«Есірткіге –жол жоқ!»
Сабақтың тақырыбы: «Есірткіге –жол жоқ!»
Сабақ мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, интернет желісі түрлі түсті суреттер
Барысы:
Тәрбиеші:Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығы -ның мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Адам тағдырына балта шабатын осы зиянды заттардан сақ болу мақсатында өз ойларыңызды қағаз бетіне түсіріп берсеңіздер...
Әдемі музыка ырғағымен «суреттер сөйлейді» айдарына келіп жеттік.
Олай болса, осы тақырып бойынша өз ойымызды ақ қағазға түсіріп көрейік.
Қазақпын мен жетті жұтты өткерген,
Аман - есен өтіп келген өткелден.
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
Обасы ол ХХІ ғасырдың
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың - миллиондап жеп келеді жегіқұрт,
Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.
Солардың бірі – сол құрдымға бастаған,
Маскүнемдік, нашақорлық теңеу барма басқа оған.
Еркін күрес бөлімі :
Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.
Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.
Тәрбиеші:
Есірткінің негізгі түрлеріне: апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды. алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады. Есірткінің 25 пайызы Ауған елінен келеді екен. Есірткі өлім тамшысы. Нашақорлық пен темекі аздырар адам баласын.
3 желтоқсан әлемдік СПИД пен күрес күні болып жарияланған. Есірткіге көбінесе 16 - 25 жас аралығындағы боз бала мен бой жеткендер ұшырасады. Спид - тің жұғу жолдары. Ауыру адамнан сау адамға қан құйғанда, пайдаланған шприцті қолданғанда жұғады.
Темекінің адам ағзасына кері әсерін тигізетін 4 ережесі
1. ашуланшақ, зейіні, есте сақтау қабілеті төмендейді.
2. Никотин, шайыр, күйе миға барып жабысады да ұйқы жүйесі бұзылады.
3. жүрек, қан айналымын, асқазан, өкпе мүшелерін зақымданады.
4, қызық көрушілік пен еліктеушіліктен пайда болады. Дені сау ұрпақ болу үшін:
1 Спортпен айналысу керек
2. Салауатты өмір салтын ұстану
3. Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
4. Жеке бас тазалығын сақтау
5. Өзін-өзін сыйлау таза ауада болу
Қорытынды:
Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді де өмір сүруі үшін
денсаулықтың әсері ұшан - теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарыңда дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап қамқор жасаңдар. Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын.
Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі сияқты зиянды заттарға әуес болмайық. ХХІ ғасырдың азаматтары ғаламдық дертке жол бермейік. Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда. Біздің болашақ өміріміздің жалғасы, тірегі сендерсіңдер! Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты еңбекқор адал ұлдары мен қыздары болып өсіңдер!
Оқушылар салған суреттерде, біздің спортшы-оқушылардың жаман әдетке мүлдем қарсы екені анық көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |