1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет1/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
11 Kazak tili 2007


1 нұсқа



1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз.
A) 8.
B) 6.
C) 10.
D) 7.
E) 12.

2. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) Қазақтың тілі.
B) Құрбы-құрдас.
C) Жезтырнақ.
D) Ашудас.
E) Көкшіл.

3. Күрделі зат есімдерді белгілеңіз.
A) Оқушы, білім.
B) Ауыл, арба.
C) Өнеркәсіп, қызыл отау.
D) Көрме, теңіз.
E) Көңіл, күлкі.

4. Жинақтық сан есiмді анықтаңыз.
A) Үштен бір.
B) Үштік.
C) Үш үштен.
D) Үшеу.
E) Үшінші.

5. “Гөрі, үшін, сайын” шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Жалғаулық.
B) Тәуелдік.
C) Жіктік.
D) Демеулік.
E) Септеулік.

6. Архаизм сөзді табыңыз.
A) Саяжай.
B) Бетеге.
C) Маржан.
D) Адырна.
E) Шаңырақ.

7. Дұрыс жазылған сөздi белгілеңіз.
A) Модельi.
B) Модельдi.
C) Моделде.
D) Моделмен.
E) Моделге.

8. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын таңбаны белгілеңіз.
A) е
B) ь
C) щ
D) ә
E) к

9. Сөз жасаушы жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін көрсетіңіз.
A) Білімсек.
B) Білгер.
C) Білек.
D) Білгек.
E) Білгіш.

10. Біріккен түбірден жасалған сөзді табыңыз.
A) Дара.
B) Алтын.
C) Әнуар.
D) Көртышқан.
E) Жасыл.

11. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
A) Ешкім.
B) Қайсыбір.
C) Әлдекім.
D) Кімдер.
E) Кімде-кім.

12. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Әкелмессің.
B) Әкелді.
C) Әкелерсің.
D) Әкелгейсің.
E) Әкелсін.

13. Мақалды аяқтаңыз.
Ер қанаты - ....
A) табандылық.
B) ат.
C) серігі.
D) жылқы.
E) қару.

14. Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.
A) Қоғамдық-саяси әдебиет.
B) Көркем шығарма.
C) Газет-журнал тілі.
D) Ғылыми шығармалар.
E) Өтініш, сенімхат, қолхат.

15. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.
A) Ақылың аз, ашуың көп болса - қор боласың.
B) Адал достық алтыннан да қымбат.
C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
D) Ашуың келсе, қолың тарт.
E) Татулық - табылмас бақыт.

16. Дауысты дыбыстардың үндесуін не дейміз, белгілеңіз.
A) Екпін дейміз.
B) Орфоэпия дейміз.
C) Дыбыс үндестігі дейміз.
D) Орфография дейміз.
E) Сингармонизм дейміз.

17. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Үп-үлкен.
B) Тым әдемі.
C) Көгірек.
D) Қалпақты.
E) Өте жақсы.

18. Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз.
A) Баяндауыш.
B) Айқындауыш.
C) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.

19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.
B) Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.
C) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
D) Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады.
E) Рабиға біресе маған, біресе, Әмірге қарады.

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
A) Көп сағындырдың ғой, қуатым!
B) Көп сағындырдың ғой: қуатым!
C) Көп сағындырдың ғой - қуатым!
D) Көп, сағындырдың ғой қуатым!
E) Көп, сағындырдың ғой - қуатым!

21. Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсетіңіз.
A) Жүзі бал-бұл жанып ол былай деді: - Мен сізге қонаққа келдім.
B) Жүзі бал-бұл жанып: - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол.
C) - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол түрі бал-бұл жанып.
D) - Мен, - деді ол түрі бал-бұл жанып, - сізге қонаққа келдім.
E) Жүзі бал-бұл жанған ол өзінің қонаққа келгенін айтты.

22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
A) –Армысыз ардақты ата?
B) –Армысыз, ардақты ата!
C) –Армысыз ардақты, ата?!
D) –Армысыз, ардақты, ата.
E) –Армысыз ардақты ата.

23. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны - бәрін көруге болады.
A) Айқындауыш.
B) Оқшау сөз.
C) Бірыңғай толықтауыш.
D) Құрмалас сөйлем.
E) Қыстырма сөз.

24. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.
Отыз алтыға бөлінеді.
A) Қос нүкте.
B) Дефис.
C) Үтір.
D) Нүктелі үтір.
E) Сызықша.

25. Мақалды табыңыз.
A) Құс аяған көкке қарар.
B) Алтын алма, алғыс ал.
C) Пішуіне қарай тігісі.
D) Ит ашуын тырнадан алады.
E) Үндемеген ит қабар.

26. Үстеу қатысқан есімді тіркесті табыңыз.
A) Қазір жалғызбын.
B) Бәріміздің өміріміздің басталуы осылай еді.
C) Ол қайта-қайта қарады, бірақ танымады.
D) Мұнда бір салқындық бар.
E) Жаздың көркі енеді жыл құсымен.

27. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Оның құлағына гүріл естілді.
A) Пысықтауыш.
B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш.
D) Бастауыш.
E) Толықтауыш.

28. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Зал кең.
B) Дала жазық.
C) Кең зал.
D) Үй жап-жарық.
E) Тұрмыс жақсарды.

29. Жатыс жалғаулы есімшенің шарттылық мәндегі қатарын табыңыз.
A) Айтылған сөз - атылған оқ.
B) Сен туғанда қуандық.
C) Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің.
D) Мен келгенде жоқ болдың.
E) Жазған - есімше.

30. Төмендегі аралас құрмалас сөйлем қай қатарға тән екенін табыңыз.
Өздері елеп шақырмаған соң, Бақтыбайлар да біраз уақыт өкпелі боп үнсіз жатып алып еді, қыз алған жақ одан сайын тоң-теріс сыртын беріп, қарым-қатынасты біржола үзді.
A) Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
B) Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
C) Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
D) Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы, бағыныңқы.
E) Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет