Ұйымдастыру
3 мин.
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
7 мин
Жаңа білім
25 мин
Бекіту
7 мин
Кері байланыс
3 мин.
Үй тапсырмасы
|
Санау арқылы топқа бөлу
Өзін-өзі бағалау парағын тарату
-Оқушылар, бүгінгі көңіл күйлерің қандай?
Үй тапсырмасын тексереді.
«Серпілген сауалдар» әдісі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты , күтілетін нәтиже хабарланады.
1.Бокс туралы не білесіңдер?
2.Қазақстанда қандай танымал боксшыларды білесіңдер?
«Түртіп алу» әдісі
Оқушылар мәтінді оқу барысында жаңа сөздердің астын сызып отырады.
Грамматикалық бағдар:
Сөзжасам туралы түсінік
Сөздік құрамның жаңа сөздермен баюына сөзжасам қызмет етеді. Сөзжасамның тәсілдері: 1.Синтетикалық –негізгі түбіргесөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы сөз жасау. Мысалы:би+ші спорт+шы, т.б
2. Аналитикалық –негізгі түбірлердің бірігуі , тіркесуі , қосарлануы арқылы сөз жасау. Мысалы : жолсерік , тасбақа, сыйақы, т.б. 3.Лексика-семантикалық –белгілі бір сөздің жаңа мағынаға ие болуы арқылы жаңа сөздің жасалуы. Мысалы:желі, өрнек, кесте, жарма ,т.б
Перифраз-заттың , құбылыстың атын тура атамай ,суреттеп көрсету. Мақсаты-сөзді бейнелі етіп сипаттау ,оған эмоционалды-экспрессивті баға беру. Мысалы: қара алтын-көмір , ақ халатты абзал жан-дәрігер , орман патшасы-арыстан , ақ ұлпа –қар ,т.б.
Аргументативті эссе – даулы тақырыпқа жазылған әдеби шығарма.
Басқаша айтқанда, “қосыламын” және “қарсымын” деген сияқты дау тудырушы кейбір тезистерді қорғайды.
Өзін-өзі бағалау парағын жинап алады
|
Санау арқылы 3 топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын оқиды.
4-тапсырма
Елімізге танымал боксшылардың суреттері көрсетіліп, суреттер арқылы тақырыпты болжайды.
Оқылым тапсырмасы
1-тапсырма.
Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқиды.
Сұрақтарға жауап береді
1.Спорт кәсіпке жата ма? Оны қалай дәлелдейсіңдер?
2. Рингтегі айқас қалай суреттелген?
3. Боксшы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсындар?
4.Қазақ боксының деңгейі қандай?
Жаңа сөздермен жұмыс: бокс, гонг, спарринг, ринг, апперкот, хук.
Жазылым
Жеке жұмыс
2-тапсырма
Берілген сөздердің жасалу тәсілін кестеге жазады
Төреші, сүзеген, тізгін, сана, қарсылас, ауыр, ашу-ыза, айқас.
синтетикалық
|
аналитикалық
|
Лексика-семантикалық
|
|
|
|
Топтық жұмыс
Берілген сөздерді сөзжасамның жасалу тәсілдеріне қарай жинақтайды.
Бүркітші, орамжапырақ, арбакеш, баспа, биші, шабандоз, бапкер, көкөніс, тікұшақ, көрме, бұрыш, жасау, үрмебұршақ.
1-топ: Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер
2-топ: аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер
3-топ: лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер
Тыңдалым
Қанат Ислам туралы бейнежазбаны көріп, негізгі ойды анықтайды.
Тыңдалым тапсырмасы
1.Қанат Исламның өз Отанына қайтып келіп , еліміздің атын шығаруына қандай баға берер едіңдер?
2.Спорттың қиындығы қандай ой салды?
3.Еліміздің даңқын көтетер ел азаматына қандай тілек айтар едің ?
Топтық жұмыс
4-тапсырма
«Ғибратты сөз» айдарында берілген мәтіндегі ойды анықтау барысында пікірталас ұйымдастырады.
1. Шал ақын айтқан жігіт сипаты қазіргі заманда қалай көрінуі мүмкін?
2. Тірі жан мен құр жан тобындағы жігіттердің қазір айналысатын істері қандай?
3. Жігіт жанның жақсы қасиеттерін таратып айта аласыңдар ма?
Жазылым тапсырмасы
4-тапсырма
Сегіз қырлы ,бір сырлы жігітке тән қасиеттер туралы аргументативті эссе жазады.
Сөз саны 70-80.
|