Сабақтың тақырыбы: «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ»



Дата28.01.2020
өлшемі113.77 Kb.
#447888
түріСабақ
дени сау тарбие

Сабақтың тақырыбы:«Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ»

 Сабақтын мақсаты:

 1.Білімділік:          

Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,  адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу

 2.Дамытушылық: 

         Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

3.Тәрбиелік:

Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:Кіріктірілген саяхат сабағы.

Әдісі:Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, баяндау, сергіту ,Кубизм әдісі,СТО-әдісі.

Пәнаралық байланыстар:

Жаратылыстану, экология, валеология, музыка, денешынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі:1. Слайдталған тапсырмалар, сағыз, чипсы,

кериешки, газдалған сусындар,жеміс-жидектер, құрт,Кітап «Путь к себе» С.А.Назарбаева Алматы «Атамұра»

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі.



1.Психологиялық дайындық: \Оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлайды.\

Армысын,асыл күн! Армысын,жан досым!



Армысын,асыл жыр! Жылуыма жылу қос,

Армысын,көк аспан! Міне,менің қолым!
2. «Ой қозғау» \Балалар,адамның көңілді болуы неге байланысты деп ойлайсыздар?\Оқушылар өз ойларын айтады\
2.Кіріспе сөз.\мұғалім\

Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық   адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы.

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі –салауатты өмір сүру,оны насихаттау мәселесі.

Ал,енді біздерді «Салауатты өмір» еліне саяхатқа бастап апаратын П.К.Иванов деген атамыз көмекке келіп тұр. Ол «Салауатты әдеттер» елінде тұрады. Мен барлығыңызға «Салауатты өмір» шыныңа сүрінбей жетулеріңізге тілектеспін. Енді, Иванов атамызды тындайық.\үнтаспа- дағы дауыс\

Достар мен сендерді «Салауатты әдеттер» елінің әр түрлі шаһарларына саяхатқа шақырамын.Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боласыздар.Әр шаһардың біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар.Егер сол заңдар мен ережелерді толық біліп менгерсеңіздер келешекте салауатты азамат пен азаматшалар боласыздар.

Мұғалім: Иванов атамызбен бірлесіп жасалған саяхаттың жоспарымен танысайық:

Кубизм стратегиясы.

1.Тазалық шаһары.

2.Күн тәртібі шаһары.

3.Дұрыс тамақтану шаһары.

4. «Дене салмағын қалпында ұстау»аялдамасы\салмақты есептеу \

5.Сауықтыру шаһары.

6.Спорт шаһары.

7. «Сергіту» аялдамасы\Қара жорға биі\

8.Табиғи шынығу шаһары.

9.Салауатты өмір шаһары.

Мұғалім:Балалар,егер сендер осы саяхаттан тиянақты білім,пайдалы кеңестер алсаңыздар ешқашан ауырмайсыздар,әрі сүйкімді,мықты боласыздар.Ендеше саяхатымызды бастайық.

1.Тазалық шаһары:\Оқушылар баяндайды\

А.Жеке бас тазалығы\Жеке бас тазалығы бала санасында кішкентай күнінен бастап қалыптасуы қажет.Дене тазалығы-денсаулықтың ең басты шарты.Апта бойы адамдардың денесіндегі май бездерінен 100-300мг тері асты май бөлінеді.Термен тұздар шығарылады.Егер оларды уақытында жуып тастамаса,онда микробтар бөлінеді,сондықтан кем дегенде аптасына бір рет денені жуу керек.

Б.Шаш және тырнақ күтімі \Шаш қорғаныш қызмет атқарады.Шашты жиі,өте сирек те жууға болмайды.Аптасына 2рет жуған дұрыс. Ал,тырнақтың күтіміне үлкен көңіл бөлу керек,себебі тырнақтың астында көптеген ауруды тұғызатын микробтар және ішек құрттарының жұмыртқалары жинақталады,сондықтан қолдарымызды жиі жуғанымыз дұрыс.\\

В.Тыныс алу жолдарының тазалығы \Мұрын қуысы таза болу керек, себебі біз мұрын қуысы арқылы тыныс аламыз.Және де үйіміз, оқитын класымыз таза ,таза ауамен желдетілген, көгалдандырылған болу керек.

Г.Ауыз қуысының тазалығы \ Ауыз –асқорыту мүшесі.Ауызға түскен асты 17рет шайнап жұту керек,себебі дұрыс шайналмаған ас асқазан мен ішек ауруларын тудырады.Тістерді күніне екі рет тазарту керек.Тазарту ұзақтығы 3минуттан кем емес.\және де тіс тазалау щеткаларын 3ай сайын ауыстырып отыру керек.

Д.Компьютерде жұмыс істеу ережесі \Компьютермен жұмыс істеу ережелерін дұрыс меңгеру керек.Компьютер көзге жалпы денсаулыққа қауіпті.Компьютерде ең қауіптісі-монитор.Монитор экранынан көзге дейін ара қашықтығы 70-80см –ден кем болмау керек.6сынып оқушылары күніне 20минут жұмыс жасау керек,8-9сынып-25мин,10-11сынып-50 мин.

2.Күн тәртібі шаһары:\үй тапсырмасы\

Ағзанды шынықтыр,

Күн тәртібін сақта.

Қоршаған орта тазалығын сақта.

А. Ендеше күн тәртібінің маңызы неде?

Б.Күн тәртібін құрып келу.\үй тапсырмасы\

3.Дұрыс тамақтану шаһары:

Тазалық сақта,уақытында дұрыс тамақтан деп сөз кезегін мектебіміздің медбикесі Алтынай Зұлхарнай қызына беремін.

\мектеп медбикесі:Даирова Г.Қ.

дұрыс тамақтану ережесімен таныстырады, сағыз, газды сусындар, чипсы, кериешкилердің зиянды жақтарын ашады, жеміс-жидектер,көкөністер,шипалы тағамдардың пайдасын түсіндіреді.\

4. «Дене салмағын қалпында ұстау»аялдамасы

Мұғалім:Балалар,әрбір адам денсаулығы жақсы болу үшін,өзін жеңіл сезіну үшін дене салмағын қалпында ұстау керек.Қалыпты дене салмағын есептеу үшін БРОК-әдісін пайдаланады. Бұл әдіс бойынша адамның бойының ұзындығын алып,одан 100см. алып тастаса әрбір адамның болу керек салмағы шығады.Мысалы,бойының ұзындығы 175см болса одан 100см аламыз,сонда қалады 75.Міне адамның салмағы 75кг болу керек,бірақ бұл әдіс арқылы бойы өте ұзын адамдардың салмағы есептелмейді екен.

5.Сауықтыру шаһары:

Мұғалім:xx1-ғасырда ашылған ғылыми-техникалық жаңалықтармен адам тіршілігі үшін жасалған техника жаңалықтарын санап жату қиын.Осы игіліктерді іске асырып жүрген адам өз денсаулығын сақтау үшін не жасап жатыр?Қанша емдеу,сауықтыру орындары ашылды,қанша емі жоқ аурулардың шипасы табылды.Дегенмен мұнын барлығы бүгінгі адамдар денсаулығының мәселесін шешпейтіндігі белгілі ,сондықтан «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деген халық нақыл сөзін есте ұстаған абзал.

\Оқушылар денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтады,үй тапсырмасы\

6.Спорт шаһары:

Мұғалім:Бізді Иванов атамыз спорт шаһарына алып келген екен.Бұл шаһардан нақты жауап табамыз,себебі спорт арқылы біз жарқын өміріміздің сәулесін өшіретін ауру түрлерінен аулақ боламыз.Салауатты өмір сүрудің де кілті осы шаһарда десек артық айтпаған болармыз.

«Бинго»ойыны\сұрақ-жауап\

-Қандай спорт түрлерін білесіздер?

- Жазғы спорт түрлері?Велоспорт,атспорты,жеңілатлетика,гольф,

теннис \большой,настольный\,футбол,суда жүзу.\

-Қысқы спорт түрлері.?\Биатлон, мәнерлеп сырғанау,фристайл, хоккей, шаңғы жарыстары,тау шаңғысы спорты,шорт-трек,сноуборд,скелетон\

-.Қазақстан намысын қорғаған олимпиада чемпиондары?\Серік Сапиев, Александр Винокуров, Майя Манеза, Зульфия Чиншалло, Ольга Рыпакова, Илья Ильин, Светлана Подобедова.

-Сіздер қандай спорт түріне әуессіндер?Қандай үйірмелерге қатысасындар?

-Спорт шаһарындағы адамдар қандай болады?\ассоциация құру\


Спорт шаһарындағы адамдар

батыл


күшті шымыр дені сау епті

Сәйкестендіру жұмысы:

1.Коньки тебу А.Негізгі құралы доп болатын спорт түрі.

2.Күрес Ә.Мұз бетінде арнайы құралмен сырғанау.

3.Футбол Б.Қысқы спорт түрі.

4.Ауыр атлетика В.Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі.

5.Шаңғы тебу Г.Штанганы жоғары көтеру спорт түрі.

Мектептің Спорт нұсқаушысы Қыдырбеков Б.С.

Денсаулық -зор байлық .Денсаулықты сақтап,аурудың алдын алу үшін дене жаттығулары немесе қимыл қозғалыстан артық ештеңе жоқ.Адам үнемі дене еңбегімен, спортпен шұғылданса , мүшелерге әсер етіп, төзімділігі артып, ауруларға қарсы тұра алады. Мұндай адамның бұлшық еті нағыз шыныққан, сүйегі мықты, көңілі жарқын ,денесі мығым, жүріс-тұрысы әдемі қалыптасады.

Оқушылар,біздің мектепте таңғы жаттығу жасау дағдыға айналды.Сол жаттығудың бірнеше үлгісін көрсетсек деймін.

\таңғы 16-жаттығу үлгісін көрсетеді\

7. «Сергіту»аялдамасы

Би-қозғалыс.Қозғалыс-денсаулық.Денсаулық-зор байлық.

-Олай болса әйгілі «Қара жорға»биін билейік.


8.Табиғи шынығу шаһары.

Мұғалім:Оқушылар, Алматыда «Балалар сауықтырудың республикалық орталығы» бар.\слайдпен орталық көрсетіледі.\

Осы орталықта балаларды қалай сауықтырады?

Оқушылар.Суық сумен шынығу арқылы сауықтырады.

Мұғалім:Суық сумен шынығуды баршаға үлгі етіп ұсынған кім?

Міне, балалар біздің сабағымыздың құпиясы ашылатын сәт те келді.

Біздің саяхатымыздың нұсқаушысы:Порфирий Корнеевич Иванов атамыз.

П.К.Иванов 1898 жылы 20-ақпанда Украинаның Ворошиловград облысының Ореловка селосында шахтер шаңырағында дүниеге келген.

Тоғыз баланың тұнғышы .35жасынан бастап суық сумен шынығуын бастаған.40оаяздарда шолақ шалбармен жүріп,1-2ай ас-су ішпей ,күнде суық суды үстіне құйды.Порфирий атамыз табиғат ажырамайтын үш бөлімнен тұрады деген.Олар:жер ,су,ауа.Осы үшеуінің пайдасын көріп,қорғай,сүйе біліңдер дейді .Кейінгі кезде «Қарғам» атты табиғи шынығу жүйесін ұсынды.Ол 12-қағидадан тұрады.Ұстазымыздыңбұл жүйесі қазіргі ауыр экологиялық жағдайда денсаулықты сақтап,қалпына келтіруді ғана емес ,адам санасы мен рухын жетілдірудің жолы болып табылады.\12-қағиданы талдау\

1.Күніне 2-рет салқын сумен шомыл.

2.Шомылар алдында табиғатқа шығып, жалаң аяқ жерді басып тұр, қыста ең болмаса 1-2мин. қар бас.Аузыңмен бірнеше рет ішке дем алып ойша өзіңе,барлық адамдарға денсаулық тіле.

Мұғалім:Жалаң аяқ жүрудің қандай пайдасы бар?

Әр түрлі зертханалық тәжірибелерге қарасақ,нерв жүйесінің 72 мың талшықтары аяқтың, әсіресе табанда болып табылады екен.Табан терісі өте күшті рефлекстік аймақ болып табылады.Ішкі ағзалардағы ауруды өкшеден белгілі нүктелерді тауып ,массаж жасау арқылы емдеуге болады екен.Аяқтың ең үлкен бармағы-бұл адамның басы және мойыны,үлкен бармақтан төменірек –адамның кеудесі,ал өкшесі –адамның ішкі құрылысы,3және4 бармағы-аяғы,2және5бармағы-қолы.Ендеше ,адам өзі жалаң аяқ жүру арқылы,табиғи үйкеліс арқылы массаж жасауын айтуға болады.

3.Темекі тартпа,ішімдік ішпе.

4.Аптасына бір рет судан,астан бас тарт.

5.Жексенбі күні жалаң аяқ табиғатқа шығып,содан соң қалаған асынды іш.

6.Сені қоршап тұрған табиғатты сүй,жан-жағыңа түкірме.

7.Барлық адамдармен,әсіресе қарт адамдармен амандас.

8.Сенің көмегіне мұқтаж адамдарға жақсылық жаса.

9.Сарандықты,жалқаулықты ,қорқыныш сезімдеріңді жеңе біл.

10.Ауру,өлім туралы ойлама,денсаулық туралы ойла. Бұл сенің жеңісін.

11.Ойлағанынды ісіңмен дәлелде.Бос сөйлеме.

12.Өзгелерге айтып осы қағиданы тарат,бірақ мақтанба.Қарапайым бол.

Мұғалім: Табиғаттың сиқыр күшін,

Ойла да,сезінші сен,оны түсін!

Ерте тұрып,денеңді шынықтырсаң,

Жалаң аяқ жерді басып,қарды кешсең,

Сүйсінесің,сезесің оның күшін,

Достасасың.

Бұл өмірде не керек?

Дұрыс жүріп,дұрыс сөйлеу керек,

Ішімдік ішпей,шылым шекпей,

Денемізді шынықтыру керек.

Ерте тұрып,кеш жатып,

Есірткіге еліктемей,

Ерінбей еңбек ету керек.

Бәрінен салауатты өмір сүру керек.

Мұғалім: Біз,Иванов атамызбенәр шаһардың жақсы жақтарын алып, «салауатты өмір» атты биіктікті бағындырдық.

Психологиялық тренинг: «Салауатты өмір дегеніміз?»

\Мұғалім бастайды, оқушылар жалғастырып шеңберге тұрады\



Салауатты өмір

           

1.Жеке бас гигиенасын сақтау.

2.Дене тәрбиесімен шұғылдану.

3.Күн тәртібін дүрыс ұйымдастыру.

4.Дене салмағын қалпында ұстау.

5.Дұрыс тамақтану.

6.Темекі тартпау.

7.Ішімдік ішпеу.

8.Қоршаған ортаның тазалығын сақтау.

9.Тиімді демалу.

10.Денсаулықты сақтау.

11.Денсаулықты нығайту.

12.Табиғатты қорғау.

13.Ерте тұрып,кеш жату.

14.Таза ауада серуендеу.

15.Табиғи күштермен шынығу.

16.Спортпен шұғылдану.

17.Күннің сәулесімен шынығу.

18.Жалаң аяқ жүру керек.


Қорытынды:\оқушылар бірге айтады\
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне,

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.


Мұғалім: Отанымыздың келешегі ,көркеюі оқушылар сендердің қолдарыңда.Сондықтан сендердің таңдауларың-салауатты өмір салтын сақтау.Жаны сұлу,тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай ,көк туын көкке қарай биік көтер

деп бүгінгі «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ»атты сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет