5 СЫНЫП
4 МОДУЛЬ Менің елім – Қазақстан. 2 САБАҚ
МҰҒАЛІМ: Қалжанова Айгүл Мирасқызы
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Біздің Отанымыз
Сабақтың мақсаты:
1. Өтілген тақырыпты қайталап, бекіту.Оқушыларға аймақтық компонентті қолдана отырып, туған қаламыз Рудный тарихымен таныстыру;
2. Өлкетану тарихын пайдалана отырып оқушылардың бойында өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін дамытып, патриоттық сезімге, елін, халқын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, түсіндірмелі - баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, проектор,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, достар! Сабағымызды тәуелдік жалғауды қайталанудан бастаймыз. Мысалы: менің қалам – мой город .Айтып отырамыз!
- Көп рахмет! Тәуелдік жалғауды біледі екенсіңдер!
Сабақтың тақырыбын анықтау.
-
Балалар, бүгінгі сабақта жаңа модулмен танысамыз. Яғни бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы....жо-жоқ! Бұны біз мына бейне клиптен білетін боламыз!
Рудный тарихы туралы бейнеклип.
-
Сонымен фильм не туралы?
-
Бұл фильм кім туралы?
-
Сендерге ұнады ма? Неге ұнады?
-
Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?
Сабақтың мақсатын анықтау
-
Иә, дұрыс бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Біздің Отанымыз – Рудный қаласы. Ал сабағымыз қалай өтеді екен? Бүгін біз не істейміз?
Бұл кезде сыныпқа оқушы кіреді де:
Хеллоу май френс, майн нейм ...
-Мұғалім: Сәлем, сен қазақ тілін білесің бе?
- Ия, білемін, мен бүгін Рудный қаласына қонаққа келдім! Мені осындай сұлу, әдемі қаламен таныстырасыңдар ма?
- әрине, таныстырамыз!
Мұғалім: -Сонымен, балалар саяхатымызды қайдан бастасақ?
РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АВТОВОКЗАЛЫ суреті
біріншіден, бәріміз аялдамаға шығайық!
АЯЛДАМАДАҒЫ ПОЛИЛОГ.
-
О, сәлем, !
-
Қалың қалай?
-
Жасың нешеде?
-
Оқуың қалай?
-
Ата-анаң қалай?
-
Күзгі демалыста қайда бардың?
-
Қайда бара жатырсың?
-
сонымен, достар, міне, сендерге мынадай тапсырма: карточкадағы сөздерді оқу, фонетикалық жағынан қандай сөз екенін анықтау
Карточкадағы сөздер:1 кешен, көрсеткіш, кенші,
2. әмбебап, дәмхана, мұражай
3. шаштараз, даңғыл, тұрғын, алаң
Достарыңызбен бөлісу: |