Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызы



Дата28.06.2016
өлшемі410.5 Kb.
#164079


Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір ауылы «С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Сара Жанатаева

Сабақтың тақырыбы:Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызы

Мазмұны:


 

1. Кіріспе

1.1. Өсімдіктер тарихынан..................................................................................2

2. Зерттеу бөлімі

2.1. Бөлме өсімдіктерінің түрлері.......................................................................3

2.2. Гүлдердің құпия сырлары............................................................................4

2.3. Гүлдерді күтіп-баптау..................................................................................11

2.4. Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері………………….………………17

3. Қорытынды

3.1. БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ...............................18

4. Әдебиеттер........................................................................................................20

1. Кіріспе

1.1. Өсімдіктер тарихынан

Гүл. Не бары үш әріптен ғана тұрады.Солай бола тұра бүкіл әлемнің әсемдігі мен әдемілігін бойына жинаған ерекше қасиетінің мәні сонда – көпшілік көңілін өзіне аудара білетіндігі дер едік. Расында, бір сәт айналаға зер салып қараңыздар. Керемет, қарасаңыз көзіңіз тоймайтын гүлге көмкерілген ғажайып дүние. Ендеше, мұндай ғажайыпты жасау сіздің өз қолыңызда дегіміз келеді. Ол үшін гүлді сүйіп,гүл өсірудің әдіс – тәсілін үйреніңіз. Гүл жайлы, тіпті кез келген өсіп тұрған өсімдік жайлы әңгіме айту үшін, ең әуелі оның ішкі әлемі, биологиялық ерекшеліктері ұрықтануы, басқа да тірі организмдер секілді өзінен кейін ұрпақ қалдыратынын біздер әсте ұмытпауымыз керек.

Ата-бабаларымыз: «Гүл – жердің көркі» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Ол үшін «Гүл өсіре білесіз бе?» деген сұраққа жауап іздейміз. Жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы, олардың құпиялары, сонымен қатар, адамзат өміріне ауадай қажет дәрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ізденуге болады. Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік береді. Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайға өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек.Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдылығы және температуралық режим керек.Өсімдіктердің ең басты қасиеті – олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді қырып жіберетін ерекше зат – фитонцидтерді өз бойынан, бөліп шығарады. Сондай-ақ, адам өмірі үшін ең басты пайдасы – ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады. Бөлме өсімдіктері үйді тек шаңнан тазартып қана қоймай, жиhаздардан және еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлінетін улы заттарды (бензол, формальдегид) бейтараптандырып отырады. Бұл тұрғыда шырмауық, фикустың Бенджамин түрі және филодендрон мен кәдімгі алоэ өсімдіктері өте пайдалы .Бөлме өсімдіктерінің тағы бір ерекшелігі – ауаны үнемі ылғалдандырып тұрады. Кейде үй ысығаннан бөлмедегі ауа қатты құрғап кетеді . Әсіресе адамның көзі тез шаршап, шашы мен терісі құрғай бастайды. Мұндай кезде бөлмеде спармания, циперус,т.б.өсімдіктер болғаны дұрыс. Бұлар құйылған судың 90%-ын жапырақтары арқылы сыртқа шығарып, ауаны тез ылғалдандырып отырады.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп - жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір - біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.



2. Зерттеу бөлімі

2.1. Бөлме өсімдіктерінің түрлері

Бөлме өсімдіктерін өсіру үшін дұрыстап таңдап алу керек. Олардың өсуіне қажетті жағдайларды жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген дұрыс. Өсімдіктер өніп-өсу үшін жарық, температура, ылғал қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтың шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады.



Жарық сүйгіш өсімдіктер. Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы – кактустар, сүттіген, сенеция, стапелия, литопса, фаукария, зониум т.б., гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония);

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге – аспарагус, бегония, глоксиния, сенполия, фукция, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік ормандарында өсетін жатаған шөптер – маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бромелия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі –эпифиттер.

Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропикті өсімдіктер жатады. Мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі.

Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі – кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып, жапырағы түсіп қалады.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер – қырыққұлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық, традесканция, зебрина, саркококка, фикус т.б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер.


2.2. Гүлдердің құпия сырлары


Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань) гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.


ПІЛ ҚҰЛАҒЫ (ALOCASIA) гүлінің әдемілігі - жалпақ жапырағында. Жапырағының көлемді болуына байланысты гүл «піл құлағы» деп аталады. Сонымен қатар, жаңбыр жауар алдында піл құлағының жапырағынан тамшы тамады, осы қасиетіне орай гүлді «жылауық», «ауа райын болжағыш» деп те атайды. Гүл фитостерол, темір, никель, хром, мыс т.б. көптеген макроэлемент пен дәруменге бай. Биологиялық белсенді заттардың құрамында көп болуы әр түрлі инфекциялық ауруларға төтеп бере алатындығынан көрінеді. Ғалымдар өсімдікті ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында гүлдің жөтел, мастопатия, ревматизм, денедегі түрлі жараға сондай-ақ, аллергия, қабыну мен ісікке және асқазан ауруларына қарсы ем екендігін дәлелденген.

ЖАСАҢШӨП (АҚША АҒАШЫ)


Жасаңшөп (ақшалы ағаш) кәдiмгi ақшаны әкеледi.Өсірген жасапшөптің жапырағына аса көңіл бөлген жөн. Себебі жапырақ мейлінше үлкен болса ол мол қаржы алып келеді деген сөз. Ал егер мейлінше ұсақ, көп болса ақша кішкене – кішкене жан жақтан мол қаржы келеді деген сөз. Ақша гүлін өсіре отырып, оған күнде тиын салып тұру керек. "Балықты қалай су қызықтырады, ақша менің гүлімді де солай қызықтырады." деп айтқан жөн. Жасаңшөп (толстянка) фэн-шуй ілімі бойынша қаржы ісінде сәттілік әкелетін өсімдік болып есептеледі. Өсімдіктен бөлінетін тозаңдар адам ағзасына пайдалы. Ол ауаны тазалайды. Өсімдік ағзаның психикалық және физикалық шаршағанын басады. Адам ағзасын жұқпалы ауруларға қарсы белсендіреді.
Күй талғамайтындықтан қараңғылау бөлмеде де жақсы өседі. Бөлме өсімдіктерінің әрқайсысына тән сенімдер бар. Көбі жасаңшөпті «ақша шақыратын өсімдік» деп жатады. Ағаш биіктеп өссе, жапырағы қалың әрі үлкен болса, қаржылық жағдайдың жақсаратынын білдіреді деп сенеді. Ал өсімдік жақсы өсуі үшін оған күтім жасау керек.
Гүлдің жақсы өсуі оны дұрыс отырғызудан басталады. Оның өскінін ешкімге көрсетпей (ұрлап) немесе сатып алады. Отырғызар алдында өскіннің түбін сәл құрғатады. Гүлсауыттың түбіне «ақша шақырсын» деген ниетпен тиын салып, сонан соң гүлді отырғызады. Өсімдік биіктеу өсуі үшін көктем басталған кезде қырқады. Өте қараңғы бөлмеде ұстауға болмайды. Өсімдік жаздың ыстығына төзімді болғанымен, қыста бөлме температурасын он бес градустан асырмау керек. Ыстыққа төзімді болу үшін өсімдікті көктемнің ыстығынан бастап бейімдеген дұрыс. Оны топырағы құрғаған кезде ғана суарады. Сұйық тыңайтқыштармен тыңайтады. Өсімдік биіктеп, ыдысы тарлық еткенде ғана ыдысқа алмастырады.
ФИКУС — «ҚЫЗҒАНШАҚ» ӨСІМДІК

Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ағылшын ғалымдары көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал жерік болған кезде берекесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.

ҚАЗТАМАҚ — ЕҢ ЖАҒЫМДЫ ГҮЛ

Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді. Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.

ЖАЛТЫЛДАҚ ЭХМЕЯ
Бұл өсімдіктер адам бойындағы мақтаншақтық пен жағымпаздыққа шыдай алмайды. Ол жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл гүлді жатын бөлмеге өсірмеген жөн. Ол адамды ұйқысыздыққа әкеп соқтырады. Сондықтан бұл өсімдікті қонақ бөлмеге немесе кеңселерге өсірген жөн.
ЖАЛТЫР СҮТТIГЕН
Бұл өсімдік нәзік жандыларды жақсы көреді. Және өзінің иесін жақсы көретіні соншалықты ол жағымсыз жаналық алып келген қонақты жек көреді екен. Ол үйге келген адамдардың жағымсыз энергиясын өзіне тартып, мейлінше өзінің қожайынына сол сөзді естірткізбеуге тырысады екен.
ҮНДI ЖӘНЕ ЖАПОН АЗАЛИЯСЫ
Олардың тамаша гүлдері және жалтыр жапырақтары сергектiктiң атмосферасын тудырады. Жағымды энергиямен үйді толтырады. Ол адамды ұйқысынан тұрғызады және оттегінің молдығымен пайдалы.

КАРЛИК АНАРЫ Адамға гранат әсері тәуліктің уақытына тәуелді болады: ол таңертеңнен жұмысқа қабiлеттiлiктi сергiтiп, жағдай жасайды, көңiлдi жақсартады, ықылас шоғырландыруға күндiз көмектеседi және әр нәрсенiң басын бiр ұстағанында емес, күнiне iстеп шығатын істі кешке дейін толық орындап шығуға әсер етеді. Гранат үйдегi адамдардың денесіндегі майда жарақаттарының жазыла бастауын үдетуге қабiлеттi, және бұлшық еттердiң күшеюiне мүмкiндiк туғызады. Анар қан тамырларындағы қан ұйықтардың еруiне мүмкiндiк туғызатыны және жүрек-қолқа ауруларына кедергi келтiретiні керемет.

ХАН БЕГОНИЯСЫ
Бегония адамдарға қиын жағдайларда тығырықтан шыға алмай жүрген адамдарға жақсы энергиясы арқылы тез шешім қабылдауға көмектеседі. Ол қабiлеттi және қарым-қатынастың қорқынышты жеңуге көмектеседі. Қызыл жапырақты бегониялар темекімен әуестенгендерге және бронхитпен ауыратын адамдарға өте пайдалы.

ШЕГIРГҮЛ (УЗАМБАРСКАЯ)


Осы топқа керемет түрлi формалары және түстері бар гүлді мыңдаған шақты сорттары және барқыт бетi бар еттi жапырақты түрлері жатады. Шегiргүлдер үйдiң атмосферасына жұбататын, тыныштандыратын энергия бөледі. Ақ гүлдерi бар өсiмдiктер кез келген үй үшiн жақсы. Шегiргүлiнiң ағы жүйке олқылығынан, жүйке жүйесiне салмақ түсуден сақтау қабiлетi бар. Сонымен бiрге ол шыбын-шiркейлерден құтылуға қабiлеттi. Қызғылт шегiргүлдер қанағаттық сезiмдердi, сенiм туғызады, тағамдағы қажеттiліктерді азайтады, жұмыс немесе қарым-қатынастан қуаныш сезiмiн шақырады.

КӨГIЛДIР ШЕГIРГҮЛДЕР


Олар әдемiлiкті жақсы сезетiн адамдарға творчестволық өмірде көмектеседi. Оларды музыкалық, көркем және орта мектептерде, творчестволық студияларда ұстауға болады. Шегiргүлдер күлгiн гүлдерiмен үйдегi энергетикалық атмосфераларды әсемдейдi. Олар өзара түсiнбеушіліктерді жеңуге көмектеседi. Барлық шегiргүлдер тамақ және қалқанша бездiң жұмысын үйлестіруге көмектеседi. Олар тамақтағы iсiп қызару процесстерiн азайтуға қабiлеттi.
КАЛАНХОЭ
Бұл еттi жапырақтары бар әдемi гүлдеген өсiмдiктер және ақ, сары, қызғылт сары, қызғылт гүлдерден тұрады. Ол әдетте сәуiрде гүлдейдi, бiрақ үй ішінде жыл бойы гүлдей алады. Бұл өсімдіктер адам бойындағы шаршағанды басады. Болмашы нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.
ПАРСЫЛЫҚ ЦИКЛАМЕН
Бұл дымқыл ауа және ағыл-тегiл суаруды қажетсiнетiн өте нәзiк өсiмдiктер. Оның айнымалы және қызу сипаты туралы шұбар жапырақтар айтады, бiрақ гүлдер жарық айдай сұлу қуаныш және шабыттың куәлiк қағаздары. Цикламенге тән қасиет шабыттың энергиясын бөлу, көңiлдi жақсарту. Ол организмнің қабiлеттiлiгiн арттырады, қоршаған ортаның кез келген зиянды әсерлерiне бейiмделуге ықпал етедi, сонымен бiрге өте төмен температураларда суыққа төзімді, аллергиямен азап шегетіндер үшiн пайдалы.

АСПАРАГУС


Бұл аспарагустiң түрi әлсiз адамдардың ойлар және сөздерiнiң энергиясынан атмосфераны тазартуға бейім. Кейде жағымсыз әсерлер адам жанында ұзақ жазылмай тұрады. Аспарагустiң нәзiк әсерi ренiштер туралы, басқа күнделiктi кикілжіңді ұмытуға көмектеседi.

ФУКЦИЯ
Бұл айдай сұлу, ағыл-тегiл суаруды қажетсiнетiн өсiмдiк. Ол адамдарға сергектік, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Адам бойындағы жағымсыз энергияны тартып алып, адамға ерекше әдемілік, көтеріңкі көңіл сыйлай алады. Бұл өсімдік сонымен қатар кішкене балаларды жақсы көреді екен. Дәрігерлер бұл өсімдікті әсіресе баласы жоқ адамдарға сыйға тартқан жөн деп санайды. Сонымен бiрге оны өмірден туңіліп жүрген адамдарға сыйға берген пайдалы. Фукция асқорыту жүйесiнiң аурулары, сүт бездерiн, өт жолдарын қорғайды.

КАЛЛОЛАР
Бұл өсiмдiктер үйдi мекендеушiлерiнiң бақытының тұмары қызмет көрсете алады. Оның сары гүлi шұңқыр сияқты ақ жапқышпен буынған. Сары - шабыт, қуаныш, өнердiң түсi, ақ - тазалықтың түсi. Сұлулықтың арқасында - каллолар үйдегі атмосфераны, көңiлсiз адамдарды қуанышқа, шаттыққа бөлей алады. Каллолар адам иммунитетін жоғарылатуға қабiлеттi, ренжігенде және жабырқағанда, өзіңді жалғыз сезінгенде бөлмеде каллолар болса, ол сені жалғыздықтан құтқарып, қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар ол жақсылықты жаны сүйеді, бiреудің оны кекетiп, қорлағанынан қорқады.

АГАВА


Бұл өсiмдiктердің таңғажайып түрi (ащы алоэға қарағанда), тәттi шырынымен тыныштандыруға қабілетті шырынды, еттi жапырақтары бар, үйде татулық атмосферасын туғызады. Мысалы, агава адамды тыныштандыра алады, ашу, ызаны болдырмауға тырысады. Адамға бұл өсімдік адамның ішкі сырын ішіне бүгіп қалмауға көмектеседi.
Дымқыл агава жүйке жүйесi үшiн пайдалы, невральгияның тез емдеуiне мүмкiндiк туғызады. Сонымен бiрге ол зат алмасу процесін жақсартады, түршiгудiң тез жазыла бастауына мүмкiндiк туғызады.

КАКТУСТЫҢ «КӨҢІЛІН» АУЛА

Жапырақтардың тікенек, тік (кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, отбасында ұрыс-керіс шақырады.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз. Ал кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «түу, түрі құрысын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.

ШЫРМАУЫҚ


Табиғаттың әсем жаратылысы болып саналатын гүлдер тазалық пен сұлулықтың нышаны екені белгілі. Десек те гүлдердің жағымды қасиетінен басқа да жағымсыз қасиеттері бар екен. Былайша айтқанда, қарапайым гүлдердің адам баласына кері зиянды жағы да болады. Құпиясы мен жұмбағы көп мына тіршілікте мұндай нәрселерге бас ауыртатындар аз. Алайда ата-бабаларымыз табиғаттың тылсым жаратылысына аса жауапкершілікпен, сақтықпен қарап келген. Мына шырмауық гүлді өсірудің қажеті жоқ. Өйткені шырмауық гүлін өсірсең, үйден ұрыс-керіс кетпей, гүл тәрізді шырмалып жүресің. Тіпті «Біреуден шырмауық гүлін алсаң, ерлі-зайыпты кісілер ажырасып кетеді» деген бұрыннан қалған сөз бар. Сондықтан мұндайға мұқият болу керек».

ТҮЙМЕДАҚ — күтімі жеңіл гүл. Америкалықтар хлорофитум гүлі бөлме ауасын жақсы тазартатынын ғылыми жолмен дәлелдеген. Сондықтан олар көп ретте мектеп, балабақша бөлмелерінде осы гүлді өсіруге кеңес береді екен. Аканик гүлін қазақтар «уқорғасын» деп атайды. Қытай ғалымдары «уқорғасынның алдында адамзат қарыздар» деген. Өйткені уқорғасыннан неше түрлі дәрілер алынады. Мысалы, бір ғана пілқұлағы (алоказия) гүлінің жапырағынан бірнеше дәрі жасалынады. Шырмауық гүлінің жапырақтарын суық суға бір салып алып, көз терісіне басса, көздің қан қысымы мен көз шаршауын басады. Ал кейбір гүлдердің адамның көңіл күйін көтеретін қасиеті тағы бар.


Аулада бір жылдық және көпжылдық гүлдерді өсіруге болады. Көпшілік негізінен көпжылдық гүлдерді таңдайды. Жаңадан гүл өсіруді бастаған адамдар үшін ең бірінші түймедақ (ромашка), бақытгүлін (хризантема) еккені дұрыс. Өйткені бұл гүлдердің күтімі жеңіл, аса күтімді талап етпейді.
Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар , жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп, үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды.
2.3. Гүлдерді күтіп-баптау

Өсімдіктерді орналастыру: Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, жұмыс столына бекітілген ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлап өсіру аз орын алады, оларды баптап күту қолайлы. Сондықтан шоғырлап отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампель өсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды – тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр- түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әртүрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты, пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді ( пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сөрелерде және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді.

Бөлме өсімдіктерінің топырағы: Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және күлгін құм араласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өімдіктердің қалдықтарынан: шөптен,қурап түскен жапырақтардан т.б.дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабын су, көң бөкпесін құяды. Тез шіруі үшін қорданы күрекпен әлсін-әлсін (3-5рет) араластырып отырады. 2-3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтың құнарлығын арттыру үшін қосады.

Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурап түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2-3 рет күрекпен қопарыстырады. 2-3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды. Шымтезек топырағын ми батпақты саз қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1-2 жыл ашық жерде ұстайды.



Шым топырақты былай дайындайды: Жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10-15 см және ұзындығы 30 -35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады ) ауыр немесе шым топыраққа (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады.

Өсімдіктерді суару: Әдетте бөлме өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құяды., соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді.Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7°С жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады.Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды.Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс.

Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суару керек. Жазда күн сайын, қыста сирегірек суарады. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалап тұру керек. Өсімдіктерді тұнған сумен суарады. Тамырына ауа жетіп тұру үшін топырақты таяқшамен қопсытады. Қопсытқанда таяқша өсімдіктің тамырын зақымдамайтын болсын. Өсімдіктердің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Олардың жапырағын шаңнан тазартқанда аса ұқыпты болу керек. Ірі өсімдіктерді аздаған сабын араластырған жылы сумен жуады. Ұсақ өсімдіктерді қол жуғышқа не шылапшынға қойып, үстінен су құйғышпен шашыратып жуады. Өсімдіктер тұрған бөлмені үнемі желдетіп отыру керек. Қыста өсімдіктерді неғұрлым жылырақ орынға көшірген жөн. Суаратын мезгілді қалай білуге болады?


Бұл оп-оңай. Гүл салынған қыш құмыраны сыртынан шерткен кезде, сыңғырлаған ашық үн шықса, онда топырақ құрғақ, суару керек деген сөз. Егер көмескілеу дыбыс шықса, онда топырақ дымқыл, суарудың керегі жоқ. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суын сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп те суару қажет.

Өсімдіктердің жапырақтарын таза ұстау үшін жылы суға малып алынған мақтамен не губкамен екі жағын бірдей сүртіп отырады; ал науа жапырақтарды –жұмсақ кистімен сүртеді. Түкті жапырақтарды сумен жууға болмайды ( бегония, глоксиния ), мұндай жапырақтардың шаңын щеткамен немесе кистімен тазартады.

Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады, сонымен бірге зиянкестер зақымдап, өсіп-өнуіне кедергі жасайды.

Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін -әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда  немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады.

Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмырадан топырағымен қоса қопарып алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.

Өсімдіктерді шоғырлап су ағар тесігі жоқ үлкен ыдысқа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге қояды.



Өсімдікті тыңайту. Өсімдіктердің қоректік заттар жөніндегі қажетін қанағаттандыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде енгізіп, олардың топырақтағы қорын толықтырып отыру керек. Тыңайтқышты (ертілген) бірнеше рет (1-2 аптадан кейін) өсімдіктің өсу және гүлдену кезеңінде енгізу керек. Жаңа ғана көшетелген немесе ауруға шалдыққан өсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ.

Тыңайтқыш ертіндісін қолданудан 2 сағат бұрын топырақтын түйіршіктері толық жібуі үшін таза су құю керек. Минералды тыңайтқыштар ретінде калий тұзы және суперфосфат қолданылады. Өну кезінде өсімдікке аммиак силитрасы қоспасын (21/2 ас қасық) суперфосфат (1 ас қасық), калий силитрасын (1/2 ас қасық) 10-12 л суға ертіп құю керек. Ал өсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак силитрасы қоспасын (1/2 ас қасық), суперфосфат (2 ас қасық) және калий силитрасын 10 л суға ертіп құяды. Дайындалған тыңайтқыш ертіндісін де (оның ережесі ұсынылады) қолданылған жөн. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өніп өсуіне жақсы ықпал жасағанмен бірақ оларды үй жағдайында дайындау өте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып табылады.



Өсімдіктерді көбейту: Бөлме өсімдіктерін өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесінділерінен (сабағынан, жапырағынан, тұқымының ) кесінділерінен өсіреді. Ол үшін оларды сабақ, түйнек, тамыр өркендерінен бөледі.

Өсімдіктерді вегетациялық жолмен көбейту, тұқыммен көбейтуге қарағанда жиі қолданады. Кесінділерді жас, ауруға шалдықпаған, жақсы жетілген өсімдіктерден қиғаштап жапырақтың сабаққа біткен жерінен кесіп алады, жас өркеннің жапырағы 1-3-тен аспауы керек. Кесіндіден 1-2 жапырақты қияды. Содан кейін шым тезекке немесе оның қосындысы мен құмға онша тереңдетпей отырғызып, маңайындағы топырақты нығыздайды.

Кесінділер тамырлануы үшін ылғалды ауа қажет. Сондықтан кесінділер отырғызылған жәшіктерді немесе қыш ыдыстарды әйнекпен не пленкамен жауып, су құйып жарық жерге қояды. Есте болатын бір жағдай кесінді тамыырланғанша оны күн сәулесінің тіке түсуінен сақтау керек.Әйнекті күніне бірнеше рет тазалап сүртіп, кесіндіге күніне 2-3 рет су бүркеді.Ол өсе бастаған кезде әйнекті аздап көтеріп қояды да,кейін мүлдем алып тастайды. Өсімдіктердің түріне қарай,тамырлануы 2-3 күннен бастап 2 айға дейін созылады. Кейбір өсімдіктердің кесінділер (мысалы Узамбар қоғажайы, сциндапсус, шырмауық) суда жақсы тамырланады. Кей өсімдіктердің (мысалы, Бегонияның әр түрі) жапырақтарының кесінділерінен өсіріп көбейтуге болады. Ол үшін жапырақты ылғал құмға отырғызады да ағаш таяқшаларға байлап, әйнекпен жабады. Тез тамырлану үшін ең қолайлы температура 25°С жылылық.

Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары: Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтың жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіруі — өсімдікті әлжуаздандырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады.Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекция немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай насекомдар өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Бөлме өсімдіктеріне өте көп зиян келтіретін насекомдар — өсімдік биті, кенелер,ақұнтақ,трипстер т. б.

Өсімдік биті. Тұрқы 2 мм болатын ашық көк немесе сары түсті насекомдар. Олар өсімдіктің жапырағына, сабағына, қауашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсыз болып келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктем мен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды, гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді.

Күресу шаралары: Фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен дәрілейді. Ол үшін жазда Тагатестің, помидордың, Петунияның, Дельфиниумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіріп алады. Пиретрумның тұнбасын: 10 г ұнтаққа 1 л су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10 г сабынға 1 л су) қосады.

Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады; темекінің Махорканың үгіндісіне су құйып (1: 10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбаны сумен араластырып (1: 3), оған иісті сабын немесе кір сабынын (1 л-ге 10г) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының, сарымсақ тың, помидор жапырақтарының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8 -10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.



Өсімдік кенесі. Тұрқы 0,3 -0,4 мм бітімі сопақша ақшыл сары түсті, денесін түк басқан насекомдар. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдіккке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптап жабысып алады да, доп –домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскен өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады.

Өсімдік нашар жетіліп, сәнін жоғалтады. Бөлме жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жоғарлығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелер азалия, пальма, гортензия, аспидистра, райхан гүлін, гелиотроп, фуксия, орхидея, кактустарды т. б. өсімдіктерді зияндайды. 



Күресу шаралары: Суға ерітілген пиретрумды арасына 7 күн салып, 5 рет (1л суға 2-3г) бүркеді. өсімдікке су бүркіп алып, оған пиретрумның немесе күкірттің ұнтағын себуге, сондай-ақ пияздың немесе сарымсақтың бір тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған бір ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құяды) бүркуге де болады. Ал бүркуге келмейтін өсімдіктерге төмендегідей әдіс қолданады. Туралған сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып,полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады

Гүл отырғызудың қыр-сыры.

Бөлме ішінде, терезе алдына қойып өсіретін гүлдер өте көп, әсіресе, орхидея, цимбидиум, милтония, каланхоэ, қоңыраугүл, фиттони, бегоний, фиалка, сенполия, бальзамин, эхмея, спатифиллум, рододендрон, жапондық аралия, пеперомио, раушан (роза), фуксия тәрізді гүлдерді көптеп өсірген жөн. Олар әр бөлмеге өзінше әр беріп, адамдардың демалу қабілеттерін арттырады, шаң-тозаңды бойына тартып,ауа тазалығын сақтауға көмектеседі.



Гүлдердің жақсы өсуіне таза ауа мен бөлме температурасының бір қалыптылығы аса қажет. Десек те кейбіреулері күн көзін я болмаса салқын ауаны ұнатпайды. Тәулік бойы түсіп тұратын күн көзін тек қалың жапырақты, жазық жағалардан,тропикалық аймақтардан әкелген бұталы гүлдер ғана көтере алады. Олар бөлме температурасы жылы болса, күн көзін онша қажет етпейді, ал жарық міндетті түрде керек. Қыс мезгілдерінде салқын температура жеткілікті, әрі оған олар төзімді келеді.

Гүлдерге терезе шынысының да пайдасы болып жатады: Терезе шынысы-қызғылт, қызылсары, сары, көзге көрінбейтін күлгін, инфрақызыл сәулелер түсіріп, гүлдердің қалыпты өсуіне күн көзінен жылылық нұрын төгіп тұру үшін пайдалы. Бірақ өсімдіктің көбеюі мен бүршік атауына көк, күлгін (фиолетовый), ультрафиолетовый түстер күн көзін өткізбейді. Сондықтан үй өсімдіктерінің әлсін-әлсін таза ауаға шығарып тұрған дұрыс. Үйде өсіретін гүлдерді қоректендіретін арнайы тыңайтқыштар дүкендерде сатылады.

Топырақ дайындау: Орхидея отырғызуға кәдімгі жай топырақ жарамайды Сондықтан бұл гүлді отырғызатын топыраққа қарағай мен емен тамырларынан, ағаштың қабығы мен шымтезек ,көмірдің күлін қосып арнайы тыңайытқыш дайындалады. Енді осы топыраққа марганцовка қосылған су құйып, бір кептіріп алады. Топырақтың бетіне мүк салса,топырақ ылғалдығын жоғалтпай, үнемі дымқылданып тұрады .Гүл отырғызатын ыдысқа ауа кіретін тесік қалдыру қажет. Ауамен тыныстаған топырақта өсімдіктің тамырлары кең жайылып жатады. Ал ауа жоқ ыдыста гүл кеуіп қалады. Бұл тропикалық өсімдікті 3-4 жылда бір ауыстырып отырады .

Гүлді баптау әдісі: Орхидеяның сабағы мен гүл сабағы да тым ұзын болып биіктеп өседі. Сиреп өскен тұстарының сабағы мен гүлін  бастарынан 1-2 жапырақ пен 1-2 гүл қалдырып, арнайы қайшымен қырқып, қысқартып отырады. Осындай әдіспен күтіп-баптаған гүлдің бойындағы гүлсидамдары гүл атып, ары қарай жайылып, құлпырып өседі.

Гүл отырғызушыларға кеңес: Гүлді бір тармағын я болмаса бұтағын су құйылған ыдысқа салып, тамырландырады. Гүлден алынған тұқымдық бұтағын күнге-желге тигізбей жеткізе аламыз ба? Минералды судың пластик ыдысының жоғарғы жағын кесіп алады, жартысын жаңағы алынған тұқымды орнатып, шамалы су себеді. Ыдыстың бетін кесіп алынған өзінің қақпағымен жауып, алып жүруге болады.

Гүлді көбейту үшін ыдысқа тыңайтқыш қосып өңделген топырақ салып, тамырланған қалемшені орналастырады. Жанына шыбықталған тірек ағаш қадап, әбден орныққанша байлап қояды. Топыраққа орнаған соң тым артық ұзарып өскен сабақтарын қырқып, қысқартып отыру қажет.

Гүлді ажыратып, көбейту әдісі: Гүлді ыдыстан түсіріп алып, бірнеше буынға бөліп, жеке-жеке отырғызады.Тек тамырына зақым келмесе болғаны .

2.4. Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері

Фукция гүлі — бұтақты өсімдік. 1 м биіктікке дейін көтеріледі. Салқын ауаға төзімді. Жапырақ бойындағы қызғылт, қызыл жолақ сызықтарымен көзге әсем болып көрінеді. Гүлдерді қызыл, күлгін қызыл, ақ болып келеді. Қатты түскен күн көзін жаратпайды, көлеңкелі жерде жақсы өседі. Жазда таза ауада ұстауға болады. Қыста бөлменің салқын ауасы жеткілікті. Жыл сайын наурыз айында сұлбасын, яғни ұзарған сабағын қырқып отыру керек. Топырақ пен бөлме ауасы ылғал беріп тұрса, фукция гүлі көп жасайды. Сондай-ақ күнбе-күн суарып тұрған жөн. Фукциядан алынған тұқымдық бұтағын суға салып тамырландырады. Бірден топыраққа да отырғызуға болады.

Каланхоэ өсімдігінің кереметтілігі

Каланхоэ өсімдігі бөлме гүлдері қатарына жатқызылады. Бұл әдемі әрі шипалы өсімдікке көп күтімнің қажеті жоқ .Тек күннің көзі түсетін терезенің алдына қойып, топырағы құрғай бастаған кезде бір суарып қойсаңыз болды.Каланхоэ жақсы өсу үшін кактусқа арналған тыңайтқышпен суарып отыру керек. Емдік мақсатқа қолдану үшін өсімдіктің жапырақтарын кесіп алып, 5-10 градуста көрсетілген тоңазытқышқа жеті күндей салып қояды. Содан соң еттартқыштардан өткізіп, шырынын бөлек сығып алады. 1литр каланхоэ шырынына 10 мл таза спирттен қосып,банкаға құйып, қақпағын жабады да тоңазытқышқа сақтайды. Осы каланхоэ шырынын аяқ тамырының (варикоз), терідегі жазылмай жүрген түрлі жараларға және күйік шалған жерлерге жақсаңыз, шипасы болады. Яғни, аталмыш шырын түрлі қабынуларға қарсы әсер ете алады. Сондай-ақ каланхоэның жаңадан сығылған шырынын тұмау кезінде мұрынға тамызуға болады.Ол ауыздың улы(стоматит), қызыл иек ісігі (пародонтоз), және маңқа (гайморит) ауруларына да ем.



Алоэ өсімдігі: Алоэның сырты әдемі көрінбегенімен оның шырыны мен жұмсақ қабығы түрлі ауруларға ем. Алоэ ағзадағы клеткалардың алмасуын жақсартып, денедегі жарақаттарды лезде жазады. Күні – бойы жұмыс істеп, кешке үйге оралған кезде қатты шаршағаныңызды сезесіз. Шаршауды басуға терезе алдындағы өсімдігіңіз ,яғни алоэ жақсы көмектесе алады. Дәріханадан дәрумендер сатып алып, ақша да шығындайсыз. Өзіңізге алоэ тұнбасын дайындасаңыз болғаны: 1 стакан қайнаған суға 2 шай қасық алоэ сығындасын қосып, әбден араластырыңыз. Стаканның төртен бір бөлігін күніне 3 рет ішіңіз, бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Егер де бір жеріңізді кесіп, тіліп алсаңыз, дәкені алоэ шырынына батырып таңсаңыз немесе жапырақты қақ ортасынан бөліп, жараның бетіне басыңыз, тез жазылады. Алоэның шырынын алу үшін, оның 2-3 жылдан кем өспегеніне көз жеткізіңіз. Емдік өсімдіктің ортаңғы және төменгі жапырақтарын пайдаланған дұрыс.Ол жерде шырын көбірек болады.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

3.1. БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

Өсімдіктер көп өсірілген жерде оп-оңай тыныс алуға болатынын байқайсыз. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көруге болады. Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді.


Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеде гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсірген жөн. Олар үйге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Гүлдердің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстыру керек. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады.

Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолдануға болады. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктер әрдайым таза, әдемі болуы керек. Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз келсе олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн. Тек, егер сіздің сүйіктіңіз сізге туған күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын ауыстырып тұруды, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде лақтырып тастауды ұмытпаңыз.

Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар – солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде /атап айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б./. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет. Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда қалас гүлдер /искусственные/ қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз. Сіз тіршілік иесі болғаннан кейін, үйіңізде де тірі гүлдердің болғаны дұрыс. Қалас гүлдерді үй-ішіңізде аллергиясы бар адамдар болса, бөлмеңізге күн сәулесі нашар түскен жағдайда ғана пайдаланыңыз. Гүл өсіретін арнаулы құтылардың көгілдір, жасыл, ақ, ақ сары түстерін сатып алсаңыз дұрыс. Гүл өсіруге қызықсаңыз, жоғарыдағы кеңестерді пайдалануға тырысыңыз. Бірақ, ең басты кеңесші сіздің ішкі жан дүниеңіз екенін ұмытпаңыз!

Тақырыбымды қорыта келе жоғарыда тілге тиек етіп отырған, бөлме өсімдіктері қазіргі кезде адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Бөлмеде өсіп тұрған тірі гүлдер тек әдеміліктің символы ғана емес.Олар көмір қышқыл газын өзіне сіңіріп, оттегі бөледі, сонымен қоса адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, тез ұйқтауына көмектесетін розамарин, мелисса, пеларгония өсімдіктерін атап өтуге болады.Әрине, бәрі емес, бірақ көп гүлдердің бойында осындай емдік қасиеттері бар .Бұл жолы бөлме ауасын тазартуда алғашқы болып табылатын шырмауық өсімдігіне жеке тоқталып кетсек.Шырмауық шырмала өсетіндіктен, тіпті бүтін бір қабырғаны да жабуы мүмкін. Онда оның ауаны тазарту қасиеті де күшейе түседі. Шырмауықтың түрлері өте көп. Олардың көбі көлеңкелі жерде өсе береді, тек ала жапырақты түрі ғана жарықты жақсы көреді. Тағы бір есте сақтайтын жайт, оның топырағы үнемі ылғалданып тұруы қажет. Ал жазғы уақытта аталмыш гүлді далаға шығарып қоюға болады. Қазіргі таңда бөлме өсімдіктеріне аса көңіл бөлінуде. Осындай игілікті істер осы жылдан әрі қарай өз жалғасын табады деген үміттемін.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1. «Биология және салауаттылық негізі» 1/2005. 63 бет

2. «Биология және салауаттылық» 6/2005 73 бет

3. «Биолог анықтамалығы» 1/2012 электрондық нұсқасы

4. «Қазақстан әйелдері» 2/2009 44 бет

5. «Қазақстан әйелдері» 6/2009 44 бет

6. «Қазақстан әйелдері» 11/2009 42 бет

7. «Өсімдіктер сыр шертеді» Қ. Сыбанбеков






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет