Әдепті бала арлы бала



Дата20.02.2023
өлшемі9.51 Kb.
#469832
түріСабақ
Тәрбие сағатты


Тәрбие сағатының тақырыбы: “Әдепті бала – арлы бала”


Сабақтың мақсаты:

1)Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына;


сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.

2)Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру;


3)Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.




Сабақтың көрнекілігі:
Интеративті тақта
Ұйымдастыру кезеңі


Кіріспе сөз

Сыпайылық, әдептілік туралы қандай мақал мәтелдер білесіздер?


Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Әдептілік – әдемілік.


Әдепті адам – әдемі.
Әдептілік дегеніміз – өзін-өзі кез келген ортада ұстай білу.Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.


Негізгі бөлім:

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.


Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.


Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?


Оқушылардың жауабы


Мектеп ережелері


1. Мектепке мұқият киініп, жақсы үтіктелген киіммен, әдемі таранып, жақсы тазаланған аяқ киім келу керек.


2. Мектепке уақытында кешікпей келу керек.Мектепке кіргенде басқаларды итермеу керек.Кірер алдында аяқ киімді жақсылап тазалап ал.
3. Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдесу.
4. Егер сыныпқа үлкендер кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұруымыз керек.
5. Сабақ кезінде тура қарап отыру керек. Сабақ үстінде жан-жаққа қарауға, бірімен- бірі сөйлесуге болмайды

Көшеде қалай жүру керек?


1. Көшеге таза және мұқият киініп шық. Үлкеннің алдын кеспе. Оған жол бер.


2. Көшені ластауға болмайды. Үйдің қабырғаларына жазуға болмайды, көшеде қатты сөйлеуге, қатты күлуге болмайды.

Қонақта:


Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып


орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпа


Практикалық бөлім:
Сұрақтар:

1.Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәнін түсіндіріп өтіңіздер?


2. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді»деген аталы сөзге түсінік беріп өтіңіздер?
3. «Ассалаумағалейкум» сөзінің мағынасын ашып беріңіздер?
4. Балалар, сіздер сәлемдесу түрлерін білесіздер ме?

Ойын :




  1. Кездескен кезде салемдесу

  2. Адамды итеріп, кешірім сұрамау

  3. Үлкендерге жол беру

  4. Кеткен кезде қоштаспау

  5. Біреуді ренжіту

  6. Көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу

Оқушыдар әрекеттердің қайсысы сыпайы, қайсысы әдепсіз екенін таңдайды




Қорытынды


Оқушылар, біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет