Сабақтың тақырыбы: Else циклін басқару. Практикалық жұмыс Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата18.03.2024
өлшемі166.62 Kb.
#495920
түріСабақ
Елсе прак


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде алгоритмдерді программалау

Педагогтың аты-жөні

Нарымбекова А

Күні

21.02.2024

Сынып: 8

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Else циклін басқару. Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.3.3 цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue (континю), break (брик), else (элс));

Сабақтың мақсаты:

-Цикл басқару нұсқаулығын (continue, break, else) біледі, Программада қолдана алады

Бағалау критерийлері

Циклдік басқарудың бағдарламасын жазу

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру 3. «Мен ғажаппын» тренингін ұйымдастыру Өткен сабақты еске түсіру. continue, break, else циклдерінің қызметі ?



1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.




Слайд

Сабақтың ортасы

1-практикалық тапсырма. Ұзындығы N(1≤N≤20) бүтін сандар тізбегі берілген. Осы тізбек тек оң сандардан тұрса, онда тізбектің қосындысын, әйтпесе «Tizbekte teris san bar» жауабы экранға шығатын программа құрастыр. Түсініктеме. Тапсырманың программасын құру үшін, for циклін еlse блогымен бірге қолданайық. Тізбек мүшелерін енгізуді цикл денесіне орналастырамыз. Тапсырманың программа коды 1-суретте берілген. Программа коды орындалғанда 2-суреттегі нәтижені аламыз

2-практикалық тапсырма. Санның цифрларының құрамында 5-тен кіші цифр болмаса, онда мұндай санды «мықты сан» деп атайды. Х натурал саны берілген. Осы сан «мықты сан» болса, онда «Ia», әйтпесе «Joq» жауаптарын экранға шығаратын программа құрастыр. : Тапсырманың программасын құру үшін, while циклін еlse блогымен бірге қолданамыз. Санның цифрларын қалдықты анықтау амалымен бөліп алып, 5-пен салыстырып шықсақ жеткілікті. Тапсырманың программа коды




1 топ 1-есеп. N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасында «7» цифры болса, цикл жұмысын тоқтатып, «Error», әйтпесе санның цифрларының қосындысын экранға шығаратын программа құр. 1 топ 1-есеп Дискриптор: N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасында «7» цифры болса, цикл жұмысын тоқтатып, «Error», әйтпесе санның цифрларының қосындысын экранға шығаратын программа құру
2 топ 2-есеп. Латын әріптерінен құралған L жол берілген. Осы жолда ´k´ әрпі кездесе ме? Анықта. Егер іздеген әріп кездессе, онда «bar», ал кездеспесе, «joq» жауабын экранға шығаратын программа құр. Дискриптор: Ұзындығы N(1≤N≤20) бүтін сандар мен бір ғана бөлшек саннан тұратын тізбек берілген. Бөлшек сан кей жағдайда тізбекте кездеспеуі де мүмкін. Осы тізбекте бөлшек болса, онда санның орнын, әйтпесе «joq» жауабын экранға шығаратын программа құрады
Сараланған тапсырма 3-есеп. Ұзындығы N(1≤N≤20) бүтін сандар мен бір ғана бөлшек саннан тұратын тізбек берілген. Бөлшек сан кей жағдайда тізбекте кездеспеуі де мүмкін. Осы тізбекте бөлшек болса, онда санның орнын, әйтпесе «joq» жауабын экранға шығаратын программа құр. Программада деректер тігінен енгізіледі.

2-тапсырма.«Кім жылдам!» әдісі Электронды оқулықпен жұмыс https://www.armanpv.com/cd -дегі тапсырманы орындау



Мұғалімді тыңдайды Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.

1,2 практикалық тапсырманы орындайды

1,2 есептерді жылдам орындап қойған бала 3 есепті орындайды. Ескертпе(барлық бала орындауға міндетті емес.)


ҚБ:
2 балл

2 балл


Компьютер

https://www.armanpv.com/cd



Электрон
ды оқулық

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
«Бас бармақ» әдісі




Өзін-өзі бағалау.




Стикер


Үй тапсырмасы

Үйге тапсырма: 4.6 оқу. 2-тапсырма (102-бет)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет