6 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім:
|
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Жеңісбекова Жанар Жәнібекқызы
|
Күні:
|
27.10.2022ж
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ғаламтор және мен
|
Сабақтың мақсаты
|
Ғаламтор, ғаламтордағы қауіпсіздік ережелерімен танысады. Нақты сұрақтарға жауап табу үшін ғаламторды қолдануды, желіде ақпарат алмасу жолдарын түсінеді.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Шаттық шеңбері. Өзінің жаман қасиетін сатып, жақсы қасиетін сатып алады.
Сынып оқушылары Ютуб, Гугл, Яндекс аттары арқылы үш топқа бөлінеді.
1-топ.YouTube
2-топ. Google
3-топ. Yandex
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
«Ғаламтордың
адам ағзасына
зияны» туралы
аудиожазба
Тақырыптық суреттер
|
Жаңа сабақ
|
«Ойлан,жұптас,бөліс»-мәтінмен жұмыс
1-тапсырма. Мәтінді аудиожазбадан тыңдайды.Жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді және алған жауаптарын шынайы өмірмен байланыстырады.
Жалпы сұрақтар:
1.Ғаламтор терминін қалай түсінесіңдер?
2.Қандай әлеуметтік желілерді білесіңдер?
«Жеті жапырақ » әдісі бойынша сұралады.Әр дұрыс жауапқа бір жапырақтан беріледі.Жеңімпаз болып барлық жеті жапырақты алған саналады.
ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды
«Сөйлемді аяқта» әдісі
Сөйлемнің соңы қалай аяқталатынын болжа: 1. Көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба - ......(Уикипедия) 2. Смартфондарға арналған хабарлама (мәтін, аудио, видео, фото және анимациялық бейнелер) жолдаушы - ..... (WhatsApp)
3. Көбінесе орыс тілді ғаламторда танымал ресейлік көптілді халықаралық сайт, әлеуметтік желі - ....(Вконтакте). Егер жауабыңыз Уикипедия болса, онда «Компьютер» тобы, жауабыңыз Вконтакте болса, онда «Ноутбук» тобы, жауабыңыз WhatsApp болса, онда «Ұялы телефон» тобында боласыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |