Сабақтың тақырыбы: Ермахан Ыбырайымов. Сабақтың мақсаты



Дата25.02.2016
өлшемі24.18 Kb.
#21929
Сабақтың тақырыбы: Ермахан Ыбырайымов.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақстанның әлемдік аренадағы спорт жетістіктері туралы мәліметтер бере отырып, қазақ мемлекетін әлемге әйгілі еткен Сидней Олимпиадасының алтын медаль иегері Е.Ыбрайымовтың өмір жолы мен спорттағы табыстарын нақты дәлелдер арқылы оқушыларға жеткізу.

  2. Спорт саңлақтарының жетістікке жету жолында пайдаланатын жаңа сөздерін оқушыларға таныстыра отырып, мән- мағынасын түсіндіру, ауызекі сөйлеу тілінде қолдануға дағдыландыру.

  3. Өз Отанын әлемге танытып жүрген спорт жұлдыздары,олардың жетістіктері туралы мәлімет бере отырып, Отанын сүюге, құрметтеуге, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күздің нешінші айы?

- Жылдың нешінші айы?



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а) 2-тапсырма (мазмұндау)

ә) 1 -тапсырма (жазбаша)

ІІІ. Жаңа сабақ

Өткен сабақтағы тақырыпты жаңа сабақпен байланыстыру

Ой шақыру” стратегиясы

- Сендердің ойларың бойынша Қазақстанда спорттың қай түрі жақсы дамыған?

- Қазақстанды Олимпиада кезінде әлемге танытқан атақты боксшыларды атаңдар.
1.Сөздікпен жұмыс (сөз тіркестерін құрастыру, сөйлем құрастыру )

Ие болу-иемдену- алу

Шұғылдан бастау-айналыса бастау

Бапкер-жаттықтырушы-тренер

Жаттығу-тренировка,үйрену

Жүлдегер- призер, жеңімпаз-победитель.

Марапаттау-награждать, жүлде тапсыру
2. Оқушылардың көңілін мәтінге аудару.

а) Мұғалімнің оқуы

ә) Оқушылардың оқуы

б) Сұрақ-жауап

- Ермахан кім?

- Ол нешінші жылы туған?

- Бокспен неше жасынан бастап шұғылдана бастады?

- Қандай орденмен марапатталды?


3.Дәптермен жұмыс.

3-тапсырма. Бос орындарға сұрақтар қойыңдар.

А. ...?


Ә. Ермахан Ыбрайымов 2000 жылы алтын медаль алып, Олимпиада жеңімпазы атанды.

А. ...?


Ә. Оның бапкерлері – Б. Қарсыбаев, Х. Дүсіпов,Ә. Нұрмаханов.

А. ...?


Ә. Ермахан Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.

А. ...?


Ә. Атланта, Пусан, Бангкок, Сидней қалаларында өткен ойындарда Қазақстанның Ту ұстаушысы болды.

4. Грамматикалық тақырып: «Сан есім»

а) - Сан есім дегеніміз не?

- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

- Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағынасына, құрамына қарай ажыратыңдар.

ә) Санды сол санның сөзбан жазылған нұсқасымен біріктіріңіз.


1972 он үш 2002
екі мың бір мың тоғыз жүз жетпіс екі 13
1996 екі мың екі 1999

бір мың тоғыз жүз тоқсан алты


2000 бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз

Қорытынды:

4-тапсырма. Мәтінге қарап, сөйлемнің дұрыс-бұрысын тексеріңдер.
2000 жылы Атланта қаласында жазғы Олимпиада өтті. Ермахан атақты боксшы. Ол Сидней қаласында өткен жазғы Олимпиадада қола медаль алды. Бокспен 15 жастан бастап айналыса бастады. Алғашқы бапкері – Б.Қарсыбаев. 2000 жылы Азия құрлығының ең үздік боксшысы атанды. Ермахан бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері болды.

Үй жұмысы:

1- тапсырма. Сөздерді жаттау (59 - бет)

2-тапсырма. Мәтінді мазмұндау.

3. “Менің сүйікті спортшым”



5-7 сөйлемнен тұратын эссе жазу.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары
loader -> Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы №1012 Қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
loader -> Жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджеттік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат 2014 -2016 жылдарға Зырян ауданының бюджеті «2014-2016 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті туралы»
loader -> Жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджеттік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат 2014-2016 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті ««2014-2016 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті туралы»
loader -> 1. Адамзат тарихының дамуының алғашқы кезеңі
loader -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
loader -> Сабақ тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс
loader -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 қазан аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
loader -> Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
loader -> Жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджеттік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат 2016 2018 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті «2016-2018 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті туралы»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет