1-жүргізуші: Ана болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар! Келесі кезекті 4- сынып оқушыларының аналарға арналған жыр шумақтарға береміз.
Ерсұлтан Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
Хангелді Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Жандаулет Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым
Әлихан Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай
Нұрасыл Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Ахмет Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Бекасыл Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Айбар 8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!
Арнұр Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Айару Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Ортасы
(20 мин)
Жүргізуші: Ару-ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасылбағы.
Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сіздерүшін мереке шашулары-деп алдарыңызда әсем әнді қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Балалар, мерекеге орай сендерге аналарымыз жайлы сұрақтар дайындап қойдық. Ол үшін ортаға жиналайық.
«Додоекадр» әдісімен балалар сұрақтарға жауап береді.
1. Әлемдегі ең аяулы жан, ол кім?
2. Сенің анаңның есімі кім?
3. Анаң сені қалай еркелетеді?
4. Әжең саған қандай ертегілер айтып береді?
5. Әжең саған қандай ақыл айтады?
6. Мектептегі ең сүйікті ұстазың кім?