімелейді

Ақсу-Жабағылы қорығы

1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық.

Алматы қорығы

1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.

Қорғалжың қорығы

1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр.

Марқакөл қорығы


1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегіАзутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан.

6.Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді көрсетіп оларды қорғауға шақыру.







Сергіту сәті:

Жақсы-жаман ойыны.

Тез орындарынан тұрады.

Ағаш отырғызғысы келетіндер

Құстардың ұясын бұзғысы келетіндер

Бөлме өсімдіктерін күтіп баптайтындар

Көшеге қоқыс тастайтындар

Өсіп тұрған ағаштың бұтағын сындырмайтындар

Енді туылған күндерін білу

Көктем айында туылғандарға жаз,қыс, күз туралы сұрақтар қоюға болады.

7.Топтық тапсырма:

«Веер» желпеуіші әдісі. Әр топ өздері құрастырған сұрақтарын бір-бірімен алмастырады. Топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты бекітіп қорытындылау.

8.Рефлекциялық бағалау кезеңі. «Білемін, білдім, білгім келеді» стикерге жазып, өзін-өзі бағалайды.



9.Үй тапсырмасы:Қорықтар туралы толық мәліметтер жинап, буклеттер жасау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет