Сабақтың тақырыбы Қазақтың қозғалмалы ойындары.(асық ату, бес тас ойындары) Оқу мақсаттары



Дата19.02.2024
өлшемі38.17 Kb.
#492421
түріСабақ
асық ату және бес тас


Тексерілді ___________ ДӘІЖО:А.Ж.Упенова



Бөлім

Қазақ ұлттық ойындары.

Педагогтың аты-жөні

Қожаметов Р.Т

Күні




Сынып







Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы

Қазақтың қозғалмалы ойындары.(асық ату, бес тас ойындары)

Оқу мақсаттары

4.3.5.1.Дене қимылдарына қатысудың түрлі мүмкіндіктерін зерттеу және салыстыру, оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдары қарастыру

Сабақтың мақсаты

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, олардың өткен білімдерін жаңамен ұштастыру.
Оқушылардың денсаулығын, ой-өрісін, икемділігін, шапшаңдығын, қозғалмалы ұлттық ойынға деген қызығушылығын дамыту.
Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңі уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу.Сапқа тұрғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелерін.түсіндіру.

Жүру жаттығулары және түрлері:


- бір қалыпты жай жүру;
-қол белде,өкшемен жүру;
-қол желкеде,аяқтың ұшымен жүру;
-қол иықта,жартылай отырып жүру;
-терең тыныс алып жүру;
Жүгіру жаттығулары және түрлері:
-жеңіл жүгіріс;оңға,солға бұрылып жүгіру;
-артқа бұрылып жүгіру;
-қол алға созып алақанға тізені бүгіп тигізіп жүгіру;
-қолды алға,артқа айналдыра жүгіру;
-қол белде,аяқты алға,артқа сермей жүгіру;
-терең тыныс алып жүріп,жүгіру;

Жалпы дамыту жаттығулары:


-Б.қ аяқ арасы иық деңгейінде,қол кеуде алдында 4 рет алға,4 рет артқа айналдыра сермеу;
-Б.қ аяқ арасы иық деңгейінде,оң қол жоғары, сол қол төмен 4-5 артқа қол алмастыра итере сермеу;
-Б.қ аяқ арасы иық деңгейінде,белді оңға,солға айналдыру
-Б.қ аяқ арасы иық деңгейінде,қол белде 1 оңға,2 ортаға,3 солға,4 бастапқы қалыпта тұру;
-Б.қ негізгі тұрыс,қолды алға созып,отырып,тұру;

Оқушылардың бой- бойымен тұруына көңіл бөлу.
Тыныштық сақтау.
Бұрылу кезінде сол иықпен бұрылуына және денені тік ұстауына көңіл бөлу керек.
Денені тік ұстау.

Тізені бүкпеу.


Ара-қашықтық сақтау.
Барынша кеңінен айналдыру.
Денені тіке ұстау,қол айналуы керек.
Иілу кезінде тізені бүкпеу,денені тік ұстау.
Тізені бүкпей, қолды аяқ ұшына жеткізу.
Қолды параллель ұстау, барынша керу.
Тізені бүкпеу, айналым кең.
Толық отыру.



Қол шапалақ

Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік



Ортасы

«Асық ату» және «Бес тас» ойынының ережесін түсіндіріңіз және білім алушыларды топқа бөлу арқылы ойындарды ережесімен ойнатыңыз. Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк , шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.


Дескриптор: - ұлттық ойындардың бірі-асық ату мергендікке, ептілікке баулитындығын


айтады; - асықтың атауларын дұрыс атайды; - топта бірлесіп жұмыс жасайды.



Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін


сақтау.
Мұқия тыңдау.
Ойынның өз дәрежесінде
өтілуін қадағалау
.







Сабақтыңсоңы



Сабақта нені үйрендік?
Сұрақтарға жауап береді?
Нені білдім нені түсіндім?
Нені толық түсінбедім ?
Қандай жұмысты жалғастыру қажет?
Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет