Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер Құзіреттілікке жеткізетін мақсат міндеттер: а ақпараттық



Дата21.01.2024
өлшемі29.68 Kb.
#489536
түріСабақ
17 Еліктеу сөздер


Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

8 «В» – сынып

Уақыты:

11.10.2021ж.

Сабақтың тақырыбы:

Еліктеу сөздер

Құзіреттілікке жеткізетін
мақсат – міндеттер:
а)ақпараттық

Ақпарат көздері арқылы оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінікті ережее сай меңгерту;

ә)коммуникативтік

Жаңа материал бойынша алған білімдерін ауызша және жазбаша түрде қалыптастыру;

б)проблеманы шешу

Оқушыларға еліктеу сөз тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстары мен логикалық тапсырмалар орындату арқылы өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.



Сабақтың түрі:

Аралас сабақ;

Сабақтың әдісі:

Практикалық,көрнекілік,түсіндіру

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ,СТО,білім беруді ізгілендіру.

Көрнекілігі:

Мультемидиялық проектор, «Алма ағашы » плакаты

Пәнаралық байланыс:

Биология,жаратылыстану

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру бөлімі:

-Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар.
-Бүгінгі сабақта кезекші кім? Сабақта барлығы түгел ме?
-Олай болса, оқу құралдарымызды реттеп, сабаққа дайындалайық.



Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабақ құралдарын дайындау.

Сәлемдесу арқылы мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық орнайды.



ІІ.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық:


ІІІ.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру:


ІV.Жаңа білімді бекіту:


Мұғалімнің көмегімен бекіту:
Оқушының өз бетімен бекітуі:

V.Қорытынды:
Үйге тапсырма:


Бағалау:




Сөзжұмбақ.













































­
































































































































  1. «Қасақана» сөзінің синонимі?

  2. Қанша?,қаншама?,қанщалық? деген сұрақтарға жауап беретін үстеу түрі?

  3. Таңертең,әлдекімше,бірқатар үстеулері қалай жасалып тұр?

  4. Ылғи сөзінің синонимі?

  5. Жөнімен,кезекпен,ретімен сөздеріндегі жалғау қай септікте тұр?

  6. Қимылдың,іс-әрекеттің болу орнын,бағытын білдіріп,қайда?,қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеу?

  7. Түбір тұлғасын сақтамай жасалатын күрделі үстеулер қалай аталады?

  8. Ақырын жүрді,бірден сөйледі қандай үстеулер?

  9. «Орасан» сөзінің синонимі?

  10. Бүгін,былтыр,кешке,таңсәріде қандай үстеулер?



Еліктеу сөз.
Сендер табиғаттағы әртүрлі үндерге құлақ түріп көрдіңдер ме?
Айналадағы болып жатқан құбылыс сырын танып,үніне құлақ түрсең,онда еліктеу сөздер сендерге ең жақын көмекші болары сөзсіз.Мысалы, көріп отырғандарындай жаңбыр сатыр-сұтыр жауды,найзағай жалт-жұлт етті,коңырау сыңғыр етті,мылтық тарс етті,жұлдыздар жылт-жылт етті. Бұлар,яғни сатыр-сұтыр(дыбыстық еліктеуіш) біз оны құлағымызбен естиміз,жалт-жұлт,жылт-жылт(бейнелі еліктеуіш) яғни біз оны көз алдымызда көріп тұрмыз,бұл бейнелеуіш еліктеу болады,
Сонымен еліктеу сөз мағынасына қарай екіге бөлінеді:
1.еліктеуіш : сарт-сұрт,бұрқ-сарқ,сырт.дүңк,тық-тық т.б
2.бейнелеуіш : лап,қылт,жалт-жұлт,талтаң-талтаң,сылқ,кілт т.б
Құрамына қарай : дара қиқаң,бұралаң,шұбалаң,шошаң,ирелең т.б. күрделі күмп-күмп,ербең-ербең,жарқ-жұрқ,селк-селк т.б.
Тұлғасына қарай: негізгі арс,гүрс,былқ,баж,жалт,гу,зу,дыр,шолп т.б. туынды алш(аң),арб(аң),елп(ең),қылт(ың) т.б.

Оқушылар тақырыпты меңгергендерің болса,тапсырмалар орындайық.


1-тапсырма.
Төмендегі еліктеуіш сөздердің дыбыстық еліктеуіш сөздерін бір бөлек,бейнелеуіш еліктеу сөздерін екінші топ етіп жазып,оларды қатыстырып төрт сөйлем құраңдар.
Жарқ,даң-дұң,жылтың-жылтың,тарс,маңқ,лап,сатыр-сұтыр,дүңк,арс,тарс-тарс,бұлқан-талқан,сықыр-сықыр,сылқ.
2-тапсырма
Адамның күлкісін бейнелейтін сөздерді жазыңыз
3-тапсырма Тапқыр болсаң...
«Алма ағашы» ойыны.
Берілген алма ағашынан алмаларды үзіп алып,ондағы суреттерден еліктеу сөзі бар сөйлемдер құраңдар.
4-тапсырма.
Оқушылар арнайы дайындалған,қағазға жазылған төрт тапсырманы алады.Әр топтан бір оқушы шығады.Тапсырманы алған оқушы қимыл-қозғалысты үнсіз көрсетуі керек.Бақылаушы оқушылар-жазушылар.Оқушылар дөңгелене отырып тапсырма алған оқушының берілген тапсырмаға байланысты қимыл-әрекетіне қарап,сөйлем құрап жазады.
Үлгі:

Тапсырма бойынша қимыл-әрекетін бейнелеу

Жазушы суреттемесі

Сипаттау түрі

Сағат

Сағат сырт-сырт етті

Дыбыстық еліктеу



5-тапсырма.
Мына еліктеуіш сөздерден туынды сөз жасаңыз.
Лап,гүрс,жарқ,шіңк,саңқ,арс,дүңк,селт,шыр.

Сонымен,еліктеу сөздер дегеніміз не?


Көркем шығармалардан еліктеу сөздерді тауып,олардың дыбыстық не бейнелеуіш екенін ажыратыңдар.

Сабаққа қатынасқан оқушыларды бағалаймын.





Сөзжұмбақ.












Ә

Д

Е

Й

І
















М

­Ө

Л

Ш

Е

Р







Б

І

Р

І

Г

У







К

І

Л

Е

Ң

К

Ө

М

Е

К

Т

Е

С










М

Е

К

Е

Н

К

І

Р

І

Г

У





  1. Әдейі

  2. Мөлшер

  3. Бірігу

  4. Кілең

  5. Көмектес

  6. Мекен

  7. Кірігу

  8. Сын-қимыл

  9. Өте

  10. Мезгіл



Жауабы: Еліктеу


Еліктеу сөз.
Мысалы, жаңбыр сатыр-сұтыр жауды,найзағай жалт-жұлт етті,коңырау сыңғыр етті,мылтық тарс етті,жұлдыздар жылт-жылт етті. Бұлар,яғни сатыр-сұтыр(дыбыстық еліктеуіш) біз оны құлағымызбен естиміз,жалт-жұлт,жылт-жылт(бейнелі еліктеуіш) яғни біз оны көз алдымызда көріп тұрмыз,бұл бейнелеуіш еліктеу болады,
Сонымен еліктеу сөз мағынасына қарай екіге бөлінеді:
1.еліктеуіш : сарт-сұрт,бұрқ-сарқ,сырт.дүңк,тық-тық т.б
2.бейнелеуіш : лап,қылт,жалт-жұлт,талтаң-талтаң,сылқ,кілт т.б
Құрамына қарай : дара қиқаң,бұралаң,шұбалаң,шошаң,ирелең т.б. күрделі күмп-күмп,ербең-ербең,жарқ-жұрқ,селк-селк т.б.
Тұлғасына қарай: негізгі арс,гүрс,былқ,баж,жалт,гу,зу,дыр,шолп т.б. туынды алш(аң),арб(аң),елп(ең),қылт(ың) т.б.


1-тапсырма.
Дыбыстық:
Ошақ басындағы қазанның қақпағы даң-дұң етіт жерге домалай түсті. Алыстан атылған мылтықтың дауысы тарс етті.Жаңа туылған лақ маңқ етіп,енесінің бауырына кіре берді.Көршімнің итінің анда-санда арс етіп үретіні бар.Ілгеріде тарс-тарс еткен дауыс естіледі.Карға басқан адымның құлаққа сықыр-сықыр естілері анық.
Бейнелеуіш:
Қараңғы бөлменің іші сәлден соң жарқ етті.Аспанда жұлдыздар жылтың-жылтың етіп,көздің жауын алады.Күлпаштың оты лап етіп жана бастады. Әлдекімге ашулы Жантас мектепке бұлқан-талқан кіріп келді де,орнына жайғасты. Күні бойы жұмыста болған Ермек мас адамша сылқ етіп төсегіне құлай кетті.
2-тапсырма.
Мырс,шиқ-шиқ,қарқ-қарқ
3-тапсырма.
Ит арс етті,жылан ирелең-ирелең қозғалады,сағат сырт-сырт етті,қоңырау сыңғырлады,...
4-тапсырма.



Тапсырма бойынша қимыл-әрекетін бейнелеу

Жазушы суреттемесі

Сипаттау түрі

Сағат

Шар

Күлкі (сурет)
Жолбарыс



Сағат сырт-сырт етті
Шар тарс етіп жарылды
Ол мырс күлді.

Жолбарыс зу етіп жетіп келді.



Дыбыстық еліктеу
Дыбыстық

Бейнелеуіш


Бейнелеуіш

5-тапсырма.
Алыстан лапылдаған оттар көрінеді.
Трактордың гүрсілдеген дауысы үй ішіне естіліп тұрды.Күннің көзі терезеге жарқырай түсіп тұр.Маңайдан шіңкілдеген дыбыстар естіледі.Көлден саңқылдаған аққулар ұшып барады.Арсылдаған иттен қорыққан Бәтима жылап жіберді.Есікті әлдекімдер дүңкілдетіп қаға берді.Би кешінде барлығы селтеңдете билей берді.Байғұс бала шырылдап жылап қала берді.

Еліктеу сөздер табиғаттағы әр алуан құбылыстардың дыбыстарына еліктеумен немесе олардың бейнесін елестетумен байланысты туған сөздер.


Үй тапсырмасын жазып күнделіктеріне жазып алу.
Бағаларын қойдырту

Сөзжұмбақты шешу арқылы өткен сабақты пысықтап,жаңа сабақтың тақырыбын ашады.



Ақпараттық құзіреттілік:
Ақпарат көздері арқылы еліктеу сөздерді меңгереді.


Коммуникативтік құзіреттілік:
Алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде сабақ үстінде қолдануды қалыптастырды.


Проблеманы шешу құзіреттілігі:
Алған білімдері бойынша берілген тапсырмаларды орындап,өз беттерімен жұмыстана білуге дағдыланды.

Сабақ өз мақсатына жетті.



.

IV.Қорытынды:
Үйге тапсырма:
Бағалау:








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет