Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) Сабақтың мақсаты



бет29/34
Дата06.10.2023
өлшемі370.78 Kb.
#480029
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
қмж 9-10 сынып 23-24 оқу жылы

Тәрбие сағаты №28

«Адам әдептілігімен әдемі»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Әдепті бала арлы бала

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға әдептілік, мәдениеттілік, әдемілікті көріністер арқылы түсіндіру;
ә) есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық-ізденімпаздық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын дамыту;
б) сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауға, әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.


Құндылықтарды дарыту

Ішкі тыныштық

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Әдептілік-дегеніміз ар-ұяттың белгісі,адамдық қасиеттердің көрінісі,адам мінез-құлқының көрінісі десек, адамның кісілік қасиеттері, мінез құлықтары жайлы ұлы адамдардың сөздерін тыңдап көрейік.
1.Абай атамыз мінез жайлы «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»деген екен.
2.Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунәсір әл Фараби бабамыз тәрбие туралы «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады»деген екен.
3.Ұлы ойшыл Демокрит «Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес,пікір-пиғылынан да көрінеді»депті.Мұндағы негізгі ой адамның ішкі дүниесінің бейнесін іс-әрекетінде көрініс тауып жатады дегені болса керек.
4. «Адамдағы ынсап, әділет, мейрім-үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады»деген Шәкәрім сөзі ар-ұжданның ұялу ғана емес, мейрімділік пен адамдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететінін танытса керек.
5. Адамгершілік- адамның ішкі рухани байлығы.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа»
Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі.Қазақ халқының өмірінде үлкенді сыйлау ұлтық дәстүрге айналған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу әрбір жастың парызы болып табылады. Ата- бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.
6.«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар:барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнненн бастап тәрбиелейді»дейді Шәкәрім.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам
кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;
б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.



Пікірлері тыңдалады

презентация

Ортасы (20 мин)



Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2. Өздерінің жөнді – жөнсіз қылықтарын айту
3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сәлем – сөз анасы.





презентация

Соңы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет