Сабақтың тақырыбы: Басты өзен жүйелері Сабақтың мақсаты



Дата07.07.2016
өлшемі32.54 Kb.
#183566
түріСабақ
Басты өзен жүйелері.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы,

Айдархан орта жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі

Мырзақұлова Әсел Есентайқызы
Сабақтың тақырыбы: Басты өзен жүйелері

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстанның басты өзен жүйелері, алаптары олардың негізгі өзендерінің қоректенуі, маңызы жөнінде білім беру

2. Оқушының ойлау қабілеті, сөздік қоры, өзін өзі басқара білуі, ойын жүйелей алуына, жинақылыққа баулу

3. Өзен суларының маңызын түсіне отырып, ауылымыздағы Қараөзеннің тазалығына көңіл аударып, жанашырлық танытуға ықпал ету.



Сабақтың әдісі: Б и С технологиясы

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, технологиялық карта

Пәнаралық байланыс: биология, экология, математика

Сабақтың барысы : I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз Б и С технологиясының негізінде « Ауызша сабақ – технологиялық картасы» арқылы өтеді. Тақтада сіздердің орындарыңыз белгіленген «матрица» кестесі берілген. Сабағымызды бастау үшін Сынып лидері Айбарға сөз берейік:

  • Құрметті оқушылар! бүгінгі сабақта БиС технологиясы бойынша өз білімімізді көрсетіп, бәріміз бірге қатысып, белсенділік танытайық, сіздерге сәттілік тілеймін!

II кезең

  • Б и С технологиясы дегеніміз – Биоақпараттық және синергетикалық әдіс. Біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Басты өзен жүйелері»

Қазақстанның физикалық картасы арқылы жаңа сабақтың қысқаша жоспарымен таныстырамын.

  • Еліміздегі барлық өзендердің Солтүстік Мұзды мұхитқа және ішкі тұйық көлдер алаптарына құятынын білесіңдер. Солтүстік Мұзды мұхит алабының ең басты өзені – Ертістің негізгі салалары, қоректенуі, маңызы жөнінде;

  • Каспий теңізі алабының негізгі өзені Жайық туралы;

  • Арал теңізінің алабындағы Сырдария

  • Балқаш – Алакөл алабындағы Іле өзені туралы білетін боламыз

1 тапсырма Оқулықпен жұмыстану. Оқушылар тақырыпты оқып отырып кілтті сөздерді айтып отырады. Мұғалімнің ойлаған сөздерімен сәйкес келсе,

Матрицада №1 бағалау

2 тапсырма Қабылдауды ұйымдастыру.Тақтаға «кілтті сөздер» тақырыптың негзігі ұғымдары жазылады. Оқушыларға 1минутта( 7,14,21 сөз) жаттау және жазу ұсынылады.Оқушылар бірін-бірі тексереді, нормаға сай болса , матрицада №2 бағалау

3 тапсырма. Ұғынуды ұйымдастыру.Оқулықпен жұмыстану 6 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім барлық оқушыға 1-ден қарама – қарсы сұрақтар қоямын.



  1. Ертіс өзеніне құятын салалардың ең ірісі, сағасының төменгі жағында СЭС салынған.( Бұқтырма)

  2. Ертіс өзені қалай қоректенеді? ( Аралас- қар, мұздық, жерасты, жауын-шашын)

  3. 1974 ж іске қосылған ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7м өзен суының бір бөлігі неге пайдаланылады. ( Ертіс-Қарағанды каналы)

  4. Жайық өзенінің бастауы, құяр сағасы қай жерде?( Орал тауы, Каспий теңізі)

  5. Жайық өзенінің басты салалары ( Самара, Шаған, Елек, Ор т.б)

  6. Ертедегі аты Сейхун, Қазақстандағы ең лай өзен ( Сырдария)

  7. Сырдария Арал теңізіне қай жылдан бері құймайды 1974ж

  8. Іле өзені Қытайдағы Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын қандай өзендердің жалғасы ( Текес және Күнгес)

  9. Іле өзені бойындағы 1970ж салынған СЭС ( Қапшағай)

  10. Халық шаруашылығына зиян келтіретін тасты-лайлы тасқындар « селдер) жиі болып тұратын өзен ( Іле) Матрицада №3 бағалау.

4 тапсырма. Тестілеу. Оқушылар өздері тест тапсырмасын дайындайды. 1 сұраққа 3 жауап.Саны уақытқа байланысты беріледі. Жауабын тапса, сұрақ қойған минус алады. Осы жерде картамен жұмыс .Басты өзен жүйелерін көрсету.Матрицада №4 бағалау

5 тапсырма Тақырыптық сөз қоры. Бүгінгі өткен жаңа тақырыпты қорытындылап, ауылымыздағы Қараөзеннің жағдайын қосып түсінгендеріңізді шағын шығарма , эссе түрінде жазамыз.



Қосымша шығармашылық тапсырма, бірге ойланайық!

«Басты өзен жүйелері» тақырыбын неге жасыл түсті;«Кілтті сөздерді» көк түсті;Матрицадағы есімдеріңізді « тамшылар» түрінде бердім?!



Қорытынды: Оқушылар жазған шығармаларын оқып, тақырыптық сөздік қорын санайды. Норма 63-100 сөздің аралығын көрсетеді. Матрицада №5 бағалау. Балалардың ойларын тыңдаған соң, тақырыпты өзім түйіндеймін.

Жасыл түс – өзендердің көпшілігі жазықта ағады, жазда жағасы жайқалады, сіздің де өміріңіз жасыл жайлаудай жарқын, жайлы болсын!



Көк түс – кіршіксіз таза судай таза, ақыл-ойыңыз терең болсын!

Көгілдір тамшылар- ол сіздер! Менің кішкентай тамшыларым, қазіргі мөлдір судың тамшысындай алған білімдерің өсіп, толғаннан кейін өздерің өзен жүйесіне айналып , «Білім»атты мұхит әлеміне жетсеңіздер екен деп тілеймін! Матрицадағы бағалауды есептеп,қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет