«Бекітемін»
______________ ______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Химиялық қаруды қолдану қағидалары.
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға химиялық қаруды қолдану қағидаларын үйрету.
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
-
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
-
Химиялық қару дегеніміз не?
-
Химиялық қарудың ұрыстық қасиеттері туралы айтыңдар.
-
Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен қалай бөлінеді?
-
Ұрыстық улағыш химиялық заттардың (ҰУХЗ) ұрыстық түрлері туралы айтыңдар.
-
Химиялық қаруды қолдану тарихы туралы айтыңдар.
Б) Негізгі бөлім – 22 мин.
Химиялық қару. Химиялық қаруды қолдану қағидалары.
Шетел армиясының әскери мамандарының көзқарасы бойынша химиялық қарудың неғұрлым басты қағидаларына шабуылдың тұтқиылдығы мен химиялық соққының жаппай қолданылуы жатады.
Тұтқиылдыққа жетудің басты шарттарына мыналар жатады: басшылықтың химиялық қаруды қолдану туралы ойын құпияда ұстау; оны қолдануға дайындықтың жасырын жүргізілуі; оперативті бүркемелеу, қарсыласқа жалған ақпар беру шараларын жүзеге асыру; химиялық қару қолдануға дайындық мерзімін қысқарту, қарсылас күтпейтін және қорғанысқа дайын емес кезінде химиялық соққы беру үшін уақытты таңдау.
Химиялық соққылардың бүркемеленуі дегеніміз – басты бағыттарда мейлінше маңызды аудандар мен объектілерге химиялық соққы беру үшін күш-құралдардың көп бөлігін шоғырландыру және оны ұрыс қимылдарының барысына елеулі ықпал ететін нәтижелерге жету мақсатында ұрыстың шешуші кезінде қолдану.
Шетел армиясындағы әскери мамандардың пікірі бойынша химиялық қаруды мақсатына сай жеткізудің мынандай тәсілдері болуы мүмкін:
-
атыс шабуылы және артиллерия мен минаатардың әдістемелік әдісі;
-
реактивті артиллерия дүркіні;
-
«Жер-Жер» және «Әуе-Жер» класындағы ракеталардың дербес және топтық жіберілуі;
-
авиациямен химиялық бомбалар және бомбалық кассеттерді топтық қолдану;
-
ұшу аппараттардың кассеталық қондырғылардан аз габаритті бомбалармен ату;
-
авиациялық суғару аспаптарынан фитотоксиканттар және УЗ-мен суғару;
-
авиациялық ыдырату аспаптарынан токсиндер және УЗ-ды ыдырату;
-
химиялық фугастар өрісін жару;
-
аэрозольді генераторлар көмегімен УЗ-ды шығару;
-
гранаттарды және патрондарды гранататқыш көмегімен немесе қолмен лақтыру.
НАТО құрамындағы мемлекеттер армиясында химиялық қаруды мақсатына сай жеткізу тәсілдері келесі төрт тапсырма топтарының шешімін қарастырады:
-
тірі күшті зақымдау;
-
адамдардың зорығуы;
-
қарсыластың маневр жасауы мен ұрыс әрекеті түрлерін қиындату мақсатында жергілікті жер мен түрлі объектілерді улағыш заттармен зақымдау;
-
тыл жұмыстарын тарату.
Аталған міндеттердің дамуы жоғары токсинді УЗ мен токсиндердің, жаңа типті оқ-дәрілердің пайда болуына және қару-жарақ тиімділігі мен сапасы деңгейінің өсуіне байланысты жаңа сапаға ие болды.
Тірі күштің химиялық қарумен зақымдануы қарсыластың ұрыстық мүмкіндіктерін төмендету немесе қызметін тоқтату мақсатында оны қатардан тікелей шығаруды білдіреді.
Адамдардың зорығуы – бұл қарсыластың тірі күшін қорғану құралдары және бойтасамен ұзақ уақыт пайдалануға мәжбүр ету және оның улағыш заттармен зақымдануы.
Жергілікті жер учаскелерінің УЗ-мен зақымдануы қарсылас әскерлерінің онда әрекет жасауына және қару-жарақ пен әскери техниканы қауіпсіз пайдалануға қиыншылық тудырды.
Тыл жұмыстарын таратудың мақсаты - әскерлердің оқ-дәрілермен, тамақ өнімдері және басқа материалдық құралдармен жабдықтау жүйесін қиындату; қарсылас әскерлерінің бекітілген өміршеңдігін бұзу.
Әскерлердің бүркемелену және қорғану жағдайын бағалау кезінде қорғаныштықтың үш дәрежесі болады – жоғары, орташа және әлсіз, олар келесі сапалы белгілермен сипатталады:
Жоғары – жеке құрам қорғану құралдарын пайдалануға жақсы үйретілген; жеке құрамның едәуір бөлігін бүркемелеу үшін паналар жабдықталған; газтұмылдырықтың алдыңғы жағының түзулігі мен қорғану құралдардың жағдайы жүйелі бақыланады; жеке құрамның жай-күйі жақсы;
Орташа - жеке құрам қорғану құралдарын пайдалануға қанағаттанарлық дайындықта; оның едәуір бөлігі қайта жабылған траншеяларда орналасқан; газтұмылдырықтың алдыңғы жағының түзулігі және қорғану құралдарының жағдайын бақылау екі-үш тәулікте бір өткізіледі; жеке құрамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық;
Әлсіз - жеке құрамның қорғану құралдарын пайдалану дайындығы төмен; газтұмылдырық алдыңғы жағының түзулігі мен қорғану құралдарының жөндемділігін бақылау бірнеше тәуліктік өткізілмеді; жеке құрамның орналасуы – ашық жерде немесе ашық траншеяларда; жеке құрамның қатты шаршағаны білінеді.
В) Қорытынды бөлім – 11 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Тұтқиылдыққа жетудің шарттары қандай?
-
Химиялық соққылардың бүркемеленуі дегеніміз не?
-
Химиялық қаруды мақсатына сай жеткізудің қандай тәсілдері бар?
-
Қорғаныштықтың қанша дәрежесін білесіңдер және олар қандай сапалы белгілермен сипатталады?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Достарыңызбен бөлісу: |