Сабақ тақырыбы: Тағам биотехнологиясы Мектеп: фаәбб «М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» кмм



бет1/10
Дата28.11.2022
өлшемі52.14 Kb.
#465897
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9 класс - 07.02


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы:
Тағам биотехнологиясы

Мектеп: ФАӘББ «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

Уақыты: 07.02.2022ж.

Мұғалімнің аты - жөні: Ердасова Айгүл Кәкімқызы

Сынып: 9 А, Б

Қатысқан оқушылар саны: 15

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
2.Өз бетімен жұмыс жасай алады
3.Өз ойын еркін жеткізе алады.

Сабақтың мақсаты

1.Барлық оқушылар біледі:
Биотехнология туралы айтып, сұрақтарға жауап бере алады.
2.Оқушылардың басым бөлігі:
Биотехнология туралы кластер жазып өз бетімен жұмыс жасай алады.
3.Кейбір оқушылар:
Сабақ соңында сұрақтарға жауап беріп, биотехнология туралы өз ойларын жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: тағам биотехнологиясы, болашақ, ғылым, зерттеулер.
Берілген сөздермен сөйлемдер құру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Биотехнология тақырыбына байланысты сөздерді осы сабақта қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер



Оқыту ресурстары

Басы

1.Амандасу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
3. Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады.

«Қуаныш шеңбері»
Оқушылар шеңбер құрып, сыйлық қорабын бір-біріне беріп жылы тілектер айтады.

Ортасы

1.Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.

2.Түстер арқылы сыныпты 2 командаға бөлу.


3.5-тапсырма. 36 бет. Мәтіңді түсініп оқы. 5 мин.


А)Класстер құрастырып жаз. 3 мин.


Б) Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын kitap.kz сайты арқылы анықта. 5 мин.


4. Грамматика. Шартты б.с. құрмалас сөйлем. Условное сложнопод.предложение


3 мин. Жазбаша. 2 сөйлем құрастыру.

5.6-тапсырма. 36 бет. Берілген кестені толтыр.


6.8-тапсырма. 37 бет. Қымыз туралы ақпарат беріледі. Жарнама дайындау. 5-7 минут


7. «Сандық» әдісі. Сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар арқылы өткен сабақты қайталаймыз.
1.Биотехнология тағаммен байланысты ма?
2.Биотехнология дегеніміз не?
3.Ата-әжелеріміз қандай тағамдарда биотехнологияны пайдаланды?
4.Биотехнологияның көмегімен не алуға болады?

Тағам өнеркәсібі – сүт өнімдерін алуда, көкөкніс консервілеуде, жем-шөп сүрлеуде пайдаланады – фармацевтикада, кондитерлік өндірісте, тері бұйымдарын жасауда, бояу, жуғыш ұнтақ шығаруда пайдаланады. -


Сүт қышқылы - Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің зат алмасуында түзілетін, суда жақсы еритін, түссіз кристалды, маңызды өнім.
Өнім - Егілген дақылдардан алынатын түсім: астық, жеміс, жидек .
Дерт - Ауру, індет, кесел.

  • Молочная кислота-бесцветный кристаллический, важный продукт, образующийся в обмене веществ животных, растений и микроорганизмов, хорошо растворимый в воде.

Урожай-урожайность с посевных культур: зерновых, плодовых, ягодных .
Болезнь-болезнь, эпидемия.
Өткен сабақтың ережесін сұрақтар арқылы тексеру.
Сұрақтары: қайтсе? Не етсе?
-са, -се – жұрнақтары
Мысалы: Ол келсе, біз киноға барамыз.
Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Халық медицинасында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қымызды қазақ халқымен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт халықтарында да емдік мақсатта қолданған. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы тез сіңімді. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеуде айрықша жетістіктерге жетуге көмегі баршылық. Қымыздың осы қасиеттері белгілі болғаннан түрлі емдеу мекемелері оны дәрумен ретінде пайдалуға көшкен.

1. «Бәсеке» деген сөздің орысша аудармасы. Конкуренция


2. ЭКСПО көрмесі ҚР қай жылы өтті? 2017 жылы
3.Қазақстан Республикасы қандай республика? Президенттік
4. ЭКСПО көрменің басты тақырыбы қандай болды? «Болашақ энергиясы»
5. «Бірақ» сөзі жалғаулықтардың қандай түріне жатады?
6.Президентті кім сайлайды?
7.Қазақстан Республикасының Президенті неше жылға сайланады?

Соңы



Рефлексия: «Кәртішке индексі» әдісі арқылы оқушылар қандай қиындықтар болғанын және не білді сол туралы кәртішкеге жазады
Бекіту. «3 минуттық эссе»
Үй жұмысы: Ережені қайталау. 7-тапсырма. 37 бет.

Өзара бағалау
Өзін-өзі бағалау.

Қосымша ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет