Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы
Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Е әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Сөйлемдерге талдау жасау. Дыбыстық талдау жасау.
2.Табиғатты қорғауға, аңдар мен ағаштарға қамқорлық жасауға, жолдастарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
3.Логикалық ойлау, көзбен көру, есту арқылы есте сақтау танымдық кабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сүрақ-жауап, талдау, баяндау
Жаңа технология: дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: орман бейнесі, плакат, кеспе әріптер, аңдар суреті, дауысты, дауыссыз дыбыстар үйшігі
Сабақтың барысы:
I. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
- Саламатсыздар ма, балалар.
Отыра қойыңыздар
Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар. Сөздер оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?(ң)
-Қане дыбыстайық (ң, ң, ң)
-Кім айтады ң дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
-Неліктен? (себебі кедергіге ұшырап айтылып тұр)
-ң дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (аң,оң, тоң, жаңбыр, жаңғақ т.с.с.)
-өте жақсы
-Ендеше аң сөзін буынға бөлейік (1 буын) ң дыбысы қай жерде естіледі?
(сөз соңында)
-Жаңбыр сөзін буынға бөлейік (2 буын) ң дыбысы нешінші буында естіледі? (1-ші) .
-Жа-ңа сөзін буынға бөлу. (2 буын)
-ң дыбысы нешінші буында естіледі? (2-ші)
-Балалар, біз мысалдар келтіріп жатырмыз.
Сол мысалдардың ішінде ң дыбысынан басталатын сөз бар ма? (жоқ)
Қ дыбысы сөздің ортасында, соңында келеді екен, еш уақытта сөз басында
кездеспейді екен.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген сөздерді оқыту.
Сөздерді буынға бөлу.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Жаңбыр жауды. Таң атты т.с.с.
-Өте жақсы балалар.
Балалар, Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жан елтеді.
Талай ғажап оқиға!
Қызық сырын шерігеді.
-Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
(иә)
-Ендеше тыңдаңдар
-Ерте, ерте, ертеде ну орманда (суреті ілінеді) көптеген ағаш өсіп, құстар сайрап, аңдар тірішілік етіпті. Түн болып, Орман да, ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің барлығы мүлгіп ұйқыға кетті. Тым- тырыс. Сәлден соң тау арасынан күнде де сығылады. Қалың ағаш үстінен шыққан (бір құстың үні жан-жақсы жаңғыртып жіберді)
-(суреті көрсетіледі)-Ол қаңдай құс? (Тоқылдақ)
-Тоқылдақты, орман емшісі дейді. Себебі ол ағаштағы құрт-құмырсқаларды жеп емдейді екен.
-Өте жақсы
-Сонымен тоқылдақ теректің басына қонып:
Тоқылдақ: Тоқ, тоқ, тоқ, тоқ, тоқ.
Күн шықты, енді ұйқы жоқ,- деп теректің қабығын қаққылап жатады.
Теректің астынан бір аң оянып кетіп айғай салады.
-Кім айтады? Бұл қандай аң? (суреті көрсетіледі) (арыстан)
Арыстан: Таң атпай мазамды алған кім?- дейді.
Тоқылдақ: -Мен тоқылдақпын. Сен кімсің?
Арыстан: Мен арыстанмын.
Тоқылдақ:-Арыстан, арыстан, жылдам киін, мойныңды бұр, орныңнан тұр, тоғайға жүр, өрік шақ, жидеқ тап, жаңғақ қақ!- дейді.
Арыстан: -Маған өрігің, жидегің, жаңғағың да керек емес дейді де ашуланып қалып қояды. Тоқылдақ ұшып келіп, қайыңның басына қонып, қаққылай бастайды.
Тоқылдақ: тоқ,тоқ,тоқ,тоқ,
Күн шықты, енді ұйқы жоқ-дейді.
Қайыңның астынан бір аң оянып тұрып кетеді (суреті көрсетіледі)
-Бұл қандай аң? (қасқыр)
Қасқыр: Таң атпай ерігіп жүрген қайсысың?-дейді.
Тоқылдақ: -Тоқ, тоқ, тоқылдақ деген менмін. Өзің кім болдың?
Қасқыр: Мен ашулы қасқырмын.
Тоқылдақ: Қасқыр, қасқыр, сал сен асыр. Ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, тоғайға жүр өрік шақ, жиек тап, жаңғақ шақ.
-Балалар қасқыр жидек, жаңғақ шаға ма?
(Жоқ). Ол да тоқылдаққа ашуланып қалып қояды.
Тоқылдақ самырсын ағашының басына келіп қаққылай бастайды.
Тоқылдақ: -тоқ, тоқ, тоқ, тоқ.
Самырсын ағашының астынан бір аң оянып тұрып кетеді. (суреті --көрсетіледі)
-Балалар бұл қандай аң? (жолбарыс)
Жолбарыс: -Әй дүрсілдетіп, ұйқымды бұзған қайсысың дейді?
Токылдақ: Мен тоқылдақпын. Сен кімсің?
Жолбарыс: Мен жолбарыспын.
Тоқылдақ: Жолбарыс, барыс. Ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, тоғайға жүр өрік шақ, жиек тап, жаңғақ шақ!
Жолбарыс: -Қап бәлем, түнімен ұйықтамай, жаңа ғана көзім ілініп еді деп, ашуланып тоқылдаққа ұмтыла бергенде, тоқылдақ қашып құтылып бір ағашқа қонады. Қорқып кеткен тоқылдақ айтқан әнін де, қай ағашқа қонғанын да білмей отырып қалады.
Біз балалар тоқылдақтың есін жиып, қай ағашқа қонғанына, әнін еске түсіруіне көмектесуіміз керек. Балалар тоқылдақ орман аңдарын неге оятты?
(Ерте тұрып, еңбек етсін деді. Көп ұйықтай бермей). Еңбек ету керек екен. Ол
жаңғақ, жидек теріңдер деп оятты, бірақ арыстан, жолбарыс, қасқыр олар жаңғақ, жидек тере ме? (жоқ) Кім тереді еқен, оны сабақ барысында білетін боламыз. Қазір осы жолбарыс, арыстан, қасқыр жөнінде үйден оқып келген мәтінді оқиық.
3 балаға "Аңдар" мәтінін оқыту, не түсінгендерін сұрау.
Сонымен аңдардың пайдасы көп екен.
Оларды қорғау керек.
-Олардың қандай пайдасы бар?
-Олардың терісінен әдемі тондар тігеді.
-Балалар бұл аңдардан басқа қандай аңдарды білесіңдер? (қоян, түлкі, аю, тиін, т.с.с.) .
(ормаңға суреттері ілінеді):
-Балалар осы орманның шетінде 2 үй бар екен. Төбелерінің бірі көп шатыр, бірі қызыл шатыр. Бұл үйлерде дыбыстар тұрады екен.
-Балалар неге щатырларьі көп, қызыл деп ойлайсыңдар? Себебі онда дауысты, дауыссыз дыбыстар тұрады.
Қане бұл үйлерде қандай дыбыстар тұратынын айтып жіберейік, ол үшін өтілген дыбыстарды қайталап жіберейік. Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? (а,о,ы,у,ү) Олар қандай дауысты дыбыстар? Қандай дауыссыз дыбыстармен таныстық? (т,п,н,ғ,л,р,ш,й,қ,м,д,б,с,ж)
а,о,ы,у,ұ
Т,п,н,ғ,л,р,ш,й,қ,м,д, б,с,ж
Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар бүгін осы үйлердің бірін тағы да дыбыспен толтырамыз. Оның қандай дыбыс екенін білу үшін тоқылдаққа есін
жиюға көмектесейік. Сонымен орманда тағы қандай аң болады дедік? (тиін, аю, қасқыр, қоян). Осы аңдардың ішінде қайсысы жидек, жаңғақ теретін? (тиін).
Дұрыс айтасыңдар?
-Балалар бүтін тиін басқа бір ағаштың жаңғағын тауып алыпты. Ол жаңғақ емен ағашынікі. Тоқылдақтың қонған ағашы сонымен қандай ағаш екен? (Емен ағашы). Емен ағашының басқа ағаштардан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар? (оның діңі жуан болады)
Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, көпір сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен сөзін буынға бөлейікші.
Е-мен (2 буың)
-Емен деген сөзде бізге таныс емес дыбыс естіледі. Ол қандай дыбыс? (е)
Е дыбысын дыбыстату (е-е-е)
Е қалай естіледі? (Әндетіп, созылып)
-Ендеше ол қандай дыбысқа жатады деп ойлайсыңдар? (дауысты)
-Балалар ендеше бүгінгі танысатын дыбысымыз қандай дыбыс екен? (е)
Енді е дыбысын өз үйіне орналастырайық.
Біз е дыбысын дауысты дыбыстар үйінің екінші бөлмесіне орналастырамыз. Неліктен дең ойлайсыңдар? (Өйткені е дыбысы жуан дауыстыларға жатпайды, ол жіңішке дауысты дыбыс)
Е дыбысы көрші дауыссыз дыбыстар үйіндегі дыбыстармен қосып айтып, буын құрайық.
ер,ел,ең,ет,ес,еп, ем,еш,ре,ме,не,ше, де,те,т.с.с.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Оқулықпен жұмыс:
Е мен не ме ре ел жел
Е ден не ме не ер жер
Сөздерді буынға бөліп оқу.
Сөздегі е дыбысы буында естілетінін табу.
Дәптермен жарыс:
-Балалар біз е дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.
Е -► көркем жазу
Элементтерімен таныстыру
Үлгі дәптерге е әрпін жазу
Көп нүктенің орнына е әрпін қойып, суреттерді бояу. Кесе сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Кесе
Жер жаңа сөзбен таныстырып, дәптерге жазу.
-Жер деген не? Жер сөзінде қанша буын бар?
-Сонымең тоқылдақ қандай ағашқа қонып еді? (емен)
Ендеще оқулықта «Емен» деген мәтін берілген. Сол мәтінді оқып берейік, мұқият тыңдап отырыңдар.
(оқулықтағы «Емен» мәтіні оқылады)
Әр сөйлемге талдау жасау.
□-□.□□□□.□□□□□.□□□□
Мәтінде неше сөйлем бар? (4)
-Бірінші, екінші, үшінші, төртінші сөйлемдерде неше сөзден бар?
Неше? Нешеу?
Бес белбеу -Белбеу-бесеу
Алты ер -Ер-алтау
-
Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық? (е)
Е қандай дыбыс болды? (дауысты жіңішке)
Қандай мықты ағашпын таныстық (емен)
Сабағымыздың соңында мен бір өлең оқимын. Не туралы екенін тыңдап отырыңдар.
Орманға бара жатқандар,
Тіршілік дәмін татқандар.
Орманды қорғаңдар,
Аңдар мен құстарды атпаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Өмірге деген тілек бар.
Өтінемін түгел бәріңнен,
Орманды өрттен сақтаңдар.
Сонымен балалар табиғатты, орманды, аңдарды қорғауымыз керек. Тоқылдақ құсап ерте тұрып еңбек етуіміз керек екен.
Бүгінгі сабағымызды «өте жақсы» қатынасқан оқушыларға тиіннің жинаған емен ағашының жаңғақтарын сыйға тартамын.
Үйге тапсырма 75 бет Емен оқу, сөздерді оқу, үлгі жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |