Молдахметова Роза Молдахметовна,
С.Байжанов атындағы № 162 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: 1. Дала ұғымының мағынасын түсіндіру. Дала өсімдіктері мен жануарлары олардың тіршілік жағдайлары, дала тіршілігінің өзара өлі табиғатпен байланысын білдіру. 3. Дала өсімдіктері мен жануарлары – табиғи бірлестік олардың құрғақшылыққа, қалыпты бейімділік арқылы тірі ағза – өлі табиғат қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту. 3.Табиғатты қорғай білуге тәрбилеу .
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, әңгімелеу, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі : Қазақстанның физикалық картасы, жануарлар мен өсімдіктер суреттері.
I.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру. Табиғат белдемелері. Шалғын өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
Табиғат белдемелері
1.Шалғынды жер дегеніміз қандай жер?
2.Шалғындар қандай жерлерде кездеседі ?
3. Шалғында қандай өсімдіктер өседі?
4. Ал, шалғында қандай тіршілік иелері болады?
5.Ірі аңдар болмайды, себебі не?
6.Шалғында өсетін өсімдік түрлері өте көп, себебі неде?
III.Үй тапсырмасын қорытындылау
7. Шалғынды жердің өсімдіктері мен жануарларын қорғау үшін не істеу керектігін сызба арқылы көрсет.
Шалғынды жердің табиғатын қорғау үшін не істеу керек ?
Таптамау
Тұқым себу керек
Шаппау керек
Мал жаймау
Құстарын атпау
Өрттен сақтау
IV.Жаңа сабақ .
Біз шалғынды жердегі жануарлар өсімдіктер туралы және шалғынның құрып кетпеу үшін не істеу керектігін айттық. Біздің Қазақстанда тағы қандай жерлер кездеседі?
-Таулы, шөлді, далалы.
-Ендеше, біз бүгін далалы жердің өсімдіктері және жануарлармен танысамыз.
-Қазақстанның 1/5 бөлігін дала алып жатыр. Жазы ыстық, қысы суық болады. Даланың бірнеше түрі бар : шалғынды дала, қуаң дала, егістік.
-Сендердің ойларыңша дала қандай жер?
-Дала ормансыз, жазық алқап.
-Далалы жердің көктем мен жазғы көрнісін әңгімелеп бер.
-Құстары қандай тіршілік жасайды ?
-Далада қандай жануарлар болуы мүмкін?
-Аспанда қандай құстар ұшып жүреді?
-Енді дала белдеменің аңдар мен өсімдіктері, климатына қысқаша сипаттама берейік.
Дала
(республиканың жер көлемінің
29%- ын алып жатыр)
|
Климаты
континентті
Шілдеде
+18 +23 кейде
+20+25,
Қаңтарда-16-17
дейін жетеді .
Жылына 220-310
мм-ге дейін
жауын-шашын
жауады.
|
Қара қызғылт
қоңыр, қою
қызғылт кейде
сортаң
топырақты
жерлер
кездеседі.
|
Боз бетеге, атқонақ,
қазжуа, мыңжапырақ,
жусан, ебелек. Емдік қасиетті итмұрын, меңдуана, бидайық,
қияқ, шай шөп, дәрілік валериндар
|
Саршұнақ, қосаяқ,
қасқыр,
борсық,
суыр,
қарсақ,
ақбөкен,
безгелдек,
тырна,
бозторғай,
бүркіт,
шағала,
торғай
|
V .Деңгейлік тапсырмалар:
I.деңгей
а) Қазақстанның жер бедері туралы айт.
ә) Шалғындар қандай жерлерде кездеседі.
II. деңгей
а) Дала қандай жер
ә) Дала өсімдіктері мен жануарларының тіршілігіне тоқтал.
III. деңгей
а) Дала өсімдіктері мен жануарларының адам өміріндегі пайдасы
ә) Дәрілік өсімдіктерін ата .
IV деңгей . «Мен жас эколог» тақырыбына шағын әңгіме жаз .
VI.Бекіту. Сөзжұмбақ.
1.Қылқан жапырақты ағаш .
2.Аңдардың баласын аулайтын жыртқыш аң.
3.Далада тіршілік ететін, қойға шабатын аң.
4.Майының емдік қасиеті бар дала аңы .
5.Жарықты сүйетін құс.
|
|
|
|
|
|
қ
|
а
|
р
|
а
|
ғ
|
а
|
й
|
|
|
|
|
|
|
|
қ
|
о
|
з
|
ы
|
қ
|
ұ
|
м
|
а
|
й
|
|
|
қ
|
а
|
с
|
қ
|
ы
|
р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
б
|
о
|
р
|
с
|
ы
|
қ
|
|
|
|
|
|
|
|
ж
|
а
|
п
|
а
|
л
|
а
|
қ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-Балалар, қандай сөз шықты?
-Қорық.
-Қорық дегеніміз не?
-Қорық - саны азайып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар қадағаланы, күтілетін жер. Оларды «Қызыл кітапқа, жазып, қамқорлыққа алады.
-Елімізде қоршаған ортаны қорғауға, әрбір аймақтың табиғи ерекшеліктерін сақтап қалуға ғылыми тұрғыдан мән берілуде.1997 жылы 15 шілде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше қорғалатын аймақтар «туралы заң қабылданды .
VII.Қорыту . Дала өсімдіктері мен жануарларының адамға пайдасы Сызба арқылы түсіндіріледі .
Дәрі -дәрмек
Сәндік
Таза ауа
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Терісі
Еті
Отын үшін
VIII.Бағалау.
Үйге тапсырма : Мәтінді мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |