Сабақтың тақырыбы: Есімдік, жіктеу есімдігі Сынып: 6 Қатысқандар



Дата15.11.2023
өлшемі126.75 Kb.
#483306
түріСабақ
Ая қмж қаз тілі





Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Бөлім:

6-бөлім. Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер

Педагогтың тегі, аты, әкесінің аты:

Алдашова Аякөз Алдашқызы

Күні:




Сабақтың тақырыбы:

Есімдік, жіктеу есімдігі

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;
6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

Бағалау критерийі

- Мәтін мазмұны негізінде жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді
- Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады
- Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтайды
- Графиктік мәтін түрінде құрастырады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин

I.Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушыларға мақал-мәтелдерді таратып беремін, таратылған мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, мақал-мәтелдермен топқа бөлінеді
І топ Судың да сұрауы бар
ІІ топ Сусыз өмір жоқ
ІІІ топ Су -ырыстың көзі,
Еңбек- кірістің көзі


Тыңдалым алды тапсырма
Сұрақ: Бұл мақал- мәтелдерден ортақ тақырыбы не? \Су\
«Ой қозғау» әдісін қолдана отырып суреттер таратады. Сол суретке қарап мақалдың жалғасын табады. Су - ... көзі
Қандай қорытынды жасауға болады?





Оқушылар мұғаліммен амандасады, мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлініп, олардың мағыналарын топ ішінде ашып, талқылайды.


Мақал-мәтелдердің ортақ тақырыбы не екендігін ашады, берілген мақалдың жалғасын табады.





-Мақал-мәтелдердің мағыналарын ашады;


-ортақ тақырыбын анықтайды;
-мақалдың жалғасын табады.

Суреттер, тақта



Сабақтың ортасы
28 мин



Тыңдалым тапсырмасы
«Қабырғадағы сұрақтар» Қабырғада нақты сұрақтар жазылған қағаздар ілінеді. Оқушылар әр сұрақтың қасына барып, сұрақпен танысады. Аудиожазбадан мәтінді тыңдау барысында өз сұрағына жауап береді. Өз жауаптарын топта талқылайды. 1.Адам денесінің қанша пайызын су құрайды?
2.Адам өміріне қауіп төнбеу үшін адамның денесінде қанша пайыз су болуы керек?
3.Адам ағзасына тәулігіне қанша литр су қажет?
Дескриптор:_1.сұраққа_жауап_береді._2.жауабын_топта_талқылайды._«Серпілген_сауал»'>Дескриптор:
1.сұраққа жауап береді.
2.жауабын топта талқылайды.
«Серпілген сауал» әдісі бойынша оқушыларға жалпы сұрақтар қойылады.
1. Судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы қандай?
2. Суды табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі деуге бола ма?
3. Судың адам денсаулығына пайдасы?
Дескриптор:
1. жалпы сұраққа жауап береді.
2. мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Кластер» әдісі
Тыңдаған мәтін, таратылған суреттерді негізге ала отырып, судың өмірдегі маңызы туралы кесте толтыру



Қалыптастырушы бағалау:
Оқушылар өздерін «Смайликтер әдісі» арқылы бағалайды, кері байланыс жүргізеді



Оқушылар қабырғада берілген сұрақтарды мұқият оқиды. Аудиожазбадағы мәтінді тыңдайды
Сұрақтарға жауап беріп, ортада бірге талқылайды.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы жалпы сұрақтарға жауаптарын айтады, мәтінде берілген ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырады.

Оқушылар бұл тапсырмада тыңдаған мәтін мен көрген суреттерін негізге ала отырып судың біздің өміріміздегі алатын орны, маңызы туралы кесте толтырады. Жауаптарымен бөліседі.


Оқушылар өзара біріне-бірі «Смайлик» әдісі арқылы баға береді.



6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;
- Мәтін мазмұны негізінде жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді
- Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады
6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру
- Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтайды
- Графиктік мәтін түрінде құрастырады

Жұмыс дәптерлері, оқулық


Кесте



Смайликтер

Сабақтың соңы
5 мин

Кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жапырақ тәріздес қағазға жазып, ағаш суретіне жапсырады.






Оқушылар сабақ соңында бүгінгі сабақ туралы ойларын, не білгендерін, ненің қиын болғандығын параққа жазып, ағашқа жабыстырады.

Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе арқылы оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалайды.
8-10 – өте жақсы;
5-7 – жақсы;
1-4 – талпын.

Ағаш, парақтар


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет