Сабақтың тақырыбы: Деректердің типтері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата10.02.2023
өлшемі0.51 Mb.
#469369
түріСабақ
6-сынып кмж 19.doc ашық сабақ


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 6

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Деректердің типтері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



6.3.3.1 деректер түрлерін жіктеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Деректер типі» туралы анықтама береді

Көптеген оқушылар:

Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады

Кейбір оқушылар:

берілген программаның кодын жазады, тексереді.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

«Фонарик әдісі»


Ынтымақтастық орнату және топқа бөлу:

  1. Integer тобы

  2. Float тобы


2.Сабақтың тақырыбыын таныстыру.
3.Cабақ мақсаттарымен таныстыру.
4.Бағалау парақтарын тарату
5.Өткен сабақты қайталау «Бургер әдісі»

ҚБ: / 2 балл/





1.Мұғаліммен амандасады.
Топқа бөлінеді
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Сұрақтарға жауап береді
5.Бағалайды.

Өзін өзі бағалау
2 балл



Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Дерек...................

  2. Тип ........................

( бірнеше оқушы өз ойымен бөліседі)

  • Білім карточкалары әдісі бойынша , жаңа білімді оқушыларға ұсыну.

Дерек- өңделмеген әртүрлі фактілер, цифрлар. Өңдеудің нәтижесінде белгілі бір мағынаға ие болған дерек ақпаратқа жатады. Программалау тілдерінің көмегімен деректерді өңдеу үшін оларды типтерге жіктейді. Сандық ақпарат сандық деректерден құрылады. Мәтіндік ақпарат- символдық және жолдық деректерден құралады. Деректердің жіктелуі оларды компьютерде өңдеу кезінде маңызды рөл атқарады.


Тұрақты, айнымалы және өрнектер қабылдай алатын мәндерді, олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын деректер типі деп атайды.
Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір ғана типпен сипатталады. Деректердің типін білу осы типтегі айнымалылардың қолдану ауқымы (шегі) мен оған қолданылатын амалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар деректер типі ақпаратты қалай түсіну керектігін көрсетеді.
Деректер типі.
Python-да қолданылатын деректер бүтін сан, нақты сан, жолдық және логикалық типтердің біріне жатады.
Оқулық § 3.3, 83-бет, 1-кесте.

Айнымалылардың типі.


Программалау барысында деректерді және олармен амалдар орындалғаннан кейінгі нәтижелерді айнымалыларда сақтайды. Айнымалылардың атауы мен типі болады. Тип айнымалының қабылдайтын мәнін, осы айнымалымен жасалатын әрекетті және оны сақтауға қажет жадты анықтайды. Python-да қолданылып жатқан айнымалының қай типке жататынын type () функиясымен анықтауға болады.

1-тапсырма. Жеке жұмыс


Оқулық § 3.3, 84-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы

Дескриптор:


- Python программаны іске қосады;
- Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады;
-берілген секундтарды сағатпен, минут және секундпен өрнектейтін программа құрады.

Қб: / 3балл/


2-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Ұзындық L миллиметрде берілген. Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жаз.

- Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жазады.


ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


3-тапсырма. Топтық жұмыс.


«Сұрақтар кемесі» сұрақтарға жауап береді
Дескриптор:
- айнымалыларды қолдану алгоритмнің қандай қасиетімен байланысты екенін түсіндіреді.
ҚБ: /3 балл/

Мұғалімді тыңдайды

Анықтамасын дәптерге жазады


Анықтамасын дәптерге жазады.

1-тапсырманы орындайды


2- тапсырманы орындайды


3-тапсырманы орындайды


4-тапсырманы орындайды


Жұлдыз
2 балл


Жұлдыз
2 балл
Жұлдыз
2 балл

Жұлыдз
2 балл


Жұлдыз
2 балл



Презентация

Жұмыс дәптері


Еарточка



Карточка

Сабақтың соңы

  • «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі бойынша сабақтың басында берілген екі термин бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болды деп ойлайсыз?

1.Топ басшысы бағалау парақтарын жинап бағасын қояды
2.Кері байланыс: «Ақылды үкі»


Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

§ 3.3, 85-бет, 1-тапсырма*









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет