Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
|
Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің ТАӘ: Камбелова У.
|
Сынып: 8
|
Қатыспағандар саны:
Қатысқандар саны :
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Болашақ мамандықтар
|
|
|
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
8.4.3.1 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.
|
Сабақтың мақсаты
|
перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты табады, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды;
сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады.
|
Бағалау критерийі
|
-Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беруде мәтіннен қажетті ақпаратты табады;
-Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, ой тұжырымдайды;
-Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология:
Перифраза, сөз формасы, синоним
|
Құндылықтар
|
Ашықтық, өмір бойы оқу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
минут
5 минут
|
1-тапсырма. «Мамандық – өмір таңдауы» дегенді қалай түсінесіңдер? Ой бөлісіңдер.
Болашақтың 10 мамандығы.
Әлемге керек 10 маман.
|
|
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
15 минут
|
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға перифраз жасаудың жолдарын еске түсіреді. Оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды.
Перифраза дегеніміз не?
Перифразаны жасаудың қандай жолдарын білесіз?
Перифраза жасау не үшін керек?
Анықтама.
Перифраз (гр. periphrasis — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір).
Сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып, белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу.
(Уикипедия)
Оқылым тапсырмасы.
2-тапсырма Мәтінді тыңдаңыз
Болашақта қандай мамандықтар пайда болады? Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін. 2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты. Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі мүмкін. 2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |