“Текелі кәсіптік колледжі” МКҚК
Мамандығы: 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Біліктілігі: 1304012 Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы
САҚӨМ-50 тобы
Сабақтың тақырыбы:
Delphi – бағдарламалау тілі.
Интерфейсімен жұмыс
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi - де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi - де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуалды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп
атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және
көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi - де шамамен 200- ге жуық дайын компоненттер бар.
DELPHI – бұл Borland International- дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер“ архитектурасында, Internet, Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |