«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: ДМВ бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мергендік винтовканың механизмдерінің оқтау және атыс кезіндегі жұмысымен таныстыру
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.
-
Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?
-
Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?
-
Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?
-
Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?
-
Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?
-
Тасымалы бөгеттерге нелер жатады?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің оқтаулы кезіндегі жұмысы
Мергендік винтовканы оқтау үшін оған жабдықталған оқжатарды біріктіріп, тежегішті төмен түсіріп,бекітпе жақтауын соңына дейін апарып, жіберу керек.Осылайша винтовка оқталады.Егер бірден оқ атылмаса , онда тежегішті жоғары көтеру қажет.
Оқжатарды біріктіру кезінде оның ілмегі ұңғы қорапшасының ойығына кіреді,ал тіреу дөңес ілмекке ілініп қалады,оқжатар ұңғы қорапшасының терезесінде тұрады.
Тежегішті ату жағдайына қойған кезде қайта оқтау сабының қозғалйсй үшін ойық ашылады,ал тежегіш өсінің жуандаған бөлігіндегі ойықтар құрықша құйрықшасымен қалқанша шектегішке қарсы орналасады.
Бекітпе жақтауын артқа қарай әкелгенде , ол бекітпенің жетекші дөңесіне фигуралық алдыңғы қиғашымен әсер етіп,бекітпені солға бұрады,бекітпенің ұрыстық дөңестері ұқңғылы қорапша ойықтарынан шығады , бекітпе ашылады.Бекітпе жақтауының дөңесі автоағытқыш иінтірегін босатады,автоағытқыш құрықшасы ұрыстық серіппе әсерімен шүріппенің алдыңғы жағына қысылады. Бекітпе жақтауын одан әрі артқа апарғанда , онымен бірге ұңғы арнасын аша бекітпе шегінеді;қайтармалы серіппе қысылады;шүріппе бекітпе жақтауының дөңесі,ойығындағы қиық әсерімен артқа бұрылып, ұрыстық серіппе айналады;шүріппенің ұрыстық қайырмасы құрықша ілмектің артына өтіп кетеді,ал автоағытқыш шүріппесі автоағытқыш қайырмасынан секіріп кетеді.
Бекітпе жақтауының төменгі жалпақтығы оқжатар терезесінен өте салысымен патрондар оқжатар серіппесі әсерімен оқжатар қабырғаларының бүгілмесіне жоғарғы патрон тірелгенше көтеріледі.Бекітпемен қоса бекітпе жақтауының артқы қалыптағы қозғалысы ұңғы қорапшасының қақпағының сынасымен шекктеледі.
Бекітпе жақтауын жібергенде,ол бекітпесімен бірге қайтармалы механизм әсерімен алға жылжиды,бекітпе оқжатардан жоғарғы патронды итеріп шығарып,оны оқтыққа жібереді және ұңғы арнасын жабады.Осыдан кейін бекітпенің оқ беру қозғалысы тоқтайды.
Бекітпе ұңғының оқталатын қиығына келгенде , лақтырғыш ілмегі оқсауыттың сақиналы тесігіне кіреді:бекітпе ұңғы қорапшасын дөңесінің қиығының бекітпенің сол жақтағы ұрыс дөңесінің қиығына әсері күшінен бекітпе алғашқы айналым жасайды,ал содан кейін алға жылжыған бекітеп жақтауындағы фигуралық ойықтың бекітпенің жетекші ойығына әсер етуіне бекітпе бойлық осының айналасында оңға бұрылады; бекітпенің ұрыстық дөңестері ұңғы қорапшасының тіреулерінің артына кіреді,бекітпенің жетекші дөңестері бекітпе жақтауының фигуралық ойығының тіке участкесіне кіреді-бекітпе жабылады.Бекітпе жақтауы шеттегі бұрынғы жағдайға келгенде өз дөңесімен автоағытқыш иінтірегін алға және төменге бұрады,шүріппенің автоағытқыш қайырмасынан автоағытқыш құрықшасын шығарады;шүріппе ұрыстық серіппе әсерімен бұрылып,баяулатқыштың ілмегінен шығарылады да , ұрыстық қайырмаға тұрады.
Оқжатардағы патрондар серіппе әсерімен бекітпе жақтауына жоғарғы патрон тірелгенше жоғары қарай көтеріледі.
Винтовканы тежегішке қойған кезде қалқанша қайта оқтау сабы үшінойықты жабады және бекітпе жақтауы сабының қозғалыс жолында артқы жақта тұрады;осьтің жуандаған бөлігі құрықшаның құйрықшасына және қалқанша шектеуішіне қарсы тұрады.
Атыс кезіндегі механизмдер мен бөлшектерінің жұмысы.
Атыс жүргізу үшін винтовканы тежегіштен алып, ағытқыш ілмекті басу керек.Винтовканы тежегіштен алғанда қайта оқтау сабының қозғалысы үшін ойық ашылады және құрықша құқйрықшасы мен ағытқыш ілмек босатылады.Ағытқыш ілмек құйрықшасын басқан кезде ол тартқышпен бірге артқа ауысады;тартқыш ілмек құрықшаны бұрады да , оның шүріппенің қайырмасымен тіркеуін ағытады.Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің өсіне бұрылып соққышқа қатты соққы береді.Соққыш патрон капсюлін шапшаң бұзады.Патрон капсюлінің соққыш құрамы тұтанады, оқсауыт түбіндегісаңылау арқылы жалын дәрілі зарядқа өтеді де, оны тұтандырады.Атыс жүргізіледі.Дәрілі газ әсерінен оқ ұңғы арнасынан қозғалады;ол газ айдайтын саңылаудан өткен уақытта газдың бір бөлігі осы саңылау арқылы газ камерасына өтуге тырысады да ,газ поршенін қысады,ал газ поршені итергішті қысады.Итергіш өз серіппесін қыма отырып,бекітпе жақтауының алдыңғы алаңақайын соғады және бекітпе жақтауын бекітпесімен қоса артқа лақтырады.
Бекітпе жақтауы артқа шегіне отырып,фигуралық ойығының алдыңғы қиғашымен бекітпені бойлық өсінің айналасына бұрып, оның ұрыстық дөңестерін ұңғы қорапшасының ойықтарынан шығарады – осылайша бекітпенің ашылуы мен ұңғы арнасының жабылуы жүргізіледі.
Механизмдер мен бөлшектердің одан арғы жұмысы шүрінне мен ағытқыш ілмек құрықша ,баяулатқыш жұмысын есептемегенде ,оқтау кезіндегідей жүргізіледі.Шүріппе айналым соңында ағытқыш ілмектің алдыңғы бөлігіне соғады да, оны төмен түсіреді,құрықшадан ажырайды,сөйтіп автоағытқыш қайырмасына келеді.Ұрыстық серіппенің ұзын ұшының әсерінен құрықша бастапқы қалыпқа , яғни шүріппенің қайырмасына қарсы тұрады.
Мергендік винтовкамен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері
Мергендік винтовканың бөліктері мен механизмдері дұрыс ұстаған және қажетті күтім жасаған кезде ұзақ уақыт бойы сенімді әрі тоқтаусыз жұмыс істейді.Алайда механизмдердің ластануы , бөліктердің тозуы және винтовканы ұқыпсыз ұстау мен патрондардың ақаулығы атыс жүргізу кезінде кідірістер туғызуы мүмкін.
Атыс кезінде болған кідірісті қайта оқтау арқылы жою керек,ол үшін бекітпе ждақтауы сабынан ұстап артқа апарып ,босатып, атысты жалғастыру керек.
Жабдықтар мергендік винтовканы бөлшектеу , жинастыру , тазалау және майлау үшін қызмет етеді. Жабдықтарға: сүмбі ,сүрткіш,кірпішек, бұрауыш,түйреуіш, пенал және майлауыш жатады.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Оқталу кезіндегі бекітпенің жұмысы?
-
Атыс кезіндегі оқжатардың жұмысы?
-
Атыс кезінджегі кідірістер неден пайда болуы мүмкін?
-
Жабдықтарға нелер жатады?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Достарыңызбен бөлісу: |