Сабақтың тақырыбы Ежелгі қала Отырар. 33 сабақ. Жылдық қайталау



Дата26.09.2023
өлшемі1.11 Mb.
#478593
түріСабақ
дүние 33 сабақ Ежелгі қала Отырар


Бөлім:

Қоршаған орта

Педагогтің Т.А.Ә.

Жусипбекова Ирискул Авбакировна

Рафика Нұртазина атындағы ЖОББМ

Күні: 22.05.2023 ж.

Пәні: Дүниетану.

Сынып: 2 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі қала – Отырар. 33 сабақ. Жылдық қайталау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.1.2. Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі: топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі: оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі / уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 мин)

Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
«Қаланы тап» ойыны. Мұғалім сол қалаға байланысты бір сөз айтады. Оқушылар табуы керек. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан қасиетті қаланы ата. (Түркістан).
Ертіс өзені орналасқан қаланы ата. (Павлодар).
Еліміздің бас қаласын ата. (Астана).



«Қаланы тап» ойынын ойнайды.
Жеке тапсырма.
Туған қаласының суреті беріледі. Суретке қарап, оның қай қала және қай жер екенін табу тапсырма ретінде беріледі.

Лифт әдісі арқылы бағалау.


Термометр суреттері.



Сабақтың ортасы
(35 мин)

Жаңа сабақты түсіндіру.
Ежелгі заманда, яғни Орта ғасырларда қалалар болған. Солардың бірі Отырар қаласы. Мұнда сауда жақсы дамып, күміс тиындар шығарыла бастаған. Қолөнерде жақсы дамыған. Бүгін біз ежелгі Отырар қаласы туралы тереңірек оқып үйренеміз.
Оқулықпен жұмыс.
– Сонымен, біз ежелгі қалада экскурсиядамыз. Оқулықты ашайық. Оқулықтың мәтінін оқып, тапсырмаларды орындайық. («Тоқтап оқу» тәсілі.)
Қыш пешінің құрылысын қарастырыңдар, ол қалай жасалған екен, сипаттап көріңдер.
1-ші тоқтау (тежеу). «Жұмыс үстіндегі ұста» суретін сипаттаңдар. Ұста қандай жұмысты орындауда? Оған кім көмектесуде? Қандай дайын өнімдерді көріп тұрсыңдар? 2-ші тоқтау. Қалай ойлайсыңдар, «Күміс қойма» жәдігері қандай сырды жасыруда?
Оқушы дәптеріндегі А тапсырманы орындау.
Мұғалім: – Отырарда керемет шеберлер – көзеші, зергер, ұсталардың өмір сүргендеріне көздерің жетті ме? Олар қолдарымен біздің таңданысымызды тудыратын бұйымдарды жасады. Топ ішінде жұмысты орындай отырып, шеберлердің бұйымдарына жарнама жасаңдар. Ватманға қандай да бір бұйымды салып, оны сатып алушының сатып алуға ықыласы туатындай етіп мақтауларың қажет. Бұйымның сыртқы түріне және қолданысына мән беріңдер: адамның қандай қажеттілігін қанағаттандырады.
Сергіту сәті
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иілеміз оңға қарай, бір, екі, үш,
Иілеміз солға қарай, бір, екі, үш.
– Оқушы дәптеріндегі В, С.1 тапсырманы орындайық.
Ал енді, жұптасып жұмысты орындауда, көзеші мен ұста немесе зергермен сөйлескендей бір-біріңмен диалог құрыңдар.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен танысып, Отырардың қандай қала болғанын, онда нелер өндірілгенін қысқаша ақпаратпен танысып шығатын болады.

Кітапта берілген мәтіндерді кезек кезекпен бөлініп оқып шығады, оқыған мәтін дерінің мазмұнын айтады.


Кітаптағы суреттерге мән беріп, сурет бойынша өз ойларын айтып, әңгімелейді.


Алғашқы күміс тиындар туралы интербелсенді тақтадан көріп, қазіргі тиындармен салыстырады.


Сол замандағы ыдыс – аяқтарды көріп, қазіргі заманғы ыдыс – аяқтардан айырмашылығын, неден жасалғанын айтады.


Сол замандағы әшекейлердің неден жасалғанын айтады.


Кезек кезек жан – жаққа бұрылу арқылы қимылдармен орындайтын болады.


Сергіту сәті тынығып, дем алып алуларына өз септігін тигізеді.

Ұста мен зергер болып бір – бірімен сөйлейсіп, диалог құрады.



Медаль әдісі арқылы бағалау.





Бағалау критериі:
Ежелгі қала Отырар өркениеті туралы оқығандар ын мазмұндап бере алады.
Дескриптор:
Ежелгі замандағы зергерлік бұйымдардың қандай металдардан жасалғанын біледі;
Ежелгі заманғы тиындар мен қазіргі заманғы тиындарды салыстыра алады.

Қағаздан жасалған бағалау медальдары.

Сабақтың соңы
(5 мин)

Кері байланыс. (Рефлексия).
Лотер Зомверттің «Бес саусақ» әдісіне жауап береміз.
Бас бармақ – неден қиналдыңыз?
Балан үйрек – кімге көмектестіңіз?
Ортан терек – көңіл – күйіңіз қалай?
Шылдыр шүмек – не үйрендіңіз?
Кішкентай бөбек – қандай жетістікке жеттіңіз?

Бас бармақ – қай тапсырма да қиналғанын;
Балан үйрек – сыныптасы – ның қайсысына көмектес – кенін;
Ортан терек – сабақтағы көңіл күйін;
Шылдыр шүмек – осы сабақтан не үйренгенін;
Кішкентай бөбек – қандай жетістікке жеткенін айтады.

Роботты қуатта әдісі арқылы өз – өзін бағалайды.

Қалталы робот суреттері, оған балл қойылған батерияларды салып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет