Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы
Жәңгірхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Бижанова Гулбақыт Тажиханқызы
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.4сынып
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір
ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру, сөйлем
ішінен біріккен сөздерді таба алуға, әртүрлі түбірлерден біріккен
сөздер жасай алуға үйрету.
ә)Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ізденімпаздыққа,
ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақтылыққа,туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау
қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу,математика,дүниетану
Әдісі: зерттеу, салыстыру, әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: сызбалар, суреттер.
Техникалық құрал: интерактивті тақта,актив студио
Жаңа технология:Сын тұрғысынан ойлау технологичсы,дамыта оқыту технологиясы
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
а) Қызығушылығын ояту.
-Балалар қазір қазақ тілі сабағы.
-Қандай ақын жазушы болмасын, ана тілінен нәр алған.
-Поэзия! Менімен егіз бе едің? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай біз сабағымызды поэзия минуттарынан бастаймыз.
1-қатар. Тілім менің тірегім, тілім менің.
Тілсіз қандай болады күнім менің? 2-слайд
Өз халқыма жетеді өз мәніңде,
Өз тілімде оқылса жырым менің.
2-қатар. Тілім менің-қуатым күнім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің?
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілім менен тірлікті мүсіндедім.
3-қатар. Тілім менің-Бабамның батырлығы ,
Махамбет пенен Абайдың ақындығы
Дүниеге келе айқайды салған іңгәлап
Тілімде менің сәбидің батылдығы .
-Міне балалар қазақ тілінің атқаратын орны ерекше, қазіргі кезде Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлт өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін жетік меңгеруге талпынуда.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Шығармашылық тапсырма.
Өлең ұйқасын тауып және өлеңде қандай күрделі сөз кездеседі? 3-слайд
Хан Ордасы-туған....өлкем, 4-слайд
Жер көп пе сендей.....көркем
Орманында қарағайы ....алуан-..алуан,
Алысқа несібесі...шашыраған.
Күрделі сөздер.
Сөз дегеніміз не?
Сөз- заттың,сапалық,қимылдың,санның атауы.Мысалы:ай,күн,ақын,тұнық,жинады т.б
Түбір дегеніміз не?
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз деп атаймыз.
Күрделі сөздер дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейміз.Олар бір сұраққа жауап береді.
Күрделі сөздер қалай жасалады?
Күрделі сөздер түбірлердің тіркесуі,бірігуі,қосарлануы арқылы жасалады.
2.Өткен сабақта танысқан күрделі сөздерге слайд бойынша ауызша сұрақтар арқылы пысықтап алу. 5-слайд
Біріккен сөз Қос сөз
Тіркесті сөздер Қысқарған сөз
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кіріспе.
-Балалар әдебиет сабағынан алған білімімізді еске түсірейік. 6-слайд
-Ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады?
-Айтыс,жаңылтпаш,жұмбақтар,мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыздар,шешендік сөздер,ертегілер т.б
-Осының ішінен аңыздар дегеніміз не?
-балалардың жауабы
-Олай болса, білетін аңыздарымыздың ішінен қандай кейіпкерлерді білесіңдер?
-Қожанасыр,Асанқайғы,Алдаркөсе,Жиренше шешен,Қорқыт ата т.б
-Дұрыс айтасыңдар,балалар осы кейіпкерлеріміздің есімдері белгілі бір оқиғаға,іс-әрекетіне байланысты тарихымызда аңызға айналған-Асанқайғы Сәбитұлы 7-слайд
Асанқайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ.Барлық өмірін қазақ халқының асыл арманымен астастырып,оның тәуелсіз де бақытты тұрмыс кешуіне елеулі үлес қосқан. Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Ол тек мал шаруашылығымен күнелткен көшпелі елге жайлы қоныс,бейбіт өмір аңсады, «адамы жүзге келмей өлмейтін», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманы бар» «Жерұйықты» іздеді.Сөйтіп,қазақ жеріне көз алартып басып алуды ойлаған отаршыл да озбыр көршілерінен іргесін аулақ салу үшін әлгіндей құтты қоныс іздемек боладыАлты атанға қос артып,яғни желмаяға мініп алты жыл қоныс қарайды.Жолында кездескен тау,өзен,шұрайлы жерлерге,халыққа пайдалы жағын есептеп,тиісті бағасын беріп отырады.
Көріністің жүру барысы:
Асан қайғының желмаясына мініп Сарыарқа жерін аралап келе жатқан суретімен бейнеленген .Тәттімбеттің «Көкейкесті»күйі орындалып тұрады.Асанқайғы желмая үстінде ыңылдап келеді.
Асанқайғы:
-Құйрығы жоқ, жалы жоқ,құлан қайтіп күн көрер, 8-слайд
Аяғы жоқ,қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?
Шыбын шықса, жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтіп күн көрер?
Уа, кең далам, тауларым,
Орманым, көлдерім мен суларым,
Не сыр түйіп жатырсыңдар,
Мынау әсем дүние,не сыр шертеді.
(Жан – жағына таңдана, қызыға көз тастайды.Шуласып даладан бір топ оқушылар келеді.)
Оқушы:Армысыз ата.
Асан қайғы:Бар бол балам.Амансыңдар ма? Кімсіңдер?
Мына заман, қай заман ?
Жарқырап тұр ғой түгел.
Жүздерің де бал – бұл жанған,
Айтшы қане, қай заман?
Оқушы: Уа, бабам сіз армандаған заман. Көксеген жер ұйығыңда бейбіт өмір асқақтаған халқыңның даналығы асқан, дариялығы тасыған, бірлігі жарасқан, рухы биіктеген көк байрағы еркін жайнап тұрған заман.
Асан қайғы: Уа, шіркін елім, жерім менің, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоныс та осында, бақыт та, байлық та, даналық та осында екен ғой.
Балаларым, сендер құлақ салсаңдар мен өмір сүрген сонау ерте дәуірде менің мынадай арманым болып еді. Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көк орай шалғынды, жарқырап жатқан даламнан жайлы қоныс іздеп едім.Сол қонысты ідеуге маған көмектесіңдерші.
-Сонымен балалар Асан атаға көмектесейік.
Қызылтауға келгенде не деген екен? 9-слайд
- Тау-тасы кеш болғанда қой болып ыңыранып жатады екен.Тоқты қысыр қалмайтын жер екен.-деді.
Баянауыл тауын көргенде:
-«Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
-Терісаққан өзенін кешіп өткенде не деген екен?
-Сарыарқаның тұздығы екен-депті
-Қаратауды көргенде:
-Көкектен басқа құсы жоқ,көкпектен басқа шөбі жоқ,жер азғыны мұнда екен-депті
-Жетісуға келгенде не депті?
-Мынау жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен,шаруаға қоныс-деген екен.
Маңғыстауға келгенде:
-Түбінде,мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас –деген екен
Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде:
-Ей, Ақмешіт ,жерің шаң екен,суың жар екен.Елің жұтамас малыңның көзіне сақ бол-деп ескертіпті.
-Міне,балалар, аңыз бойынша Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен.
-Қалай ойлайсыздар өзінің іздеген Жерұйығын тапты ма екен?
Бірақ өзінің туған жерінен артық жер болмайтынын түсініп,Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.
ІҮ.Ой-қозғау.
-Балалар Асан атаны халық неге Асан қайғы деп атап кеткен?
« Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған
-Ол қандай жерді іздеді?
-Елді жау алмайтын,малға жұт келмейтін,шөбі шүйгін,суы мол қоныс-Жерұйықты іздеді.
-Балалар,Асанқайғының барған жерлерін атаңдаршы
Қызылтау, Баянауыл, Терісаққан ,Қаратау, Жетісу, Маңғыстау, Ақмешіт, Қызылорда,Ұлытау.
-Балалар бұлар қандай сөздер? 10-слайд
-Күрделі сөздер
-Бұл сөздер неше түбір сөзден құралып тұр?
-екі түбірден
-Екі түбір сөз не істеп тұр?
Бірігіп тұр.
-Ал балалар осыдан өзіміз ереже шығарып көрейік.
-Екі не одан да көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. 11-слайд
Дәптермен жұмыс.
-Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы:Біріккен сөздер
Бүгінгі күннің жадысын жазу 12-слайд
Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы:Темірқазық, Сарыағаш, Көкшетау ,Жетісу,алабота т.б
Ү.Оқулықпен жұмыс. 13-слайд
1-жаттығу.Сөздерді оқы.Олар қалай жасалған?
Талдықорған,егеуқұйрық,еңбеккүн,Жетіқарақшы,шаңсорғыш,Қаламқас,Жұмабай,Беташар,Теміржолшы,жанкүйер,асатаяқ,Қызылжарқұдық.
Әр сөз неше түбірден құралған? ауызша
2-жаттығу.Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Орынбасар,асқазан,қосаяқ,Есенәлі,Қызылорда,алтыбақан,аяқдоп,Айгүл,Екібастұз,сегізкөз,ақсүйек,көкқұтан,Шиліөзен,аққу,Бисенбай,ұлтабар
Кісі аттары: Орынбасар, Есенәлі, Айгүл, Бисенбай
Аң-құс атаулары: қосаяқ, көкқұтан, аққу.
Ойын атаулары: алтыбақан, аяқдоп
Дене мүшелері: сегізкөз, ұлтабар ,асқазан
Тағы қандай атаулар қосуға болады? 11 слайд
-Жер-су аттары: Қызылорда, Екібастұз, Шиліөзен
Екібастұз сөзін сөз құрамына талда.Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалған?
-Екі+бас+тұз үш түбірден
Семантикалық картамен жұмыс. 14-слайд
Біріккен сөздерге жататын атаулар.
Біріккен сөздерге жататын атауларға:Кісі аттары,аң-құс атаулары,ойын атаулары,дене мүшелер,жер-су аттары,мезгілге байланысты атау,ауру атауы,қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты атау.
Сергіту сәті.Қазақстан бағдарламасы.Радиодан сөйлейді.Біріккен сөздерді айтқанда қол соғамыз.
-Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Қазақ радиосы.Сіздерді бүгінгі бағдарламамен таныстырамыз
06.00.Аңдатпа.Әнұран.
07.00. «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы. 15-слайд
09.30 «Жаңа Қазақстан».
12.00. «Тұсаукесер».
14.00. «Бағдаршам».
15.00. «Өмірде болған».
19.00. «Жан жылуы».
20.00.Жаңалықтар».
22.00. «Атажұрт» көркем фильм.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
3-жаттығу.Ертегіден үзіндіні оқып,көшіріп жаз.Біріккен сөздердің астын сыз. 16-слайд
Керқұла атты Кендебай
Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні келтеде,Қаратаудың ойында,Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты.Қазанғап құс атып,балық аулап күн көреді екен.Әйелі ау тоқып,жыртық жамайды екен.Қазанғаптың Кендебай деген ұлы болыпты.Кендебай ай сайын емес,күн сайын өсіпті:алты күнде күліпті,алпыс күнде жүріпті.Алты жылда алып жігіт болыпты.
Біріккен сөздердің қандай түбірлерден жасалып тұрғанын айт.Оларға сұрақ қой.
-Қаратау,Қарасу,Қазанғап,Кендебай,Керқұла
Біріккен сөздер ненің немесе кімнің аты болып тұр?
-Адамның ,жердің ,аттың аты.Олар қандай әріппен жазылады?Қандай сөз таптары?Жалқы есім бе,жалпы есім бе?
Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді тап.Керқұла-Керғұла
Ертегінің толық нұсқасын тауып оқы.Бір оқушы ертегінің нұсқасын оқиды. 17-слайд
4-жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.Біріккен сөздердің астын сыз.
Тасбақа,саңырауқұлақ,темірқазық,түйеқұс 18-19 слайд
Айтылуы Жазылуы
Таспақа Тасбақа
Саңырағұлақ Саңырауқұлақ 20-слайд
темірғазық темірқазық
Түйеғұс Түйеқұс
Ойын: «Жұмбақ біріккен сөзді тап» 21-слайд
ҮІ.Сабақты бекіту.
-
Біріккен сөздер дегеніміз не? 22-слайд
-
Екі не одан көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады.
-
Біріккен сөздерге мысал келтір!Екібастұз,Оқжетпес,Көкшетау,Жұмбақтас т.б
-
Біріккен сөздер қалай жазылады?Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады
-
Біріккен сөздерге жататын атауларды ата!Кісі аттары,аң-құс аттары,ойын атаулары,дене мүшелері,жер-аттары,ауру атаулары,дене мүшелерінің атаулары,тұрмысққа байланысты атаулар т.б
Қорытынды.Оқушылар өз ойларын айту.
Не білдік?Сабақ сіздерге несімен ұнады?Сабақта жақсы,белсенді жауап беріп,қатысып отырған кім ?-деп ойлайсындар
Бағалау.
Үй тапсырмасы.5-жаттығу.Біріккен сөздерге қатысты мақал-мәтелдер жазып келу.23-слайд
Жаңа сабақ: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2-жартысында, Еділ бойы –т.ө.ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ-Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50-жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз-жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.
Тірек-сызба.
Асан Қайғы:
«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас»,
«Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»,
«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер»,
«Баянға жаймай, қой семірмес»,
«Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер»,
«Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас»,
«Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» - депті. 1. Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы-Қаратау, биік нүктесі Бесшоқы -556м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар-132 м. төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.
2. Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.
3. ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.
4. Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.
5. Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м -1000м дейін. Ең биік тауы –Ақбет 1026 м.
Киелі жерім менің Баянауыл,
Тау-тасы, өзен-көлі бәрі асыл,
Осындай жер жаннатта туып өскен
Бақытты ғой, шіркін барша қауым.
6. Сарыарқаның оңтүстік-батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтатастан, граниттен тұрады.
Ұлытаудың биіктігі-1134м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 180-230мм. Шоқ-шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.
7. Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.
8. Жоңғар Алатауының солтүстік-шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік-батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі -2605м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.
Жетісу
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы өсіп, жан бітіп,
Жандаңды елің,
Жер таппан жерге жетер Жетісуым,
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,
Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз
Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым,-
деп ақын жырлаған жер жаннаты - Жетісу.
9. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге, батыста ені 100 км, шығысында 250 км-ге жетеді.
/Жаратылыстану пәнінің мұғаліміне алғысымызды білдіріп, сабағымызды одан әрі жалғастырамыз/
Сөздікпен жұмыс:
Желмая – түйе.
Жиһан - дүние, жер-жаһан
Жерұйық –жайлы қоныс.
Түз - дала, мидай дала.
-
Қорытынды: кейбір сөздер екі түбірден құралады, екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
-
Кім өз ойынан мысал келтіре алады.(оқушылардың айтқан біріккен сөздерін талап өту)
-
Біріккен сөзге көбіне мына атаулар жатады.
Слайд бойынша біріккен сөзге жататын атауларды көрсету
Шал қолында қамшы, қой жайып жүреді.
Шал: Шек, әй кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. Қой бақтым, сидаң қақтым,ешкі бақтым, еңіреп бақтым деген осы екен ғой. Уһ, шаршадым, — деп малдасын құрып отыра кетеді. Сол кезде артынан мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем, ұстадым ба?
Шал: Ойбай, Ойбай жіберші, жаным шығып барады.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал:Бір қора қой беремін.
Мыстан:Оған риза емеспін.
Шал: Бір үйір жылқы беремін.
Мыстан: Оған да риза емеспін.
Шал: Онда жалғыз Нұрсұлтан деген ұлым бар, соны берейін.
Мыстан: Онда келесемін, оны қайтып бересің?
Шал: Баламның алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
- Онда міне алтын сақа, — деп қалтасынан алтын сақаны алып береді де өзі кетіп қалады.Мыстан алтын сақанын жанында отырады.
Бір кезде шалдың баласы сақасын іздеп келеді.
Бала: Апа , апа анау алтын сақаны маған қарай лақтырып жіберіңізші.
Мыстан: Ой, балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп алтын сақаны ала бергінде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар бала Нұрсұлтанды іздеп шығады.
Қыздар: Нұрсұлтан! Нұрсұлтан!, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан қарғып шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар шыңғырып отыра қалады.
Мыстан: Сендерге Нұрсұлтан керек болса, менің бірнеше шартымды орыңдандар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда бірінші шарттым: “Ата мұрам – асыл қазынам” деп аталады. Мұнда қазақ салт – дәстүрлерін қалай білетіндеріңді сынаймын, дайынсындар ма?
Қыздар:Дайынбыз,апа дайынбыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Жаңа сабақ . Балалар енді шағын көріністі тамашалайық.
Ерте, ерте, ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті.Ол ақсақалдың аты – « Күрделі сөздер» екен.Оның үш ұлы болыпты.Біріккен сөз, Қысқарған сөз,қосарланған сөз. Біріккен сөз ынтымақта,бірлікте бақытты өмір кешіпті.Балаларды да тату болып ,бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен.
Ертеде Айна өмір сүріпті .Бірақ оның өмірі көңілсіз ,әрі жалғызсырап жүріпті. Өмірден қатты түңіліп келе жатқанда ,оның алдынан жайқалған әдемі Гүл шығады.
Гүл: Айна,айна,сен неге сонша көңілсізсің?
Айна: Жалғыздықтан жалықтым,өзіме лайық дос іздеп келемін.
Гүл: Мені елдің бәрі көркем,әдемі,дейді.Бірақ,өзімнің әдемділігімді ешқашан көрген емеспін,көргім келеді,менімен дос болшы!
Айна: Алақай, алақай, мен өзіне лайық дос таптым. Екеуі қолтықтасады. Содан бері қазақта Айнагүл есімді қыз бала атын қоя бастапты.Мына келе жатқан Айнагүл ғой деп екі түбірден Айна+Гүл сөздерінің бірігуінен жасалған біріккен сөз.
Асанқайғы Сәбитұлы
XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.
Ол Алтын Орда хандығының негізін салған Ұлық Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған. Ш. Уәлиханов "көшпенділер философы" атаған. Асанқайғы жөнінде М. Әуезов былай деген: "Өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік, дерек береді".
Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.
Ішкі саясатта жер-су, жайылым, қоныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұртының хал-ахуалын жақсарту мақсатында Асанқайғы хан алдына өзінің "ымыраға келу теориясын" ұсынған. Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұсқан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін "Жерұйықты" іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. Асанқайғы "Жерұйық" адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс деп санады. Жер бетіндегі адамзат адал болуы тиістігін ғибрат етті. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқының тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы толғанған, тұла бойы ізгілікке толы, халқына Желмаясымен жер жанатын іздеген абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған.
Алты атанға жүк артып, жылы, жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады. Әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді.
Жыраудың толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады:
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып неге терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің?
Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді: "Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай ма?". Осы бейнелер арқылы орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегендік танытады.
Асанқайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай т. б.) кеңінен тараған.
Асанқайғының философиялық дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:
-
Этикалық дүниетаным ұлы жыраудың философиялық ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктерімен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.
-
Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімінің растығы, қоршаған ортаны тану мәселелері Асанқайғы философиясының басты бағыттары.
-
Асанқайғы гуманизмі, адамға деген сүйіспеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асанқайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы Асанқайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды.
Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында.
«Екі бас тұз» қаласы атауының пайда болуының бірнеше болжамы бар – тура аудармасында еш күмән жоқ. Ал бірақ осындай атаудың пайда болуының бірнеше нұсқалары бар.
Негізгі нұсқа – 1886 жылы геолог-үйренуші және кентанушы Қосым Пшембаевпен (оның атымен қалалық музей аталған) бұл жерде көмірдәің пайда болу орны табылған. Иесіне берген тапсырысында Пшембаев табылған орынды көршілес жатқан көлден әкелген екі басты тұзбен белгілегенін жазды. Осыдан: «Екі бас тұз» атауы пайда болды деген болжам.
Ардагер-шахтер Рымжан Булекбаевпен айтылған аңыз – екі жауынгер осы тұзды көлдің маңында қайтыс болған және олардың қаңқалары ескерткіш ретінде қойылған. Көл сол уақыттан бастап «Екі атбасы қалған тұзды көл» - деп атала бастады.
Д. П. Багаев (павлодарлық өлкетанушы) – Екібастұздық көмір қазбасының пайда болуы Қосым Пшембаевтың көмір жатқан жерді табуымен XIX ғасырдан басталады. Табылған орынды екі тұз кесегімен белгілеп, орынға атау берді. Багаев бұл оқиғаны 1886 жылмен белгілейді.
К. Нуралин — …Бір бақташы қырда қой сүтін қайнатып отырған. От ретінде айналада шашылып жатқан қара тастарды салады. Бір уақытта ол тастардың жалындап жанған ғажайыбын көреді. Сол тастардың табылған орнын ұмытпау үшін ол көлден екі басты тұз әкеліп белгілейді. Сондықтан орын «Екі бас тұз» атала бастады.
Екібастұз қаласы Қазақстан Республикасының Павлодар облысында орналасқан. Қазақстанның ірі көмір алабы табылған жер. Бассейн жанынан Павлодар-Астана теміржолы, Ертіс-Қарағанды каналы және Павлодар-Қарағанды автожолдары өтеді. Көлемі 155 шаршы шақырым , ұзындығы 24 шақырым және максималды ені 8,5 шақырым котловинаға тіреледі. Көмірдің жалпы геологиялық қоры шамамен 10 млрд т. Қазба орталығы — Екібастұз қаласы. Екібастұз елді мекені 1898 жылы ашылған. Екібастұзға облыстық маңызы бар қала статусы 1957 жылғы 12 маусымда берілген. Аймақ аумағы - 18,9 мың шаршы шақырымды құрайды. 2010 жылғы 1 қаңтар бойынша аймақтағы елдің жалпы саны - 143897 адам, оның ішінде:
- қала тұрғындары – 134546 адам.
- ауылдық – 9351 адам, оның ішінде:
- жастар – 40 889 адам.
Халық тығыздығы 1 шаршы метрге 7,5 адам. Екібастұзда 80 астам ұлт өкілдері тұрады.
Екібастұз қаласының білім беру жүйесінде 49 мектеп, оның ішінде ауылдық - 23. Барлығы – 18780 оқушы. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелер – 22: мұнда 4833 бала оқытылып, тәрбиеленеді. Қосымша білім мекемелері - 3: бейнелеу өнері және музыка мектептері, "Қайнар" балалар және жасөспірімдер шығармашылығ орталығы. Мұнда шамамен 20030 оқушы айналысады.
Екібастұз аймағында 37 емделу-сауықтыру мекемелері қызмет көрсетеді.
Екібастұз қаласында 20 мәдени мекемелері қызмет етеді. Достық үйі 10 этно-мәдени бірлестіктерді біріктіреді. Қалалық тарихи-өлкетану мұражайы көрме залы және 9 экспозициялық залдары бар. Мұражай қорында - 28135 экспонат. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 26 кітапхана, кіреді. Кітап қоры 348581 экземплярды құрайды.
Спорт. Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы желілер қызмет атқарады.: 5 балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, мұнда 4700-ден астам адам шұғылданады; 211 спорттық ғимараттар, оның ішінде «Шахтер» стадионы, 5 жүзу бассейндері, 61 спорттық залдары, ипподром. Спортты дамыту жылдарында Екібастұзда 20 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының 50 спорт шебері дайындалған.
Екібастұздық көмір алқабы – әлемдегі ең ірі орын. Богатырь Аксес Комир» ЖШС - ашық тәсілмен көмір қазу бойынша тау кәсіпорны. Кесіндінің өндірістік қуаттылығы жылына – 42 миллион тонна. Көмірді тұтынушылар Қазақстан Республиксы мен Ресей Федерациясының энергожүйелері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |