Сабақтың тақырыбы: Әуе көліктері Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



бет1/2
Дата15.01.2020
өлшемі230.03 Kb.
түріСабақ
  1   2

Сабақ: Қазақ тілі

7-бөлім:

Көлік және жол белгілері


Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі

Күні:16.03.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Байтас Перизат Берікбайқызы


Сынып:5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Әуе көліктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.3.3.1 -сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

5.4.4.4 -сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сюжетті суреттердің желісі бойынша сан есімдерді қатыстырып әңгіме құрастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сюжетті суреттердің желісі бойынша сан есімдерді қатыстырып әңгіме құрастыра алады және сан есімдерді мағынасына қарай талдау жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Бағалау критериі

Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады

Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады. Сан есімді зат есім орнына қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Орфоэпиялық нормаға сай сөйлейді. Сан есімдерді табады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Самолет, вертолет, экипаж


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Әуе көліктері, әуе жолдары,



Алдыңғы оқу:

Су көлігі

Жоспар



Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс – әрекеттер





Ресурстар

Басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.



Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, түрлі – түсті стикерлер арқылы топқа бөлу. 1-топ Әуе тобы. 2-топ Су тобы.

Шаттық шеңбер арқылы оқушылар бір-біріне жылы тілек тілеу.

Стикерлер




Ортасы

25 мин

I тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы жетек сұрақтарға жауап беру және әңгімелеу.




  1. Суретте қандай көліктің түрлері бар?

  2. Бұл көліктердің қандай ерекшелігі бар?

  3. Әуеде ұшатын көліктің түрлерін ата?

Дескриптор

1

Сурет бйынша әңгіме құрастыра алады.

2

Сюжет желісі бойынша әңгіме құрастырады және өз ойын анық дәлелдеп айта алады.

ҚБ. Смайлик арқылы бағалау
ІІ. тапсырма «Джигсо» әдісі бойынша постер қорғайды, мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер және сан есімдерді тауып мағынасына қарай ажыратыңдар.

Ұшақ қалай пайда болды?

Өзге құралдар сияқты ұшақтар өздігінен пайда болған жоқ. Ұзақ ізденістің, ерен еңбектің қорытындысында бірінші ұшақты жасап, ұшырып, тәжірибе жасаған – екі өнертапқыш ағайындылар Уилбур мен Орвилл Райттар.

Райттарға ұшақ ойлап шығаруға геликоптер деп аталатын ойыншық ой салған. Әкесі Мильтон Райт балаларына 1878 ж. көктемінде іссапардан келе жатып бір ойыншық алмақшы болады. Дүкенде бұрын-соңды өзі көрмеген ойыншыққа көзі түседі. Бұрамасын бұраған соң, ызылдаған дауыс шығып, тірі жәндік сияқты аспанға ұшады. Оны сатып алып, балаларына апарады. Ерекше ойыншықтың құны арзан емес еді. Елу центке жаңа жейде мен сырты қапталған дұға кітабын сатып алуға болатын. Күні бойы ойнаған балалар ол затты сындырып алады. Қымбат ойыншық затқа бола әкелері ұрсады. Ағайындылар геликоптердің қалай жасалғанын көру үшін іші-сыртын ашады. Ағайынды балалардың ұшатын құрылғы жасауына осы зат ойтүрткі болады.

Дескриптор

1

Мәтіннен сан есімдерді таба алады.

2

Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратады.

ҚБ. Күн сәулесі арқылы бағалау


Деңгейлік тапсырма.

  1. Төмен деңгей: Мәтінді оқып,сұрақтарға жауап бер.

  2. Орта деңгей: Мәтіннен сан есімдерді тап.

  3. Жоғары деңгей: Сан есімдерді табу,оларды мағынасына қарай талдап, зат есім орнына қолданып түрлендір.

ІІІ. тапсырма «Венн диаграммасы» арқылы су көлігі мен әуе көлігін топтастыру.





Дескриптор

1

Сурет бойынша көлік түрлерін салыстыра алады.

2

Сюжет бойынша көлік түрлерін салыстырады және өз ойын дәлел арқылы жеткізеді.

ҚБ. Бас бармақ арқылы бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет