Сәлемдесу, түгендеу сыныпта психологиялық ахуал тудыру. Эндо, экзо және аралас сөздерін айту арқылы 3 топқа бөлу
Ширату жаттығуы «Қалып кеткен» сөздер . Нәруыздар -............, (биополимер). Нәруыздың физиологиялық үдерістерінің реттегіші - ........(гормондар). Организм тіршілігінде макро элементтер мен ............... элементтердің маңызы зор.
Ой қозғау: Әлемдегі ең бойы ұзын адам Сұлтан Қожа оның бойы 251 см, ал ең бойы қысқа адам Чандра Бахадур Данги оның бойы 54,6 см Гиннес кітабына енген. Сендердің ойларыңша неге бұл екі азаматтың бойында айырмашылық бар? (оқушылардың назарын шоғырландыру)