Сабақтың тақырыбы: «Хабар» Қазақстандағы басты телеарналардың бірі Ырықсыз етіс



Дата15.06.2016
өлшемі58.87 Kb.
#136533
түріСабақ
Күні: 17-18-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Хабар» Қазақстандағы басты телеарналардың бірі.. Ырықсыз етіс.

1. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз.

1

Кеше үйде болдыңыз ба?

(қонақ) Жоқ, мен қонақта болдым.

2

Бүгін дүйсенбі ме?

(жұма)

3

Ініңіз қаладан қашан келеді?

(ертең)

4

Мынау кімнің баласы?

(іні)

5

Сенің анаң қайда?

(кеңсе)

6

Оның кім болғысы келеді?

(ұшқыш)

7

Бұл кімнің пәтері?

(сіңлі)

8

Ертең театрға барасың ба?

(жұмыс)

ІІ.Жаңа сабақ.

Етіс іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын білдіреді. Етістер мағынасы мен қызметіне қарай өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс деп төртке бөлінеді.

Ырықсыз етіс – қимыл, әрекет иесі белгісіз болатын етістіктің түрі. Әрекетті кімнің істегенін емес, әрекеттің нәтижесін көрсетеді. Яғни қимыл иесі өзі қимыл-әрекет істемейді, ол басқа біреудің қимыл-әрекетінің обьектісі болады.

Жұрнақтары: -ыл, -іл, -л

Мысалы: жауап берілді.

Етістік негізінде л дыбысы болса –ын, -ін, -н

Мысалы: үй салынды.

Жазылым

2. - ыл/ -іл қосымшаларын жалғаңыз.

1.Алматы көшелері (тазала) тазаланды.

2.Университетте жаңа үйірмелер (аш) ...........................

3.Тиісті шаралар тез (қолдан) ..................................

4. Жазда жеңіл көліктер көп мөлшерде (сат) ..........................

3. Тиісті сөздерді қойыңыз.

1.Менің киімдерім қымбат сауда орнынан ....................... / алынған,алыну

2.Сенің киімің немен..............................? /жуған, жуылған

3.Мына бөлме жақсы............................/тазалану, тазаланған

4.Алма екіге............................../бөлінген, жөнделген

5. Сенің үйің жақсы................................./салынған, салуынған

6. Оқушылар тапсырманы өте жақсы ................................../түсінген, түсін

7.Бұл тон барлық адамға ............................................/көрсетілді, көрсету



4. Сұрақты жауабымен сәйкестендіріңіз.

1

Алма сатып алынды ма?

Қазір айтылады.

2

Сурет салынды ма?

Иә, апа, жуылды.

3

Жаңалықтар айтылды ма?

Иә, жаңа жаздым.

4

Ағаңның шалбары тазаланды ма?

Дүйсенбіде көрсетіледі.

5

Жемістер жуылды ма, Айнұр?

Кеше сатып алынған.

6

Сенің үй тапсырмаң тексерілген бе?

Мұғалімім әке-шешеме телефонмен айтты.

7

Сіздің ата-анаңыз айтылды ма?

Бөлім басшысы бөлінді деді.

8

Қаражат жеткілікті бөлінді ме?

Ертең әпкем салады.

9

Тапсырма жазылған ба?

Жоқ, әкем тексеріп берем деді.

10

Бұл фильм теледидардан көрсетілген бе?

Қазір жуып беремін.

5. «Ой сергіту тапсырмасы». Берілген терминдерді сала-салаға топтастырыңыз.

Терминдер: қаулы, ғимрарат, жалақы, өмірбаян, ақша, табыс, жүйке, түйіндеме, жарақат, темірбетон, ісік, көшірме, құбыр, құйматас.



Медицина саласы:

Құрылыс саласы:

Іс жүргізу саласы:

Қаржы саласы:

Оқылым

6. 4-мәтін («Тіл құрал» В1, 146 бет)

7.Мәтінді аудару.

8. Мәтін бойынша тест тапсырмалары. («Тіл құрал» В1, 146 бет)

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз:

А) Мәтінде Медеу мұзайдынының келбеті суреттеледі.

В) Мәтінде дәстүрлі қазақ әндері туралы баяндалады.

С) Мәтінде халықаралық фестиваль туралы ақпарат беріледі.

Д) Мәтінде «Азия дауысы» фестивальінің демеушілері туралы ақпарат берілген.

2.Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Өнер байқаулары

В) Республикадағы мерекелер

С) «Алтын домбыра» жүлдесі

Д) Халықаралық фестивальдер тарихы

3.Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны табыңыз.

А) «Азия дауысы» - қазақ әншілерінің байқауы

В) «Азия дауысы» сайысы – халықаралық байқау.

С) «Азия дауысы» фестивальі – қазақ әндерінің байқауы.

Д) «Азия дауысы» фестивальі – Медеу мұзайдынында өтетін байқау.

4.Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты көрсетіңіз.

А) «Азия дауысы» - өнер мерекесі

В) «Азия дауысы» - өнерсүйер елдің мақтанышы

С) «Азия даусына» Өзбекстаннан келген «Карс» тобы қатысты.

Д) «Алтын домбыра» жүлдесінің алғашқы жеңімпазы – М.Жүнісова

5.Мәтіннің бірінші азатжолына тақырыпша таңдаңыз.

А) қазақ сахнасы

В) Қазақстандық әншілер

С) Елімізде өткен ән байқаулары

Д) Фестиваль - өнер мен достықтың мерекесі

Тыңдалым №5

9.Тыңдаңыз. Әр тақырып бойынша 2 сөйлем жазыңыз.

А. Адамдардың жеке өмірі туралы:

1. ..............................................................................................................

2................................................................................................................

Ә. Баспасөз құралдарын керек ететін жұлдыздар:

1. ..............................................................................................................

2................................................................................................................

Б.Тек атақты адамдар, жұлдыздар туралы жазатын газет-журналдар:

1. ..............................................................................................................

2................................................................................................................



Сөйлесім

10.Олар туралы не білесіз? («Қазақ тілі» В1, 42 бет)

Жазылым

11.Үлгі бойынша сөйлемдерді өзгертіңіз.

1

Достар тілек айтты.

Тілек айтылды.

2

Кадрлар бөлімі есеп тапсырды.




3

Қайрат айтыскер ақыннан сұхбат алды.




4

Кешкі жаңалықтарды көрсетті.




5

Жетекші тапсырма берді.




12.Мағынасы жағынан қажетті сөзді қойыңыз.

  1. Әйгерім боянды (боялды, боянды).

  2. Балалар ................................(жуынды, жуысты).

  3. Ол сабағынан...........................(сұранды, өтінді).

  4. Алыстан тау........................(көрінді/қаралды).

  5. Асқар түні бойы .............................(ойлады/ойланды).

  6. Әжем балаларымен, немерелерімен ...................(мақтанды/мақтады)

13. Бірігіп жазылатын сөздерді сызықша арқылы біріктіріңіз.

ЖӘРДЕМ ҚАШАН

ӘУЕ БІРЕУ

ӘР АҚЫ


ӘЛДЕ ЖАЙ

ӘР НЕ


ЕҢБЕК КІМ

Қорытынды.

14. Ырықсыз етісті тауып, сөйлемді аударыңыз.

Бұл мәселе жиналыста шешілді. Төрағаға көптеген сұрақтар қойылды. Оған түсінікті жауаптар берілді. Жиналыс ойдағыдай өткізілді. Балаларға көмек көрсетілді. Қорытынды жасалды.


Үйге тапсырма: Берілген 5 тірек сөзді қатыстыра отырып, шағын мәтін құраңыз.

Көзкөрген, баспа, келіссөз, көзқарас, қозғаушы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет