6-бөлім. Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордағы танымал сайттар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану
«Сұрақ-жауап» әдісі
Ғаламторда қандай танымал сайттар бар?
Әлеуметтік желі деген не?
Ғаламтордың адамзат өміріндегі алатын орны қандай?
«Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі
1-тапсырма
ЖЖ. Тыңдалым кезіндегі тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беріңіз, жауаптарды жұпта талқылаңыз.
Бейнероликті көреді
Талқылау сұрақтары:
• Ғаламтордың адамзатқа ықпалы қандай?
• Қазіргі кезде адамдар неліктен аз сөйлейді?
• Ғаламторды қалай пайдаланған жөн?
Дескриптор. Жалпы – 2 балл
- видеороликті мұқият тыңдайды.
- сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма. Оқулық 143-беттегі 4-тапсырмада берілген сөйлемдерге сәйкес қалып етістіктерін қойып, жіктік жалғауын дұрыс жалғаңдар.
Мысалы. Балалар ғаламторды ақтарып отыр. (жіктік жалғауының ІІІ жағы, көпше түрі.)
Дескриптор. Жалпы – 2 балл
- қалыпты етістіктерді біледі;
- сөйлеемдерге жіктік жалғауын дұрыс жалғайды.
3-тапсырма. Оқулық 147-беттегі 4-тапсырмада берілген тірек сөздерді қолдана отырып, ауыспалы осы шақта тұрған сөйлемдер құрап жазыңдар.
Мысалы, Ғаламтор адам санасына кері әсер етеді.
Дескриптор. Жалпы – 2 балл
- тірек сөздерді қолданып сөйлем құрайды;
- ауыспалы осы шақта тұрған сөйлемдер құрап жазады.
4-тапсырма. Тест сұрақтары
1. Қазақ тілінде етістіктің неше шағы бар?
А) 2.
В) 3.
С) 4.
Д) 5.
Е) 6.
2. Жалаң нақ осы шақты табыңыз..
А) Отыр, жатыр, тұр.
В) Отырды.
С) Жүр, тұр.
Д) Отыр, жатыр, жүр, тұр.
Е) Жатыр, тұр, жүр.
3. Күрделі нақ осы шақ етістігін табыңыз.
А) Келіпсің.
В) Тыңдап отыр.
С) Шыдамайды.
Д) Келген жоқ.
Е) Ұнамай қалды.
4. Ауыспалы осы шақтың жұрнағын белгілеңіз.
А) –ып, -іп, -п.
В) -ып,- іп,-а, -е.
С) –а, -е, -й.
Д) –а, -е, -й, -п.
Е) –ыр, -ір, -р
Дескриптор. Жалпы – 4 балл
- тірек сөздерді қолданып сөйлем құрайды;
ауыспалы осы шақта тұрған сөйлемдер құрап жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |