Сабақтың тақырыбы: «Ерлігі тірі мұраға, Елімді сүйген құдіреттен»



Дата20.06.2016
өлшемі67.54 Kb.
#149342
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ерлігі тірі – мұраға, Елімді сүйген – құдіреттен».

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылар Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың өмірімен қызметімен, ерлігімен таныстыру.

Тәрбиелік: елін жерін құрметтеуше, ерлікті бағалай білуге батырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: өлең жырларды мәнерлеп айтуға, дауыс ырғағымен айта білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеңес Одағының Батыры І.Үргенішбаев суреті, ерлік туралы плакаттар, нақыл сөздер.
Жоспар

1. Кіріспе бөлім

Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру

2. Негізгі бөлім

Кеңес Одағының Батыры І.Үргенішбаевтың өмірімен таныстыру.

3. Қорытынды бөлім

Әдеби-музыкалық монтаж, ән-шашу.
Кеңес Одағының батыры І.Үргенішбаевтың өмірі мен қызметі. (Батырдың сақталған документтері негізінде жазылған)

І.Үргенішбаев 1912 жылы Шалқар ауданына қарасты Талдықұм деген жерде (қазіргі Шалқар совхозының №3 фермасында) дүниеге келген. Әкесінен 5 жасында жетім қалып, жалданып мал бағады. Шыққан тегі кедей 1927 жылы «Талдықұм» бастауыш мектебінде оқып, оны 2 класын 1929 жылы бітіреді. 1928 жылы 28 октябрьде ВЛКСМ қатарына қабылданады. Сол кезде халық арасында сауатсыздықты жаппай жою міндеті қойылған еді. Ол үшін аз да болса, оқи білетін сауатты кадрлар өте қажет болды да, ондайлар жер жерге, мұғалім болып жіберіледі. Солардың бірі болып 2 кластық білімі бар Ідіріс те сауатсыздықты жоюға аттанады.

1930-1931 жылы Шалқар ауданының оқу бөлімінің жағынан ашылған мұғалімдер даярлайтын 5 айлық курсты бітіреді.

1933 жылы 1 сентябрьден 1 июньге дейін Алтықұдық мектебінде, 1933 жылы 1 сентябрьден 1935 жылы августке дейін Қайыңды мектебінде мұғалім, 1935 жылы сентәбрьден 1942 жылы январь аралығында «Талдықұм» бастауыш мектебінде қызмет атқарады.

Мұғалімдік қызметте жүргенде ол бір жағынан аудан көлемінде ұйымдастырылған қысқа мерзімде оқытушылар курсында оқып, сол алған білімін өз бетімен іздестіріп, оқу мен толықтырып, халықтың білім құмар жас ұрпақтың игілігіне жұмсайды.

Ерінбей еңбектенген білім сүйгіш жас жігіт Шалқарда ашылған ай жарымдық мұғалімдер білімін көтеру курсын 1937 жылы 29 июлбде үздік бітіріп 7 кластық орталау білім алып шығады.

Мектеп қабырғасында жас буынға білім беріп, тәрбиелеумен қатар, Ідіріс ересектерді оқытуға, сауаттарын ашуға көп күш жұмсайды. Халық арасында Партия мен өкімен саясатын насихаттап, саяси білім таратады.

Осындай жемісті қызметтері үшін ол бірнеше рет аудандық оқу бөлімінің мақтау грамоталармен наградталады, жұртшылық қызметіне бөленеді. Ідіріс мұғалімдердің ағартушылық қызметімен шектелмей түрлі қоғамдық жұмыстар атқаруға белсене араласады.

Сайлау санақ комиссиясының мүшесі, аудандық облыстық газеттердің штаттан тыс тілшісі, колхоздық басқарма мүшесі сияқты міндеттерід абыроймын атқарады. Ақтөбе қаласында ашылған колхоз МТС, совхоз партия колхоз және өндіріс активтерінің алты айлық сырттай курсын 1937 жылы 30 майда үздік бітіреді.

1937 жылы 20 октябрьде ол партия қатарына қабылданады. 1942 жылы январьда Совет Армиясы қатарына шақырылады. Қысқа мерзімдік дайындықтан кейін орталық майдан құрамында, соғысқа қатысады. Соғысқа қатысқан алғашқы күндерін де, ол өзін табанды коммунист, ер жүрек жауынгер ретінде көрсете білді.

1942 жылы август айында Курск облысының 1 Михайловск ауданындағы 260 біліктілік үшін жүргізілген ұрыста жасаған ерлігі үшін және инициативасы үшін ол «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталады.

1943 жылы октябрь айында Совет әскерлерінің Днепр өзені бойында жүргізілген ұрыстарда Үргенішбаевтың моральдік қасиеттері жаңа қырынан көрінеді.

1943 жылы 1-5 октябрь аралығында Совет әскерлері Днепр өзенін Чернилов облысының Любечь ауданының батысын таман жерде кесіп өту үшін, ауыр ұрыс жүргізіп жатты. Дұшпан қолайлы жерге орналасып артилерия миналент, пулемет қаруларының оғымен өзеннің оқ жағалауында біздің батальонның өтуіне мүмкіндік беріледі. Сонда ол инициатива көтеріп, бір топ жауынгерлермен қайыққа мініп, жаңбырдай жауған оқ астында өзенмен жүзіп өтті. Батальонның бір тобы келіп жеткеннен кейін ол қаланда басшылығын өзіне алып жауынгерлермен жауды траншеяларынан қуып шықты. Біздің әскерлер өзеннен өте бастады.

1943 2-3 октябрьде жаңбырдай жауған оқ астында ол бастаған жауынгерлер жаудың 22-і шабуымен тартады, рота жауынгерін өзінің ерлігімен жеңіске рухтандырды. Осы ұрыста ол дұшпанның 90 офицері мен солдатын жайды.

Қан майданда кешегі ауыл мұғалімі, рота порторігі сержант Ідіріс Үргенішбаев Отан үшін қаза тапты.

Днепр бойындағы ерлігі үлгі өнегесі және көрсеткен инициативасы үшін І.Үргенішбаевқа 1944 жылы 11 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен наградталды.

Батырдың денесі Ганель облысынң Лаев ауданындағы Деракичи деревнясындағы туысқандар биітінде жерленген. Жерлестері оның есімін қастерлеп есте ұастуда оның есімімен Шалқардағы №40 қазақ орта мектеп, қалалық орталық көше аталады.

Батырдың ұлы-Есенкелді, әйелі Жәмилә «Шалқар» совхозының Талдықұм фермасында тұрған.

Атқыштар полкінің Днепрдің оң жағалауынан шыға алмай жатқанына бесінші күн. Рота командіріне қыр мұрынды, қақпақ жаурынды, өткір терең көзді, орта бойлы пулемет бөлімшесінің командирі, сержант Ідіріс Үргенішбаев траншея ішімен еңбектеп келді.

-Жолдас командир, маған рұқсат етіңіз жағалаудағы қайықпен Днепрдің оң жағалауында қасыма бірнеше жауынгер алып, өтуге сұранғалы.

-Мына қардай борап тұрған оқ астында қайық түгіл топырақ та шұрқ тесік болып жатыр жастықтарыңды ала алмай қаларсыңдар.

-Жолдас командир бөлімше жауынгерлері Днепрге дейін де өзінің жастығын алған. Мына омыраудағы «Қызыл жұлдыз» ордені соның айғағы емес пе?

-Дұрыс, дұрыс айтасыз. Жолдас сержант!

Сіздің ерлігіңіз орталық майдан жауынгерлеріне бұрыннан да белгілі. «Ерлік білекте емес, жүректе ғой». Жүрегін осыны қалаған екен рұхсат етейін, бірақ қас қарайып, көз байланғасын қайыққа барлау жасап көріңдер.Оған дейін сіздің бұл ұсыныңызды батальон командиріне жеткізеді.

Траншея ішін жағалап Ідіріс өз бөлімшесіне келді. Жауынгерлер мен рота командирлері берген кеңесі жайлы жан-жақты әңгімелесті. Сөйтті де дайындық жұмысына кірісті. Екі жауынгерді қайықты бақылауға рекегенцировка жасауға жіберді. Күн кешетте сержант Үргенішбаев өздерінің жүргізген жұмыстары жайлы командиріне хабар жеткізеді.

Командир:

-Жолдас Үргенішбаев біз сізге аса жоғары сенім білдіріп осы жауапты да қауіпті істі тапсырып отырмыз. Немістер сіздің артыңызда пулеметші атқыштар барын білмеуге тиіс. Сіз рота командирінің саяси істері жөніндегі орынбасары саяси басшы екендігіңізді бір сәт те естен шығармаңыз.

Майдан жағдайынан қысқаша түсінік берді. Инициатива біздің қолда. Бірақ жаудың бұзылмай тұрған шебі – осы бір тұрған Любечь ауданы. Біз Любечь арқылы шабуын бастасақ біздің атқыштар полкінің пулемет бөлімшелері және артилерия киіп алып кетеді. Сонда дұшпанның соңғы бір тірегі Любечьтен үзіледі.

Түсіндің бе: бұйрықты қайтала!

-Толық түсіндім

-Сәт сапар, тездетіңдер.

-Кеңес Одағы үшін қызмет етемін.
1 Октябрь Кешкі Днепр. Түнге қарай қалың орманды қақ жара шыққан артилерия найзағай тізгілеп зіркілдете суды еріксіз толқынға айналдыруда. Сержант Үргіншбаев бастаған бір топ пулеметшілер өзен жағасында қалыңдық арасымен келді де қайыққа отырды.

Бораған оқ, азынаған аш қасқырдай өлім ішінде І.Үргенішбаев пулеметін қайықтың бас жағына құрып алып қанға-қан, оққа-оқ атып.

-Жігіттер алға, партия үшін, Отан үшін тура лға!

-Мына алдымыздағы бұтағы күйген жалғыз терекке.

Неміс басқыншыларының оғы қайық өзен ортасына келгенде жаңбырдай жауып кетті.Сол жағадағы ағаштардың жапырақтары мен бұтақтары қаққан мұрттай жиналып түседі.

-Міне өмір мен өлімнің соңы беттесуі Ідірістің есіне осы кезде жұбайы Жәмилә, өзін бағып өсірген Қанби түсті:

1 Минут үнсіздікпен Еске алу.

Тақтадағы суреттерді ерлік туралы мақалдарды түсіндіру.


Әдеби музыкалық монтаж. Ауыл мұғалімі

Дастан: Жайдары көктем жаз еді,

Жайқалтқан майса шалғынын.

Балақайлармен мәз еді,

Бастауыш мектеп «Талдықұм»


Тізімін алып шәкірттің

Тіл тауып, шаруа-халықпен

Ұланның бәрін шақыртып

Ұстатып бір-бір «Әліппе»


Іздентіп білім сырларын

Ідіріс аға тынбайтын

Болашақ үшін бұл дарын

Болаттай істі шыңдайтын.


Ағаның жаны ұғатын

Арманның мың дүрсін лебін.

Аялап дәйім тұратын

Ауылдың бүлдіршіндеріне.


Балақайлармен қырандай

Қанаттандырсам дейтұғым

Сапарға сұңқар ұландар

Сан аттандырсам дейтұғым.


Пайымдап отыр, Ідіріс,

Парағын ойдың ақтарып.

Санад сол бір дүбір іс,

Сауатын ашқан хат танып.


Қараңғы еді ел іші,

Халыққа тағар сын қанбай

Ескілік дәстүр желісі

Етектен тартып тұрғандай.


Жандар көп жүрген назалы

Тәуліктеп, түйір дәм татпай.

Өзектер талып-сазады,

Жүректі жалғар нәр татпай.


Қамқорсыз сондай кезінде

Қалдырмай қағыз назардан

Қайырымды жандар өзін де

Құтқарған аштық-ажалдан.


«Мұғалім – ол біздің»

Мектеп те оның атында

Мирасын күтіп ұстайық!

Халқымның мәңгі жадында



Ідіріс Үргенішбаев.

Сабақты қорытындылау.

  1. Мектебіиіздің есімі кімнің атында?

  2. Ідіріс аға балаларға қандай ақыл айтты?

  3. Соғыста қандай ерліктер көрсетті?

  4. Батыр аға есімімен қандай жұмыс орындары аталады?

  5. Ағамыздың ерлігін қалай құрметтейміз?

  6. Ідіріс Үргенішбаев қай қалада ерлікпен қаза тапты?

  7. Еске алу қай күні?

Оқушылар сұрақтарға сабақтан алған түсініктері бойынша жауап береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет