Ақтөбе облысы
Ойыл ауданы
Екпетал мектеп – балабақшасы
Биология пәнінің мұғалімі
Күзембаева Лира Рахатқызы
Сабақтың тақырыбы: Балықтар жоғары класы.Сүйекті балықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды балықтар класымен таныстыра отырып,олардың сыртқы және ішкі құрылысымен, сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерінен мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру,балықтарды өзіне тән ерекшеліктері бойынша ажырата білуге баулу.
Тәрбиелілігі: Балықтар туралы ұғым бере отырып, оларды қорғай білуге баулу
Сабақтың әдісі: Өзін - өзі тексеру, сұрақ - жауап, суретпен жұмыс т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа тарауды меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, «Балықтар» суреттері, формат, маркер,стикер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару, үй тапсырмасын пысықтауға көшу
II. Үй тапсырмасын сұрау: Желілілер типі
1. Желі қандай қызмет атқарады?
2. Неліктен тип желілілер деп аталған?
3. Желілілер қандай тип тармақтарға бөлінген?
4. Қандай желілілерде желі мен жүйке түтігі өмір бойы сақталады?
5. Желілі жануарларға тән белгілерді ата?
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Қызығушылықты ояту сатысы.
Өлеңдегі жасырын сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу
Қанаты бар ұшпайтын
Сусыз жерде тұрмайтын
Желбезекпен тыныс алатын ол - ?
Оқушылар жасырын сөздің «балық» екенін айтады.
Балықтар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы жануарлар. Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы - ихтиология деп аталады. Себебі грекше «ихтис» қазақша: «балық» деген сөз.
Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң, оқушылардың өз бетінше меңгеруіне байланысты тапсырмалар беріледі.
IV“Топтастыру” стратегиясы
ІІ мағынаны ажырату
“ЖИГСО” стратегиясы
Тапсырма №1
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.
2. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады.
3.Балықтарда қандай жүзбе қанаттар болады, атқаратын қызметі қандай?
Тапсырма №2
1. Сұйекті балықтардың сыртқы құрылысына қандай белгілер тән.
2. Сүйекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады.
3. Сүйекті балықтардың асқорыту, тыныс алу жүйесін сипаттаңдар.
Тапсырма №3
Қандауырша мен сүйекті балықтардың құрылыс ерекшеліктерін көрсететін кесте толтыру.
Төменде берілген белгілердің сәйкес келетін реттік санын әр жануарлардың астына жазыңдар. Тапсырма №4
1. “Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды”, “Өзен жағалағанның өзегі талмас” деген халық мақал – мәтелдеріне талдау жасау.
2. Елімізде балық шаруашылығының маңызы қандай, өз ойыңды дәлелде.
Ой толғаныс сатысы
Осы берілген тапсырмалар бойынша әрбір топ сызбанұсқа, жоба түрінде қорғайды.
V.Қорытынды:
Рефлексия
Төмендегі кестені толтыру
-
Нені білдім?
|
Нені үйрендім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
|
VI.Бағалау.
VII.Үйге тапсырма беру.
Тақырыпты оқу, «Ойыл өзенінде кездесітін балық түрлері» туралы іздену жұмысы.
Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен және олардың қызметтерімен танысу.
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Cабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өтілу әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап, СТО әдісі:жеке, топтық жұмыстар
Көрнекілігі: кесте,сурет, жүректің үлгісі, компьютер
Сабақтың барысы:
I.«Ой қозғау» Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді:
II.Үй тапсырмасы кесте-сызба арқылы сұралады:
-
Қан құрамын айту.
Қан құрамы
Үй тапсырмасының жауабы.
Қанның құрамы
Қан плазмасы Қан жасушалары
мин. тұз Су Орг. заттар
Эритроцит
Лейкоцит
Na+,CI-,Ca2+, Нәруыз Май Глюкоза Тромбоцит
Mg2+,Fe2+,S2- Альбуминдер
Глобулин
Фибриноген
2) «Сәйкестігін табу тест»
Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.
1-топқа:
1. ішкі ортаға не жатады: : а) 4,5-5 л
2. қанның мөлшері қанша : ә) қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
3. қан пластинкасы қалай аталады: б )3
4. гемоглобин деген не: в )Мечников
5. эритроциттің диаметрі: г) бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту
6. плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: ғ) тромбоцит
7. оксигемоглабин деген не: д) фибриногеннің фибринге айналуы
8. фагоцитоз қандай процесс: е) 7,5 мкм:
9. лейкоцит қызметін ашқан ғалым: ж) қанның қызыл пигменті
10. протромбин деген не: з) оттекті гемоглобин
2-топтың сұрақтары:
1. АИВ: а) 4-5 мин
2. қанның түссіз жасушалары: ә) жасанды
3. қанды қабылдайтын адам: б)адам иммунитет тапшылығы вирусы
4. егу арқылы қабылданатын иммунитет: в) фагоцитоз
5. қан ұйымайтын ауру: г) реципиент
6. қан ұю ұзақтығы: ғ) гемофилия
7. қанның қызыл пигменті: д) лейкоцит
8. қан ұюына қатысатын жасуша: е) табиғи
9. бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: ж) гемоглобин
10. тұқымқуалайтын иммунитет: з) тромбоцит
3- топтың сұрақтары:
1. адам лимфа түйіндерінің саны: а) 3
2.қан беруші адам ә) қан ұю
3. қан глюкозасы қызметі: б) жасушаның энергия көзі
4. ядросыз қан жасушасы: в)эритроцит
5. плазма нәруызы қанша топ: г) 460
6. тромбоцит қызметі: ғ )донор
7. рентген сәулесінен лимфоциттер: д) 4
8. адамның қан тобының саны : е)жойылады
9. тромбоциттің тіршілік ұзақтығы : ж)қызғылт-сұр
10. лимфа түйіндерінің түсі: з)7-10 күн
3.Топтастыру:
Иммунитет түрлері
Табиғи Жасанды
Туа пайда Жүре пайда
Белсенді Енжар
III.Жаңа сабақ мазмұны:
1.Жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметі:әр жасушаға қоректік заттар,оттек,су тасымалдау, зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару болып табылады. Қанайналым- қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы. Пішіні конус тәрізді. Кеуденің сол жақ жартысында , іші қуысты бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет, бесінші қабырға деңгейінде орналасқан. Ересек адамда 250-300 г. Жүрек 3 қабаттан тұрады.
2.Жүректің құрылысы:
-Жүрек тұтас қалқа арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.
-Төрт қуысты: екі жүрекше мен екі қарынша
-Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен байланысады.
-Қақпақша жақтауы мен қарынша қабырғасына бекіген сіңір жіпшелері
-Жүректі зерттейтін ғылым- кардиология
-Жүрек ауруларын емдейтін дәрігер-кардиолог
Жақтаулы қақпақшалар
Үш жақтаулы
Қос жақтаулы
Айшық тәрізді
Жүрек қабаты
Эпикард (ішкі)
Эндокард(сыртқы)
Миокард (ортаңғы)
3.Жүректің көлденең кесіндісі:
1.оң жақ қарынша миокарды
2.жүректің емізік тәрізді бұлшықеті
3.сіңір жіпшелері
4.үш жақтаулы қақпақша
5.өкпе артериясы
6.қарынша аралық қалқа
7.төменгіқуыс вена
8.оң жақ жүрекше
9.оң жақ қарынша
10.жоғары қуыс вена
11.жүрекше аралық қалқа
12.өкпе вена өзегі
13.сол жақ жүрекше
14.сол жақ қарынша
15.қос жақталы қақпақша
IY. Сабақты бекіту кезеңі.
«Ой толғау» кезеңі «Кім жылдам» ойыны:
1.Қанайналым дегеніміз не?
2.Жүрек қайда орналасқан?
3.Қантамырлар нешеге бөлінеді?
4.Жүректің салмағы қанша?
5.Жүрек неше қабаттан тұрады?
6.Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?
7.Жүректің қақпақшалары дегеніміз не?
8. Перикард деген не?
9.Қылтамыр дегеніміз не?
10. Жүректің бұлшықеті қалай аталады?
11. Сіңір жіпшелері дегенімз не?
12. Қос жақтаулы қақпақша қайда орналасады?
13. Артериола, венула дегеніміз не?
14.Жүректі зерттейтін ғылым не деп аталады?
15.Жүректі емдейтін маман дәрігер?
Жеке жұмыс: Биологиялық диктант:
1.….. ….. деп, жүрекше мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді айтады.(үш жақтаулы, екі жақтаулы қақпақша)
2.Ең үлкен артерия … деп аталады. Ол жүректің … …. ……. басталады(қолқа, сол жақ қарыншадан )
3.Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар …. орналасады.(жүрек қабында)
4.Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты … деп аталады. (миокард)
5.Капиллярдың вена ұшы бірігіп … түзеді. (венула)
Жүректің құрылысын айту. (Суретті пайдалану)
Y. Сабақты қорытындылау : «Ой түйіндеу» сәті
Тест сұрақтары:
1.Қанның құрамына қандай жасушалар кіреді?
а)эритроциттер, лейкоциттер; ә)нейрондар;
б) дендрит; в)остеоциттер;
2.Қандай қан вена қаны деп аталады?
а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан; ә) мочевинаға қаныққан қан;
б) оттекке қаныққан қан; в) көміртекке қаныққан қан;
3.Қандай қан артерия қаны деп аталады?
а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан; ә)мочевинаға қаныққан қан;
б)оттекке қаныққан қан; в)көміртекке қаныққан қан;
4.Адамның жүрегі неше бөлімді?
а)3 ә)4 б)2 в)6
5.Жүрек қабырғасының қабаттары:
а)эпикард, миокард, эндокард; ә)эпикард, эндокард;
б)миокард, эндакард; в)эпикард,миокард;
YI.Сергіту: «Жүректен жүрекке»
Адам организмінде жүректің құрылысын, қызметінің маңызын білдік.Адам өмірінде осы жүрегіміздің ерекшелігі өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты.Әр адам жүрегі мейірімділік пен махаббатқа толы болсын.
«Жүректен жүрекке» әдісімен ортаға шеңбер құрып бір-бірімізге жүректен шыққан ізгі тілектерімізді жолдайық.
YII. Үйге тапсырма тақырыпты оқу, « Жүректің құрылысы» реферат жазу.
VIII . Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесі және есту анализаторлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: – Адамның сезім мүшелері және олардың маңызы. Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі жайында қысқаша шолумен түсінік беру, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ояту, өз бетінше оқуға, ізденуге баулу.
Тәрбиелік – оқушыларға сезім мүшелерінің мақызын түсіндіре отырып, ауруларын алдын алу шараларына тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Пәнаралық байланыс: химия, физика
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, суреттер, формат, маркер , стикерлер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу
Сынып оқушыларын түгендеп, назарларын сабаққа аудару. (сыныпты 2 топқа бөлу)
II. Үй тапсырмасы: Көру мүшесі .Көздің құрылысы және қызметі . (постер қорғау)
I топқа : Көздің құрылысы II топқа: Көздің гигиенасы
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Маңызы. Адам есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.
Құрылысы: есту мүшесі – құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.
1. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ұшы жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді (31-сурет). Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
2. Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы түтік арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда түтіктің өзегі жұтқыншаққа ашылады. Жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бір-бірімен буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан (32-сурет). Үшеуін қосқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты кілегейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ қуысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ қуысындағы қысым теңестіріледі.
Құлақтың құрылысы:
1 – құлақ қалқаны; 2 – сыртқы дыбыс жолы; 3 – дабыл жарғағы; 4 – дыбыс сүйекшелері; 5 – ұлулы дене; 6 – есту жүйкесі; 7 – есту түтігі
3. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы – сүйекті, ал ішкісі – жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар – есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлулы дене – есту мүшесі (33-сурет). Бұл ұлулы дененің қуысы сұйықтыққа толы болады. Ұлулы денедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын қабылдап, қозуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.
|
Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып қолайсыз жағдайға ұрынуы мүмкін.
(Дәрігерден құлақ гигиенасы туралы мәлімет алу)
IV .Жаңа сабақты бекіту. Кестені толтыру. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
Дыбыс толқынының таралу жолы: сызбанұсқасын толтыру
4-зертханалық жұмысты орындау. Сабақ барысында мектеп дәрігерін қатыстыру. V.Қорытындылау. Оқушылар біздер сезім мүшелері және олардың маңызы. Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі. туралы білдік, түсінік алдық.
VI. Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
VII.Үйге тапсырма беру. Есту мүшесі және есту анализаторлары.(тақырыпты оқу, сурет салу)
Құлақ гигиенасы немесе күтімі туралы эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |